Көсемшенің түрленуі
Сабақтың тақырыбы: Көсемшенің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің ерекше түрі көсемшенің түрленуі жайлы түсінік беру, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы тапқырлыққа, адалдыққа, ақарапайымдылыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту, дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың типі: Аралас сабақ
САабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, ауызша тіл дамыту
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 195-196 жаттығулар берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
Өткен сабақты пысықтауға арналған сұрақ-тапсырмалар арқылы қорытындылаймын.
ІҮ. Жаңа сабақ
Көсемше де екі түрлі қызметте жұмасалады:
- Тікелей жіктеліп ( барып-пын) немесе күрделі етістіктің негізгі етістік сыңары (ажырата алмайды) болып, нақты қимылды білдіріп, етістік қызметінде қолданылады.
- Қимылдың амалын білдіріп, үстеу қызметінде жұмсалады.
айтқалы отыр
Бай мен жалшы дауласып, Бәйдібек биге барыпты.
Тамақ беріп әлдендірдім, ескімді беріп киіндірдім.
Көсемше жұрнақтары:
-а, -е, -й жіктеледі
-ып, -іп, -п
-ғалы, -гелі, -қалы, -келі жіктелмейді
Ү. Жаңа сабақты бекіту
197-жаттығу Ауызша
Берілген көсемшелерді жіктеу
198-жаттығу
- Мәтінді мәнерлеп оқу
- Үлгі бойынша талдау жасау
Жоғалып кетіпті – жоғал – нег. ет., -ып – көс.ж., кет –көм.ет., -іп –көс.ж., — ті – ж.ж.ІІІж.
199-жаттығу
Көсемшелерді байланысқан сөздерімен теріп жазып, тұлғалық талдау жасау, жағын ажырату
Қожанасыр бар-ып-ты, табаққа сал-ып, қасық қой-ып-ты.
200-жаттығу
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
201-жаттығу
Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
202-жаттығу
Мәтіннен есімше және көсемше формалы етістіктерді баған түрінде теріп жазу