Тұйық етістіктің түрленуі
Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістіктің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тұйық етістіктің түрлені жайлы білім қалыптастыру, тұйық етістіктің жазылу емлесін меңгерту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ауызбіршілікке, татулыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту
Сабақтың типі: Аралас сабақ
САабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 206-жаттығу бойынша адам бейнелері берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасауға және пысықтауға арналған сұрақтармен жұмыс жасап келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атын ғана білдіреді, бірақ етістіктерше жақтық, шақтық мағына бермейді.
Түбір + у Көбіне заттық мағынаға ие болады.
Тұйық етістік зат есім сияқты түрленеді. Тұйық етістік тіелей септеледі, тәуелденеді, бірақ жіктелмейді.
Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса, одан кейі тәуедік жалғауы жалғанады.
Емлесі:
- Сөз дауыссызға бітсе, у дауысты
Дауыстыға біте, у дауыссыз болып жалғанады.
- ы, і + у у
- п, к, қ + у п б
к г
қ ғ
Ү. Жаңа сабақты бекіту
Тапсырма Ойланыңыз да айтыңыз.
- У дыбысына аяқталған сөздердің бәрі тұйық етістік бол бере ме?
- Жұмбақтың шешуін тап.
- Жаю, тыю, сүю деген сөздер қай сөз табына жатады?
207-жатттығу
- «Құмырсқалар өркениеті» тақырыбындағы мәтінді мәнерлеп оқу
- Абзац бойынша оқушыларға мазмұндату
- Өзіндік жұмыс
1-нұсқа: у тұйық етістік болатын сөздерді
2-нұсқа: у зат есім болатын сөздерді теріп жазу
- 1-3 азат жолдарға морфологиялқ талдау жасау
- 7-азат жолға синтаксистік талдау жасау
Шығармашылық жұмыс
«Адамдарға сөзіңмен ұнау үшін не істеу керек?» деген сұрақ төңірегінде ойланып, эссе жазу
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
Көркем әдебиеттен тұйық етістікті сөйлемдер жазып, тұйық етістікті сөздің қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын анықтау