«Нұрлы Жолға» сапалы білім, саналы тәрбиемен
«Нұрлы Жолға» сапалы білім, саналы тәрбиемен
Ел Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламамыз жалғаса береді. «Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясаты әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз» деген сөздері бар.
Жас ұрпақтың ой-санасын жетілдіріп, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру – біздің парызымыз. Адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білім. Педагогикалық – инновациялық жетістіктер негізінде білім және тәрбие беру мәселесін жүзеге асыру негізгі мақсаттардың бірі. Оқу-тәрбие үрдісіне жаңаша мазмұн беру арқылы салауатты өмір салтын сақтай отырып, ұлтжанды, қоғам талабына сай, шығармашылық қабілеті мол шәкірттерді тәрбиелеу ең маңызды міндет.
Демек, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа заман технологияларын тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – лицей ұжымының басты бағыттарының бірі. 2014 қараша-желтоқсан айлары аралығында «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы» идеясын іске асыру ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу, еңбекке деген белсенділіктерін, сүйіспеншіліктерін ояту мақсатында «Еңбегіміз Қазақстанның игілігіне атты облыстық сурет байқауын өткізді. Байқау облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінің 5-11 сынып оқушылары арасында болып, оған қатысқан Семей қазақ-түрік лицейінің оқушылары Төлебердыев Алишер (11-сынып) I орын, Ғабдуллин Ғибрат (9-сынып) II орын орындарға ие болды.
2014 жылдың 5 желтоқсанында Өскемен қаласындағы халықаралық «Нұр Орда» лицейінде Республикалық ғылыми жобасы конкурсының іріктеу кезеңі өтті. Ғылыми жобаға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің қалалық, аудандық ғылыми жоба конкурсының 482 жүлдегерлері қатысты. Жас ғалымдар ғылыми жобашылар 16 секция бойынша: физика; техника; Жер және Космос туралы ғылымдар; математика; қолданбалы математика; экономика; информатика; химия; биология; қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау; тарих; құқықтану; әдебиет; этномәдениеттану; тілтану; өлкетану өздерінің жобаларын қорғап, төмендегі оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды.
I орын: физика – Жұмадилов Диас, Мағыпаров Сержан (11-сынып)
I орын: физика – Нургалиев Данияр, Қуанышпаев Адиль (11-сынып)
III орын: физика – Машпиев Нуржан (10–сынып)
III орын; физика – Айтбаев Марат, Төлебердыев Алишер (11-сынып)
II орын: математика – Исатаев Арман, Хасенов Ерасыл (11-сынып)
II орын: математика – Төлеугазинов Жандос, Совет Айбар (11-сынып)
II орын: қолданбалы математика – Байжуманов Ален, Шаймуратов Азамат (11-сынып)
III орын: қолданбалы математика – Ахынов Ануар (11-сынып)
I орын: биология айналаны қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы – Амренов Темирлан, Муздыбаев Даулет (11-сынып)
IIорын: биология – Каримов Жандос, Тагиров Тимур (11-сынып)
III орын: әдебиет – Алпысбаев Бекзат.
2015 жылдың 8-10 қаңтар аралығында Өскемен қаласында өткен жалпы білім беретін пәндерден оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Семей қазақ-түрік лицейі «Үздік олимпиадалық команда – 2015» номинациясында I орын иеленіп, дипломмен және Шығыс Қазақстан облысының үздік олимпиада командасы кубогімен марапатталды. 11 -–алтын, 13-күміс, 7- қоланы қанжығаларына байлап, лицей мерейін тағы да асқақататты.
I орын: физика — Оразбек Е. (11-сынып), Увалиев Ә. (10-сынып), Айтқазинов Ш. (9-сынып), химия – Қуанышев Ә. (11-сынып), Смагулов А. (10-сынып), Алибеков М. (9-сынып), биология – Анибаев И. (9-сынып), Маликов А. (9-сынып), Аскеров А. (10-сынып); география – Қалибеков Д; ағылшын тілі – Габитов Ж. (10-сынып).
II орын: физика – Төлеуов А. (9-сынып), Қалқаман Ә. (10-сынып); химия – Тишпаев А. (9-сынып), Айтенов А. (11-сынып), Қаттабаев Н. (9-сынып), Бахтияр С. (10-сынып); биология – Сарқытбаев Қ. (10-сынып), география – Муслимханов А. (10-сынып), Қадырболатов Е. (9-сынып), Заманиянов Ғ. (11-сынып), қазақ тілі – Ташқын Ф. (11-сынып), орыс тілі – Уразаев Д. (10-сынып), информатика – Захаров Р. (9-сынып).
III орын: биология – Молобеков А. (11-сынып), Абаев Б. (11-сынып); география – Мамырбаев С. (10-сынып), Калигожин Д. (11-сынып); қазақ тілі – Сайфуллин Т. (10-сынып); информатика – Шакимбеков Р. (10-сынып), Алақбаев Б. (9-сынып);
Әр адамға бақыт пен бедел ақылмен, ізденіспен және адал еңбекпен келеді демекші, жаратылыстану бағыты бойынша тереңдетіп оқытатын білім ордасы өткен оқу жылында да Республикалық «Үздік олимпиадалық мектеп – 2014» номинациясын жеңіп алған болатын. Лицейіміз – терең білім берумен қатар жас жеткіншектердің дарындылық қабілеттерін жан-жақты дамытатын ұлағатты тәлім ортасы, тәрбие мектебі. Семей қазақ-түрік лицейінің түлектері Ұлыбритания, АҚШ, Италия, Жапония, Корея, Германия, Малайзия, Сингапур, Канада, Қытай, Түркия, Ресей т.б. мемлекеттердің жоғары оқу орындарында білім алып, қазіргі таңда түрлі салаларда жемісті қызмет етуде. Мақтауға да, мақтануға да тұрарлық білім ордасының мерейі әрқашанда үстем болса екен деп тілек білдіреміз.