Меңгеру
Сабақтың тақырыбы: Меңгеру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз тіркесінің байланысу түрлері жайлы алған білімдерін тереңдете отырып, меңгеріле байланысқан сөз тіркестері туралы білім беру
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы оқушыларды әдебиетті, өнерді сүюге, көрсем, білсем деген құмарлыққа, қолда бармен шектелмей, жан-жақты болуға талпынуға тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту, сөйлемдерді талдай білу машықтарын қалыптастыру
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, өзіндік жұмыс, ойтолғау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ
Б.с., Т.с., Ж.с., Ш.с., К.с. жалғаулары мен септеулік шылаулар арқылы байланысқан сөз тіркестерін меңгеріле байланысқан сөз тіркесі немесе меңгеру дейміз.
Меңгеру
Есімді меңгеру Етістікті меңгеру
- Алтын етікті де аяққа киеді. Жақсы – ісімен жақсы. Жанындағы досына, жақынына сену – адам баласының ең қымбатты қасиеті.
Т.с-де жасырын тұрып та қолданыла береді.
Шай ішу, нан илеу, ағаш кесу т.б.
Ән салу, ант ішу, зар илеу, ат қою
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
252-жаттығу
- Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін табу
- Синтаксистік талдау жасау
Ол сенің айыбыңды ашпайды, сырыңды сыртқа шашпайды.
253-жаттығу
- Мәнерлеп оқып, негізгі ойды анықтау
- Септік жалғаулы сөздерді тіркескен сөздерімен теріп жазу
Түндерді өткізуші ем, кітаппен өткізуші ем, «Иллидадан бас көтермей» т.б.
254-жаттығу
Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін тауып, бағыныңқы, басыңқысын анықтау, сөз тіркестерінің түрлерін анықтау
Дүниеде жасамадым ба, адаммын деуге болады.