Тіл мәдениеті халықтың әдет-ғұрпы мен тіл өнерінде

Сабақтың тақырыбы:                  Тіл мәдениеті халықтың әдет-ғұрпы мен тіл өнерінде

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Халықтың әдет-ғұрпы мен шешендік сөздерінің, халықтың ауыз әдебиетінің тіл мәдениетін қалыптастырудағы орны жайлы алған білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік: Оқушыларды парасаттылыққа, достық, жолдастық қатынастарды құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың ойын, қиялын, тілін, сөздік қорын дамыту

Сабақтың типі:                              Пысықтау сабағы

Сабақтың түрі:                               Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері:             Жұмбақ сайысы, мәнерлеп оқу, талдау, ауызша тіл дамыту

 

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

 

Үйге шешендік сөздер жаттап келуге берілген бюолатын. Үй тапсырмасын сұраймын.

 

ІІІ. Өткен сабақты пысықтауға арналған жаттығу жұмыстары

 

292-жаттығу

  1. Жұмбақтарды мәнерлеп оқып, шешуін табу
  2. Жұмбақ мәтінінің құрамында кездесетін бейнелеуіш сөздерге мән беру, олардың көркемдегіш қызметін аңғару

 

 

2-тапсырма

Үйге жұмбақ жаттап келуге берілген болатын. Үш қатардың оқушылары бір-бірімен жұмбақ айтып, шешуін тауып жарысады.

 

293-жаттығу

 

  1. Мәтінді мәнерлеп оқу
  2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау

 

294-жаттығу                          Ауызша

 

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Әңгімелеу
  3. «Азамат» сөзінің қандай жағдайларда қолданылатынын анықтау
  4. Жиреншенің төрт жасар баласын «азаматым» деп атауының себебін түсіндіріңдер

 

 

 

295-жаттығу 

 

  1. «Байлық пен ақыл» және «Достық туралы» әңгімелерін мәнерлеп оқу
  2. Мазмұнын әңгімелеу
  3. Сөзге тоқтау, сөзден жеңілу деген сөздердің мағынасын ажыратып айту
  4. Адамның сырт тұлғасын бейнелейтін сөздерді тауып, сөз таптарына, тұлғасына ажырату

 

 

 

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Бағалау

Ү. Үйге тапсырма:             1. Оқу

  1. Шешендік сөздерден үзінді жаттау