Орында жол тәртібін
Орында жол тәртібін
1 «А»сынып мұғалімі: Ғ.Қ. Ақмолдина Ғ Қ
Мақсаты:
-Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу,көше қатынас ережелерін меңгеру.
— Сұрақтар қою,жұмбақ,өлең айту, ойын арқылы ойларын дамыту.
-Жолда жүру ережесін білуге,есте сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап.
Көрнекілік:Тоқта!Сақтан!Жол ашық! Газет, бағдаршам макеті,транспорт модельдері,жол белгілері.
Жүру барысы:
І Қызығушылығын ояту.
Көзін ашып жұмады,
Бағыт сілтеп тұрады.
(бағдаршам)
1-оқушы:Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар
сабаққа,дәрігерге,басқа да баратын жерлерге дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2-оқушы:Көшенің екінші бетіне өту үшін,арнайы өткелден өту керек.Ал,қалалық жерлерде аспалы көпірлерден,жер асты жолымен өтеді.
3-оқушы:Көшеде келе жатып,қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең,сақтанып,күте тұр.Көшеде
тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт,машина есігін ашып қалуы мүмкін.
4-оқушы:Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл.Өткел тар болса,кездескен үлкен кісіге жол бер.
ІІ Мағынасын ашу.
Мұғалім:Жиекжол деген не?
Оқушылар:(бірге)Ол адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
Мұғалім:Жаяуға қай жолмен жүруге болмайды?
Оқушылар:(бірге)Машиналар жүретін үлкен көшемен жүруге болмайды.
5-оқушы: Жиекжол бар ғой,
Жандар үшін жаяу.
Өт бірақ,тар ғой,
Шықпа жолға таяу.
Мұғалім:Көшеде жүру тәртібін не басқарады?
Оқушылар:(бірге)Бағдаршам.
6-оқушы: Бағдаршам аты
Көп көзді батыр.
Тоқ болғанмен заты,
Өзінде көп ақыл.
7-оқушы: Бағдаршам — өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз,оның сырын біліп,тілін алу баршамызға керек.
8-оқушы: Көреген дәу құйрығы,
Көшемізде тұрады.
Бағынамыз әрдайым
Ашса кезек үш көзін –
Тоқта!Сақтан!Жол ашық!
Мұғалім:(Бағдаршамның қызыл көзін көрсетеді)
9-оқушы: Қызыл көзі жанса,
Мейлі көлік жоқта.
Қатып қалған жанша,
Қыбыр етпе тоқта!
Мұғалім:(Бағдаршамның сары көзін көрсетеді)
10-оқушы: Сары көзі жанса,
Мейлі көлік жоқта .
Қатып қалған жанша,
Қыбыр етпе тоқта!
Мұғалім:(Бағдаршамның жасыл көзін көрсетеді)
11-оқушы: Жанса көзі жасыл,
Жолың айдай ашық.
Жүре бергін батыл,
Керегі жоқ сасып.
12-оқушы: Сөйлегенді білмей.
Бірақ,“тоқта”,”жүр”дейді.
13-оқушы: Менің үш көзім бар:
Бір көзім “кідір”-дейді,
Бір көзім “абайла”-дейді.
“Қарап ал маңайға”-дейді
14-оқушы: Әйгілеп үш көзді,
Бір дәу тұр үшкөзді.
Оған жас-кәріміз.
Бағындық бәріміз.
15-оқушы: Айтқан сөзді құптап,
Тек абайлап атта.
Ережені мықтап,
Есіңе ылғи сақта.
16-оқушы: Бағдаршам жоқта,
Асықпағын текк.
Ондай жерде тоқта,
Жолды қиып өтпе.
17-оқушы: Жаяу үшін белгі
Қойылады арнай.
Тауып сондай жерді,
Өткін еппен аңдай.
18-оқушы: Көлік жүрер жолда,
Ойнау тіптен шатақ.
Әйтеуір бір онда,
Кезігеді апат.
Мұғалім: Балалар,биылғы жылы бірнеше баланың кездейсоқ қазаға ұшырағанын білесіңдер.Неліктен олай болған себебі – оқушы көшеде жүру ережесін білмеген.
19-оқушы: Асығыпты көшеде,
Жел болып ол ұшыпты.
Машинаның астына,
Абайсызда түсіпті.
Өше қалғанотындай,
Жатыр бала сәл жанып.
Шофер да тұр дәл-сал боп,
Жүзін қара тер жауып.
20-оқушы: Әкесі кеп еңкілдеп,
Бала үстіне құлады.
Екі иығы селкілдеп,
Өксіп-өксіп жылады.
Жыламасын аналар,
Жас ұландар өсе бер.
Сақ болыңдар,балалар,
Сақ жүріңдер көшеде!
Мұғалім:Велосипедпен көшеде жүруге бола ма?
Оқушылар:(бірге)Тек 14 жастан кейін ғана көшеде жүруіне рұқсат етіледі.
Оқушы: Бес жас емес,
Болсаң-дағы кетпе.
Жолға шығып дәндеп,
Велосипед теппе.
Оқушы:
Қозғамасаң – құлайды,
Сүйемесең – сұлайды.
Құймышақта ері бар,
Бұл не деген жануар?
Оқушылар:(бірге)Ве-ло-си-пед.
21-оқушы:Автобусқа мінерде аялдама күт.Тәртіп сақтай біл.Басқаға кедергі жасама.
22-оқушы:Есігінен артқы,
Көлікке сен мінгін.
Дәл осы бір салтты,
Құлағыңа ілгін.
23-оқушы:Кезекте сен әлгі,
Артқы есіктен кіргін.
Енді есіктен ылғи,
Түсеріңді білгін:
ІІІ Ой толғаныс.
Мұғалім:Трамвай,автобус,машина артына жабысуға бола ма?
Оқушылар:Транспорттың артына жабысуға болмайды.Құлап апатқа ұшырауы мүмкін.
24-оқушы:Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма.Ол тоқтағанша не өтіп кеткенше тоса тұр.
25-оқушы:Аялдамада тұрған автомобиль,автобус,троллейбустың,машинаның арт жағынан айналып өт.Сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.
26-оқушы:Көшеде өтерде әуелі сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде,оң жағыңа көз сал.Егер машина келе жатса,өтіп кеткенше сол орнында күте тұр.
«Бағдаршам» ойыны
- Бағдаршамның қызыл түсін көрсету Оқушылар орындарынан тұрады
Тоқта!
Бағдаршамның сары түсі түсін көрсету Оқушылар екі жаққа кезек –кезек
қарап дайындалады
Дайындал!
Жасыл түс Аяқтарын топ-топ басады.
- Бағдаршамның қызыл түсін көрсету Оқушылар бір орында қозғалмай
тұрып қалады.
Бағдаршамның сары түсі түсін көрсету Ду қол шапалақтау.
Жасыл түс Алға жылжу