Өмір қауіпсіздігі негіздері (5-сыныпқа арналған вариатив курс жоспары)
Өмір қауіпсіздігі негіздері
(5-сыныпқа арналған вариатив курс жоспары)
Түсінік хат
Балаларға қамқорлық үнемі үлкендердің қарауында болуы керек. Балалардың денсаулығы мен өмірін кез келген төтенше жағдайдан қорғау-негізгі тапсырма. Осыған байланысты үлкендердің балаларды төтенше жағдайдан қорғау білімдері болуы керек, сонымен қатар балаларды төтенше жағдай болған кезде қалай әрекет жасау керек екендігіне үйрету керек. Мектеп жасындағы балаларды жай және ойын түрінде өмір қауіпсіздік негіздеріне (ӨҚН) оқыту керек.
Адам үшін ең қымбаты-өмір.Өмір сүру –адам үшін ең басты байлық.Адам өміріне төнетін қауіп-қатердің түрі көп.Сондықтан да өмірді сақтап қалу әркімнің өзіне байланысты.Ол үшін сақтана білу керек.Әр адам өміріне өзі ие болу болуға тиісті.
Оқушылардың өздерінің жеке басының және қоршаған адамдардың қауіпсіздігене жауапкершілікпен қарауға, болуы мүмкін апат, қирау және алапат зардаптарынан дұрыс қорғана білуді қатерлі жағдайларда сауатты шешім қабылдай және болжай алу,сондай-ақ адам тіршілігінің барлық саласындағы қауіпті жағдайлардың алдын- алып, өзіне және басқаларға көмек көрсете білуін қалыптастыру.
Теориялық алынған білімімен іс-жүзінде атқарылатын қауіпсіздік шараларын меңгеру, адамдардың қандайда болмасын экстремалды жағдайларда өмірін сақтап қалуға себеп болады. Арнайы дайындалған адамдар экстремалды жағдайларда қашанда дұрыс шешім қабылдай алады. Орта мектептерде, арнайы кәсіби– техникалық оқу орындарымен жоғарғы оқу орындарында,ӨҚН пәні бөлімдері жан-жақты қамтылып оқытылып,оқушыларға терең білім беріледі. «Өзіңді-өзің құтқарсаң, қасыңдағы мың адамның өмірін сақтайсың»- делінген ертеде. Қазіргі уақытта адам үнемі қауіп-қатер үстінде, сондықтан теориялық алынған білім әртүрлі қауіп- қатер кезінде төтенше жағдайларда, іс –жүзінде қолданылуы тиіс.
Сондықтан да оқушыға өміріне төнген қауіптен құтылу үшін өмір қауіпсіздігі ережелерімен таныс болғандары дұрыс.Олай болса өмір қауіпсіздігі –өз өмірін өзі сақтап қалу емес,көрші-көлем,дос-жарандарының өмірінің қауіпсіздігіне көмектесу.Ендеше,балалар «Өмір қауіпсіздігі негіздері»курсын оқып шығып,күнделікті өмірде қолдана білсе,апаттың алдын ала біледі,бүліктің бетін қайтарады.
Сонымен –өмір қауіпсіздігі,яғни олардың-бәріміздің өміріміздің қауіпсіздігінің қарапайым қағидалары.Ол қағидаларды барлық оқушы біліп,үйренулері керек.
Балаларға үйретілген білім, өмірде төтенше жағдайдан құтқарылуға көмектеседі.
Мақсаты мен міндеттері:
- Адам өміріне төнетін қауіп-қатердің түрлерімен таныстыру
- Балаларға экологиялық мәдениет, салауатты өмірді тәжірибеде бекіту және түсіндіру, қауіпті заттармен абай болу, көшеде өзін дұрыс ұстау
- Төтенше жағдайда ескерту шараларынан кейін өздерінің әрекеттеріне сенімділікті енгізу
- «Өмір қауіпсіздігі негіздері» курсы бойынша оқыту үрдісінде алынған теориялық білімдері мен тәжірибелік әдістерін жүзеге асыру
- өмір жағдайларында бір-біріне қамқорлық және өзара көмектер көрсету
- Жауапкершілікті арттырып,қайратты,тапқыр,сабырлы,жігерлі болуға шыңдау
Күтілетін нәтиже
- бір және бірнеше көзден ақпарат ала алады
- алынған ақпаратқа сыни қорытынды жасай білуі
- ақпаратты мазмұнына қарай топтастырады
- өзіне-өзі сенімділікпен және жауапкершіліктен қарайтын тұлға қалыптасады
Пәнаралық байланыс:жаратылыстану,бейнелеу өнері,еңбекке баулу
Өмір қауіпсіздігі негіздері
Ардақ Мұқышева,Салиха Төрениязова
Алматы«Өлке»баспасы,2009
5-сынып
Барлығы-34 сағат
№ | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны | Мерзімі |
1. | Өмірің өз қолыңда | 1 | |
2. | Жол апатының алдын ала біл | 1 | |
3. | Жол таңбалары | 1 | |
4. | Бағдаршам мен реттеушінің белгілері | 1 | |
5. | Жол белгілері және олардың мақсаты | 1 | |
6. | Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету | 1 | |
7. | Жол апаты кезінде өзіңді-өзің ұстай біл | 1 | |
8. | Велосипед жүргізушісіне қойылатын талаптар | 1 | |
9. | Өрт қауіпсіздігі | 1 | |
10. | Өртке қарсы қызмет және оның мақсаты | 1 | |
11. | Өрттің пайда болу себептері | 1 | |
12. | Өрт шыққан жағдайдағы іс-әрекет ережесі | 1 | |
13. | Қауіпсіздік белгілері туралы жалпы түсінік | 1 | |
14. | Тыйым салу белгілері | 1 | |
15. | Ескерту белгілері | 1 | |
16. | Бұйыру белгілері | 1 | |
17. | Өрт қауіпсіздігіне арналған белгілер | 1 | |
18. | Көрсеткіш белгілері | 1 | |
19. | Викторина«Адам және от» | 1 | |
20. | Электр қауіпсіздігін сақтау | 1 | |
21. | Жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік шаралары | 1 | |
22. | Цунами кезінде не істеуге болады? | 1 | |
23. | Дауыл тұрғанда,күшті жел соққанда | 1 | |
24. | Су тасқыны кезінде | 1 | |
25. | Найзағайдан сақтан | 1 | |
26. | Жанартаудың атылуы | 1 | |
27. | Ормандағы өрт | 1 | |
28. | Қар көшкіні | 1 | |
29. | Суға түскенде | 1 | |
30. | Айдалада аман қалу | 1 | |
31. | Сенің үйің | 1 | |
32. | Тест | 1 | |
33. | Пайдалы,зиянды тағамдар | 1 | |
34. | Салауатты өмір салты | 1 |