Есімшенің түрленуі. Есімшенің тәуелденуі
Сабақтың тақырыбы: Есімшенің түрленуі. Есімшенің тәуелденуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: есімшенің түрлену ерекшелігі, тәуелденуі туралы білім қалыптастыру, бұрынғы алған білім, білік, дағдыларын дамыту, тереңдету.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, парасаттылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту, есімшенің түрленуін ажырата білу машықтарын қалыптастыру
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
ІІІ. Жаңа сабақ
Есімше екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі.ол:
- Жіктеліп, етістік қызметін атқарады.
- Есімдерше түрленіп (септеліп, көптеліп, тәуелденіп), есім қызметін атқарады. Сондықтан да есімше деп аталады.
Есімшенің жұрнақтары:
-ған, -ген, -қан, -кен
— ар, -ер, -р, -с
-мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек
-атын, -етін, -йтын, -йтін
Есімшенің тәуелденуі:
Оңаша Ортақ
І. Менің айтқаным І. Біздің айтқанымыз
ІІ. Сенің айтқаның ІІ. Сендердің айтқандарың
Сіздің айтқаныңыз Сіздердің айтқандарыңыз
ІІІ. Оның айтқаны ІІІ. Олардың айтқандары
Ү. Жаңа сабақты бекіту
183-жаттығу
- Сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау
- Қарамен жазылған сөздерді тұлғасына қарай талдау
184-жаттығу
Тәуелденген есімшелерді қатыстырып, сөйлем құрастыру
Тапсырма
Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасап, есімшелерді табу, түрленуіне назар аудару
Айтқаның Серікбай ғой. Игілік шеткі аттың неден үріккенін де көрді. Жүгіре бере өкшесінен су кіргенін сезді. Бар үй ішінің тосатыны Иіс, соның бай үйінен қайтқанын болымсыз үмітпен күтеді. Бірақ өзінің де жатып-тұрғанын сезген жоқ.
Өзіндік жұмыс
Берілген етістіктерден есімше жасап, тәуелдеп, сөйлемдер құрау
Әндет, күл, шымырла, жайна, бөлен, тара, елті, құмарт, жарқылда, сайра
ҮІ. Қорытынды.
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Оқу
- 6 сөйлем жазу, талдау