Сөйлеудің диалогтік және монологтік түрлері
Сабақтың тақырыбы: Сөйлеудің диалогтік және монологтік түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөйлеу тілінің түрлері, сөйлеудің монологтік, монологтік ерекшеліктерін танытып, ұсынылған тақырып бойынша монолог, диалог құра білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушы ойын, қиялын, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін дамыту
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, рөлге бөліп оқу, талдау, өзіндік жұмыс, жатқа оқу, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа білімді игерту
Диалог- сөйлесу, әңгімелесу деген сөз. Көркем шығармада екі я одан да көп адамдардың бір-бірімен тікелей сөйлескен сөздерін диалог дейміз.
Диалог көркем шығармада да, ауызекі сөйлеу тілінде де кездеседі.
Монолог – бір кісінің сөйлеуі, ойы. Монологта белгілі бір тақырыпты баяндап, сипаттап, әңгімелеп айтып беру мақсаты көзделеді. Онда адамдардың ойы, пікірі, көңіл-күйі, психологиялық ішкі толғанысы, саяси-ғылыми көзқарасы, дүниетанымы – бәрі ашық байқалады.
Лекция, баяндамалар да монологқа жатады. Монолог әдеби сөйлеу үлгісіне жатады.
Мысал ретінде Абайдың қара сөздерін, «Жыр құдіреті», «Ақтамберді жырау», 144-146 беттер (дидактикалық материалдар) оқып беріп, оқушылардың өздеріне ажыратқызамын.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
307-жаттығу
- Рөлге бөліп оқу
- Тәрбиелік мәнін анықтау
308-жаттығу
- Үзінділерді мәнерлеп оқу
- Рөлдерге бөліп оқу
- Автор
- Шешесі
- Зере
- Абай
- Жиренше
- Қай шығармадан үзінді екенін анықтау
Өзіндік жұмыс
Кез-келген тақырыпта жұптаса отырып диалог құрау
- Туған жер
- Достық
- Қызылоданың 70 жылдық мерейтойы
- Адамгершілік
- Ата-ананың алдындағы парыз
309-жаттығу
- Мәнерлеп оқу
- Монолог екенін дәлелдеу
- Сөздердің байланысу түрлерін анықтау
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: Диалог, монолог жаттап келу