Морфология тарауынан өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Морфология тарауынан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Морфология тарауынан сөз таптарының сөйлемдегі қызметі туралы алған білімдерін қайталау, бекіту
Тәрбиелік: Оқушыларды парасаттылыққа, байыптылыққа, білуге алға ұмтылуға тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойын дамыту
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, талдау, ауызша тіл дамыту, шығармашылық жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 215-жаттығу бойынша үлгіге сүйене отырып, талдау жасап келуге берілген болатын.
Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен тақырыптарды қайталауға арналған жаттығу жұмыстары
216-жаттығу
- «Ақсүйек» мәтінін мәнерлеп оқу
- Мәтін мазмұнына талдау жасау, мағынасын таратып айту
- Мәнінен есімше және көсемше тұлғалы етістіктерді тауып, мағынасы мен қызметін ауызша түсіндіру
217-жаттығу
- Мәтінді мәнерлеп оқу
- Ойынға ат қою
- Етістіктерді теріп жазып, шағын ажырату
218-жаттығу
- Мәтінді мәнерлеп оқу
- Өзіндік жұмыс
Мәтіннен әр топ өздеріне берілген сөз таптарын теріп жазу
Зат есім:
Сын есім:
Сан есім:
Есімдік:
Етістік:
Үстеу:
219-жаттығу
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма:
Сынақ-тапсырма бойынша жұмыс
«Достықта не жақсы, не жаман» деген сұрақ төңірегінде 10 ереже түзіп шығу