Балаңызбен қарым-қатынасыңыз қалай ? / СТО жобасын қолдана өткізілген 8 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысының сценариясы/
Балаңызбен қарым-қатынасыңыз қалай ?
/ СТО жобасын қолдана өткізілген 8 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысының сценариясы/
Жиналыстың мақсаты:Ата-анамен баласының арасындағы қарым-қатынасты нығайту .Баланың болашаққа деген сенімін арттыруда ата-аналарға кеңес беру.
Кіріспе сөз:
Сынып жетекші: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар!
Балаларымыз 10 сыныпқа келіп, жастарына қарай мінездеріде ерекшеленуде. Достарымен көп уақыт болады, сіздерменен ашылып ешқандай проблемаларын да шешпейді. Осы уақытта , осы заманда балаңызбен қарым-қатынасты жоймай, берік ұстау үшін не қажет екенін бүгінгі жиналысымызда талқылаймыз.
І –Қызығушылықты ояту.
Ата-аналар үшін қарым-қатынас туралы сауалнама.
ІІ –Мағынаны тану.
ІІ -А/ Кең ауқымды лекция/
«Болса тәртіп бала өседі сомдалып, қатал ұста бос жүрмесін сандалып»
Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді. Жас ұрпақты қоғамыздың саналы азаматы етіп тәрбиелеу-оқушы ұжымымен еңбек етіші ұстаз және отбасының негізгі міндеті. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек.Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деп философ Әбу Насыр әл Фараби айтқандай , балаларға жан-жақты тәрбие беруді жетілдіріп отыру-басты парызымыз. Өйткені бала ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңі , келер тарихқа аманат. Жас ұрапақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты, өрісі биек азамат етіп тәрбиелеу-қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-туған ұясы, өз отының басындағы ата-ана тәрбиесі. Қазақтың «Баланың бас ұстазы ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» деген қанатты сөздері бар, отбасында әдемі таным, түсінік қалай қалыптасса, өскенде сол қасиет бойынан табылады. «Болса тәртіп бала өседі сомдалып,қатал ұста бос жүрмесін сандалып» деп Жүсіп Баласағұан,айтқандай, есі кіріп, тілі шығып бастасымен-ақ баланы шектен тыс шолжаңдат- пай, байсалды, ұғымпаз ,тілалғыш етіп баулыған жөн. Қай халық болмасын үмітің ең алдымен ұрпағымен байланыстырады.
Міне, сондықтан да: «Ана-үйдің берекесі, бала- үйдің мерекесі», «Бала болсаң болғандай бол, айналаңа қорғандай бол» деген қағиданы берік ұстанған ата-бабаларымыз өз ұрпағы «адам, азамат» деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен.
Бала тәрбиесінің қай саласында болсын, ата-ананың өнегесі үлкен роль атқарады. Егер баланың әке-шешесі үйді таза ұстап, өздерінің бойы-басын күте білсе, жақындарымен сыпайы қарым қатынаста болса, жақсы кітап, кино, шығармалар жайлы әңгімелеп отырса, баланың эстетикалық танымын күшейте түсері хақ. Жалпы көркем әдебиетті оқу барысында, жасөспірім ондағы кейіпкерлердің жағымды мінез-құлықтары мен жақсы қарым-қатынастарын ұнату, жағымсыз қылықтарын жаратпау арқылы өмір мен өнердегі келеңсіз жағдайларға қарсы күресуге талпынады. Сондықтан да баланы адамгершілікке, инабаттылыққа, сыйластыққа тәрбиелеуде көркем әдебиетінің маңызы зор. Ата-ана баласының жас ерекшелігін е қарай оқитын кітаптарын дұрыс таңдап ала білуіне көмектесуі тиіс.
Баланың өз бөлмесі және сабаққа дайындалуына арналған орын әзірлеген жөн. Сабақ дайындау барысында алаңдамай, толық зейін қойып отыру үшін үйде тыныштық орнау қажет. Баланың теледидарды көп қарауына рұқсат бермеу керек. Біріншіден, көп қарау баланың көзіне зиян, екіншіден, сабаққа дайындалуына кесірін тигізеді.
Ата-ана кейде үйге берген тапсырманы орындауына да көмек беруге болады. Үйге берілген тапсырманың орындалуын күнбе-күн бақылап, баланы біртіндеп дербес жұмыс істеуге дағдыландырған дұрыс.
Баланы еңбекке баулу-тәрбие берудегі басты мәселелердің бірі. Жасынан еңбек етіп үйренген жас буын өсе келе, өзі де ұқыпты, өзгелердің еңбегін құрметтей білетін, еңбек сүйгіш азамат болады.
Баланың бос уақыты. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» дейді қазақтың біртуар ақыны Абай. Бұл -өмір шындығынан алынған данышпандық сөз./ І топ ата-аналар осы сөзді қалай түсінетінің ортаға салады/
Балаңыздың жолдастары кім ? «Ұлым үйде, ұрлығы түзде, қызым үйде қылығы түзде» дейтін нақыл сөзінде терең мағына бар.
ІІ топтың ата-аналары осы сөздің мағынасын түсідере ойларын ортаға салса.
ІІ -Б/ «ішке», «сыртқа»/
Баланың кіммен дос болып жүргенін, сыныпта кіммен бір партада отыратынын да сырттай бақылап отыру керек. Жалпы ата-аналар балаларымен әрдайым ашық сөйлессе, ойына келгенін жасырмай айтуға , шындыққа үйретсе келешекте олардың белгілі бір дәрежеде жақсы азамат болуына ықпалын тигізер еді.
Осыған орай, Люберец орталығы ұсынған «Өз балаңызбен қарым-қанынасыңыз қандай?» деген анкеталық сұрақ- анықтаманы күнделікті өз тәжірибемізден бала тәрбиелеуде жағдайлардың қайсысын «ішке » , «сыртқа» алар едіңіз? Ойларыңызды айтсаңыздар./ Ата-аналар ой -пікірлерін айтқан соң, дұрыс ойлар назарға беріледі./
сыртқа | ішке |
-Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің,-деп бала үмітіне балта шаппайсыздар. | Сенің де қолың өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді.Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боларсың. |
-Неге сен басқа балалар сияқты емессің? | -Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқық бар, сенің қолынан келеді. |
-Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсін , үстің кір, шашың дудыраған | -Үстіңді ретке келтір, шашынды тара, киімінді ауыстыр. |
-Тағыда осылай жасасаң таяқ жейсың. | -Біз саған қиыншылдықтарды жеңуге көмектесеміз, екіншіде жаман қылықтар жасама. |
-сенің кесіріңнен біздің өмір жолымыз болмады… | -Үлкендердің өміріндегі болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің, сенің болашағын алдыңда, үлкен ғалым боларсың т.б. |
Қортынды: Міне , осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөз де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағымын өзгертуі де ғажап емес. Сол үшін әрбір ата-ана көз қуанышының асқақ ойлы, білімпаз, тәрбиелі, биіктен көріне беруіне жастайынан қамқор болғаны абзал.
Ал, егер тәртібі нашар, жүрісі ұнамсыз баламен жақындасып жүргенін сезсеңіз, баланы ұрып-соқпай түсіндіріп айту керек.
.ІІІ -Толғаныс
«Біздің отбасымыздағы қарым-қатынас»
5 минуттік эссе./ата-аналар бүгінгі жиналыстан алған ақпаратты түйіндейді./
Адамзаттың бәрі де анадан туып, соның бауырында өсіп ер жетеді. «Сүтпен кірген сүйекпен кетеді» дейді халқымыз. Ендеше, жаны таза, денсаулығы мықты, ақылды, сұлу бала тәрбиелеуді басты назарға ұстайық , ата-аналар! «Бұтағымен ағаш сымбатты, ұрпағымен адам қымбатты» деген аталы сөзден алыстамайық : Олай болса , қазақ ұлтын аспандататын ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың еншімізде.
Жиналыстың қауылысы: Ата-анамен бала арасындағы түсіністік, сыйластық орнатып, тәрбиеге көп көңіл бөлу.