Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің сөйлемдегі қызметі жайлы алған білімдерін нығайту, етістік тарауы бойынша өткенді қайталау
Тәрбиелік: Оқушыларды парасаттылыққа, байыптылыққа, білуге алға ұмтылуға тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойын дамыту
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, талдау, ауызша тіл дамыту, шығармашылық жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 212-жаттығудың 1-бөліміне синтаксистік талдау жасап келуге берілген болатын.
Үй тапсырмасын тексеремін.
Қосымша сұрақ-тапсырмалармен жұмыс.
ІІІ. Өткен тақырыптарды қайталауға арналған жаттығу жұмыстары
212-жаттығу
- Мәнерлеп оқу
- Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
213-жаттығу
- Мәнерлеп оқу
- Тақырып қою
- Ауызша ой, тіл дамыту
Тілдің пайдасы мен зияны туралы білетіндерін сұрау
- Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау
214-жаттығу
- Мәнерлеп оқу
- Етістіктерді тауып, толық талдау жасау
еді – көм. ет., ж.ө.ш., а.р.
шыққам – нег.ет., есімше, І ж.ж.ж., б.ө.ш.,
- Мәтінге сүйене отырып, Аянға мінездеме жазу
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма:
215-жаттығу Үлгі бойынша талдау жасап келу