Матасу

Сабақтың тақырыбы:                             Матасу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөз тіркесінің құрылысы, сөз тіркесінің байланысу түрлері жайлы алған білімдерін тереңдету, матасу туралы білімдерін нығайту

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Дамытушылық:  Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту, сөздердің байланысу тәсілдерін ажырата білуге машықтандыру

Сабақтың типі:                                          Пысықтау сабағы

Сабақтың түрі:                                          Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                          Сұрақ-жауап, талдау, эссе, кітап-дәптермен жұмыс

 

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Үй тапсырамысын сұрау

 

Үйге 250-жаттығудың 2-азат жолы бойынша матаса байланысқан сөз тіркестерін тауып, жазып келуге берілген болатын.

Үй тапсырамсын тексеремін.

 

Қосымша сұрақтар:

  • Матасу дегеніміз не?
  • Матасудың өзіндік ерекшеліктері неде?
  • Жасырын тұрған қосымша арқылы жасалған матаму түріне мысал келтіріңдер.

 

ІІІ. Өткен сабақты пысықтауға арналған жаттығу жұмыстары

 

251-жаттығу

 

  1. Мәтінді мәнерлеп оқу
  2. Мазмұндау
  3. Тақырыпты ашу
  4. Матаса байланысқан сөз тіркестерін табу

 

2-тапсырма

Бозторғай

Бозторғай өзінің туысы қараторғаймен көрші тұрады. Ертелі-кеш ән салып, көңілін көтереді. Қараторғайдың да шиқылдап бірсыдырғы ыңылдайтын «өнері» болатын. Бозторғайдың өнерінен кейін қараторғайдың шиқылы аяқ асты болып, ескерусіз қалды.

 

 

3-тапсырма    Матаса байланысқан сөздерді тауып, көшіріп жаз.

 

Наурыз – діни мейрам емес, жалпы халықтық мереке. Наурыз – табиғат мейрамы, аса зор салтанат, ұлы жиын. Адамдар бұл күні «бәріміз де табиғат перзентіміз, оны аялайық, бергеніне риза болайық» дейді.

 

4-тапсырма                Өзіндік жұмысы

 

«Көктемнің алғашқы мерекесі» тақырыбына эссе эазу

 

ІҮ. Қорытынды


Ү. Бағалау

 

ҮІ. Үйге тапсырма:                       Өткенді қайталау