К дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Дауыссыз К дыбысы мен әрпін таныту, жаңа сөздерді оқи, жаза білуге үйрету.
Міндеттері:
1 Дауыссыз К дыбысы мен әрпін таныту, жаңа сөздерді оқи, жаза білуге үйрету.
2 Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
3 Кітап оқуға, кітапты құрметтеуге, табиғатты қорғауға баулу.
Көрнекілік:интерактивті тақта,К-дыбысына байланысты заттардың макеті,
Сабақтың типі:аралас
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері:ойын технологиясы,АҚТ,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Біз біргеміз
Сөгілмесн іргеміз
Ізденсек бірге бәріміз
Жетерміз білім шыңына
ІІ.Өткен сабақты еске түсіру.
— Өткен сабақта кандай дыбыспен, әріппен таныс болдық?
— Ее дыбысымен, әрпімен.
— 76-шы бетті оқыту. Тез әрі сауатты оқиық.Е дыбысына қатысты тақпағымызды еске түсірейік. Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса-дағы сақалы
Секеңдеуді қоймайды
(ешкі)
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Ой қозғау. (жұмбақтың жауабын шешу)
Буынға бөлу:Көбелек. Көбелек сөзі қай әріптен басталып қай әріпке аяқталып тұр? (К)
Бүгін к дыбысымен танысамыз.
- К- баспа әрпі көрсетіледі. К-деп 3 рет айтып, тілдің ортасы таңдайдың орта шетіне нық жабысып бірден кілт ажырап кетеді.
К – дауыссыз дыбыс, өз алдына буын жасай алмайды.
- Мынау не? –
Мынау киіз үй. Сендер киіз үй туралы не білесіңдер ме? (Ол таулы жерлерде құруға ыңғайлы). Жаз мезгілінде тауда шопандар киіз үйде тұрады.
- Мынау не? –мынау- кесе
- Мынау не? – мынау- кәмпит
- Мынау не? – мынау- күріш
- Мынау не? – мынау- кебеже. Кебежеге тағамдар, ыдыстар салынады.
(кесе, киіз үй, күріш, кәмпит) сөздері қай әріптен басталып тұр? К-ден басталады.
К сөздің басында келеді.
- Мынау не? – мынау- мектеп. Мектепте білім аламыз.
- Мынау не? – мынау- сөмке.
- Ал, мынау қай сан? – екі. Екі қандай баға?
К сөздің қай жерінде кездеседі? (ортасында).
- Мынау не? – мынау- шелек.
- Мынау не? – мынау- шәйнек.
- Мынау не? — мынау- әйнек.
К әрпі сөздің қай жерінде кездеседі? К- сөздің соңында кездеседі.
Өте жақсы. К дыбысы сөздің барлық буынында кездеседі.
- Енді бағандағы сөздерді оқиық.
Кеме – кеме суда жүзеді. Ол ағаштан жасалады.
Кесе – ыдыс.
Терек – ағаш.
Шелек – ыдыс.
Мереке – мейрам.
Береке – ырыс
Кебеже – ыдыс, тамақ салады.
Текемет – еденге жаяды. Ол киізден жасалған.
«Орным қайда?» ойыны.
Тақтадағы буындардан сөз құрайық.
Ке ме — к дыбысы қай буында кездескен? (к 1 буында)
Те рек — (2- буында, сөз соңында)
Ше лек – (к- сөздің екінші буынында тұр)
Ке се – (к- сөздің басында, 1- буында тұр)
- Сергіту сәті.
Қызыл, сары, қоңыр, көк
Алуан-алуан көбелек.
Торға түсіп қалмашы
Торғайға жем болмашы.
7: Дәптермен жұмыс.
— К әрпін жазып үйренейік. К – балалар қаламды қолға алып, к әрпін ауада жазайық. Енді дәптерге жазыңдар!
Интерактивті тақтамен жұмыс. Тақтаға сөздік диктант жазу. Кесе, кеме, кебеже, шелек.
- Оқулықпен жұмыс. «Кеме» мәтінін оқу. Мынау- кеме. Кеме- ағаштан жасалады. Кеме- суда жүзеді. Кемені балықтарға қарап жасаған.
- Мәтін мазмұнын сұрау.
Қорытынды:
Көбелектерді гүлдерге қондыру арқылы оқушылар сұраққа жауап береді.
-Бүгін қандай дыбыспен таныстық? (К)
-Қай әріпті жазып үйрендік? (К)
-К қандай дыбыс? (дауыссыз)
-К дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? (басында, ортасында, соңында)
Бағалау (мадақтау)
Үйге тапсырма. К дыбысы. Кеме мәтінін оқу.
Тосын сый (кітап).