Сөз анасы – сәлем
Тақырыбы: Сөз анасы – сәлем
1 «Ә» сынып мұғалімі: Кояганова Б З
Мақсаты:
1) Оқушыларды әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу. Бабалардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру.
2) Халықтың салт-дәстүрімен таныстырып, өз халқының дәстүрін, салтын, мәдениетін, әдет-ғұрпын үйрене отырып, бойларына сіңіру.
3) Оқушыларды қазақ халқының сәлем беру, сәлем алу, сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты нақыл сөз негізінде тәрбие беру.
Көрнекілік: нақыл сөз жазылған плакаттар «Сәлем — әдептіліктің белгісі»,
«Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы»
Жоспары:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Ой қозғау
- Көрініс арқылы тәрбие сағатының тақырыбын ашу.
(екі оқушының телефонмен сөйлесуі)
ІІІ Мағынасын ажырату
- Топқа бөліну. Топпен жұмыс
-Сәлемдесудің қандай түрлері бар?
ІҮ Ой толғаныс
- Мақал-мәтел айтысы
- Көріністер
(Ата мен жігіттің, әже мен қыздың амандасуы )
Ү Қорытынды
Сәлем сөзін топтастыру. Гүл шығару.