Кенен Әзірбаев (диктант)
Сабақтың тақырыбы: Кенен Әзірбаев (диктант)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің шақтары, райлары жөнінде алған білімдерін тексеру, жазу сауаттылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Мәтін мазмұыны арқылы өнерді құрметтеуге, тарихты қастерлей білуге, әсемдікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы жазу сауаттылықтарын, ойын, тілін дамыту
Сабақтың типі: Білім сынау сабағы
Сабақтың түрі: Диктант
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Диктант жазуға дайындық
ІІІ. Диктант жаздыру
Кенен Әзірбаев
Өздеріңе таныс «Бозторғай» әнін Кенен 11 жасында шығарған. Шешесінен 7 жасында жетім қалған. Жалшылықта жүріп, аспандағы бозторғайға осылайша мұңын шаққан еді. Бірде бала қойшы көрші ауылда той болып жатқанын естіді. Жайып жүрген қойын досына тапсырады да, Көкшолағымен тойға кетіп бара жатқандарға қосылады. Жол-жөнекей Шәлипа деген қызбен айтысады. Байдың қызы оны менсінбейді. Осы жолы Кенен «Көкшолақ» әнін шығарады.
Осыдан бастап ол «бала ақын» аталып, жиын-тойларда өнерімен көзге түседі. Сүйінбай, Бөлтірік, Сарбас сияқты арқалы ақындардың шығармаларынан, өздерінен өнеге алады. Оның мектебі де, университеті де өмірдің өзі, халық ауыз әдебиеті болады.
Кенен Әзірбаев – ең алдымен әнші, ақын, халық сазгері. Оның әндері халық арасына кең тараған. Кенен –айтыс ақыны. Он алты жасынан-ақ белгілі ақындармен айтысқа түскен.
(120 сөз)
Тапсырма:
Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау:
1-топ:
Өздеріңе таныс «Бозторғай» әнін Кенен 11 жасында шығарған.
2-топ:
Бірде бала қойшы көрші ауылда той болып жатқанын естіді.
ІҮ. Қорытынды
Ү. Үйге тапсырма:
Өткенді қайталау