Сөз тіркесі, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер

Сабақтың тақырыбы:                  Сөз тіркесі, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Сөз тіркесі туралы алған білімдерін тереңдете отырып, оларды күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерден ажырата білуге, сөйлемдерден тауып, талдай білуге үйрету

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, пайымдылыққа, қазақ музыка өнерін құрмет тұтуға, әсемдікке тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту, дүниетанымын кеңейту

Сабақтың типі:                              Пысықтау сабағы

Сабақтың түрі:                               Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері:             Сұрақ-жауап, сөйлемдерді сөз тіркестеріне талдау, өзіндік жұмыс,

 

 

Сабақтың барысы:           

І. Ұйымдастыру  кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

 

Үйге сөз тіркесі, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер деген тақырыпты қайталап оқып келуге және тұрақты тіркестері мен күрделі сөздері бар сөйлемдер жазып келуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын тексеремін.

 

Қосымша сұрақтар:

  • Сөз тіркесі дегеніміз не
  • Сөз тіркесінің күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерден айырмашылығы неде?
  • Күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерді бір-бірінен қалай ажыратамыз. Мысалдар арықылы дәлелдеңдер.

 

ІІІ. Өткен сабақты пысықтауға арналған жаттығу жұмыстары:

 

234-жаттығу 

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Мазмұнына талдау жасау
  3. Сөйлемдердегі сөз тіркестерін тауып, түріне ажырату

 

Салған жерден түсінсе – етістікті

Абай түсінсе – етістікті….

 

235-жаттығу              Ауызша

  1. Мәнерлеп оқып шығу
  2. Мазмұнына талдау жасау

Көкбай туралы мағлұмат

  1. Сөз тіркестерін анықтап

 

 

Терме диктанты

1-қатар   —       сөз тіркесі

2-қатар   —       күрделі сөз

3-қатар   —       тұрақты тіркестерді теріп жазу

Қонақасы, қонақүй, мүшелтой, қабілетті бала, жүрегі алып ұшу, зығырданы қайнау,  пікірталас, жаман-жәутік, құлаққа ұрған танадай, аппақ, құдық қазу, әңгір таяқ орнату,  талапкерлер сөйледі, демалысқа кету, тілашар, қаннен-қаперсіз, көңіліне қона қоймау.

Сөз тіркесі: қабілетті бала, құдық қазу, талапкерлер сөйледі, демалысқа кету,

 

Тұрақты тіркестер: жүрегі алып ұшу, зығырданы қайнау,  құлаққа ұрған танадай, әңгір таяқ орнату,  көңіліне қона қоймау.

 

Күрделі сөздер: Қонақасы, қонақүй, мүшелтой, пікірталас, жаман-жәутік, аппақ, тілашар, қаннен-қаперсіз

 

233-жаттығу                        Шығармашылық жұмыс

 

Өздерініңіз бірнеше күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерді тауып жазып, солармен сөз тіркестерін құраңыздар. Сөйлем етіп жазыңдар

 

235-жаттығу

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Мазмұнын таратып айту
  3. Тапсырма бойынша жұмыс

 

 

ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма:                       236-жаттығу