Сөздердің байланысу түрлері

Сабақтың тақырыбы:                             Сөздердің байланысу түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөз тіркесі туралы алған білімдерін тереңдету, есімді және етістікті тіркес туралы білім қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, кісі еңбегін бағалай білуге, адамгершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Дамытушылық:  Оқушы ойын, тілін, сөздік қорларын дамыту

Сабақтың типі:                                          Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі:                                          Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіңс-тәсілдері:                        Түсіндірмелі, талдау.

 

 

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Жаңа сабақ

 

 

ІІІ . Жаңа сабақты бекіту

 

1-тапсырма

Берілген сөйлемдерден сөз тіркестерін тауып, сөз тіркесінің түрлеріне ажырату

 

            Бүкіл бір квартал жерді баспахана алып жатыр. Барлық газет-журналдар мен кітаптар осында басылып шығады. Біз баспахананың ішіне кіріп көрдік. Ақшыл бояумен боялған терезелердің ар жағында шамдар жарқырап жанып тұр. Кең бөлмеде зырлаған машиналар, кісілер көрінеді.  Тоқсаусыз жүріп жатқан еңбек үні естіледі. Сол газеттерді баспахана жұмысшылары жеті қараңғы түнде басып шығарады.

 

 

2-тапсырма

Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау

 

            Тымырсық ауа мен ауыр ескек оны әбден қалжыратты. Енді ол мүлде тынышсыздана бастады. Жаңа ғана мөлдіреп жатқан аспан әлемінде  енді ағыл-тегіл бұлттар көше бастады. Баланы асықтырып отырған қарт енді ескекті өз қолына алды.  Ауыр жүк тиелген үлкен қайық жағаға қарай жөнелді.  Қарт бір ескекті тастай салды да, орындығының астынан шекпеніні алып киді.

 

 

3-тапсырма

Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау

 

Абай осы жолы қалада көп жатты. Оқуға балаларын орналастырған алғашқы жылында олаарды қимай жүргені де болады. Күз бойы, қыстың ортасына шейін Гоголь атындағы кітапханада күн ұзын отырады. Кей кештерде өзі оқыған романдардың қызықтарын Баймағамбетке әңгіме етеді. Оның айтуы арқылы Баймағамбет те көп әңгіме жиып жүр.

 

 

ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма:             6 сөйлемге талдау жасау