Өткен шақ
- Өткен шақ
Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден бұрын болғанын білдіретін шак түрін өткен шақ дейміз. Қазақ тілінде өткен шақтың үш түрі бар. Олар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ.
1) Жедел өткен шақ — сөйлеп тұрған мезгілден аз уакыт бұрын болған, сол кезге жақын өткен істі білдіретін өткен шақ түрі.
Жедел өткен шақ етістік түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағының және оған жіктік жалғау жалғану арқылы жасалады. Мысалы: 1. Мен ауылга келдім. 2. Сен кітапханада болдың. 3. Олар теледидар көрді. Осы сөйлемдерде етіс-тік шағының үш жаққа қатыстылығы жіктік жалғаулармен берілген.
жақ | жекеше | көпше |
I | Мен оқыдым | Біз оқыдық |
II | Сен оқыдың Сіз оқыдыңыз | Сендер оқыдындар Сіздер оқыдыңыздар |
III | Ол оқыды | Олар оқыды |
2) Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уакыттан көп бұрын өткенін білдіреді. Мысалы: Үйлерді қурылысшылар аудан жәрдемімен салған. Бұрынғы өткен шақтың іс-әрекет мезгілді білдіруде жедел өткен шақтан өзгешелігі қимылдың өткендігі туралы нақтылық сөйлеушінің сөзінде басым болады.
Бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары
- -ып, -іп, -п жұрнақтары және жіктік жалғаумен: Гүлнұр бұны апасына да айтыпты.
- 2. -ған, -гең -қан, -кен жұрнақтары және жіктік жалғаулармен: Гүлнұр бұны апасына да айтқан.
3) Ауыспалы өткен шақ қимыл иесінің ертеден дағдыға айналған іс-әрекетін білдіреді. Мысалы: 1. Демалыс сайын кездесіп тұратын 2. Әжесі ертегіні дәмдеп айтушы еді
Ауыспалы өткен шақтың жасалу жолдары
- -атың -етің -итың -итін жұрнақтары және жіктік жалғау арқылы:
жақ | жекеше | көпше |
I | Мен оқитынмын | Біз оқитынбыз |
II | Сен оқитынсың Сіз оқитынсыз | Сендер оқитынсыңдар Сіздер оқитынсыздар |
III | Ол оқитын | Олар оқитын |
- -ушы, -уші қосымшасына еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы:
жақ | жекеше | көпше |
I | Мен барушы едім | Біз барушы едік |
II | Сен барушы едің Сіз барушы едіңіз | Сендер барушы едіндер Сіздер барушы едіңіздер |
III | Ол барушы еді | Олар барушы еді |