«Баланың бүгінгі демалысы – олардың ертеңгі өміріне көзқарасы»
«Баланың бүгінгі демалысы – олардың ертеңгі өміріне көзқарасы»
Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытындағы балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып білу, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, балалардың өзін — өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамуға, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық, спорт, саяхат пен өлкетану және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында оқушылар үшін жазғы сауықтыру ауысымдары ашылады.
Жазғы каникул балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады. Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.
Сондықтан жаз-балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың жеке басына тән байланыстарын жетілдіру, әлеуметтік және мәдени білім беру құндылықтарына араласу, әлеуметтік байланыстар жүйесіне қосылу, өз жоспарларын іс жүзіне асыру, жеке бас мүдделерін қанағаттандыру, ойын-сауық, бойында жиналып қалған шиеленістен арылу, жұмсалған күшінің орнын толтыру, денсаулығын нығайту кезеңі. Жаз балаларға өзінің сан түрлі талантын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.Бұл кезеңді жеке басының жақсы жақтарын ашып көрсетуге жағдай жасауға, балалар арасында рухани және эмоциялық құндылықтарын алмасуға, жеке басының мүдделерін жүзеге асыру үшін пайдалану керек.
Балалар да, үлкендер де жылы күндерді аңсап күтеді. Балалар жақсылап тыныққысы келеді, ал ата-аналар алдында ұзақ оқудан, қиын емтиханнан шаршаған баласының демалысын қалай ұйымдастыру керек деген дәстүрлі сұрақ көлденеңдейді.
Жыл сайын елімізде әр түрлі үлгідегі мыңнан астам лагерлер жұмыс істеп, 1 миллионнан астам балалар демалады. Балалардың жазғы кезде демалуы үшін лагерлердің екі типі болады: мектептегі және қала сыртындағы.
Өкінішке орай, көптеген қала сыртындағы лагерлердің жолдамасы өте жоғары, халықтың қалтасы көтере бермейтіні анық. Мұндай жағдайда балалар мен ата-аналарын жазғы мектеп лагерлері құтқарады, онда әдетте 1-4 сынып оқушылары белсенді демалып, денсаулықтарын қалпына келтіреді. Жетім, аз қамтамасыз етілген және көп балалы, толымсыз отбасы балалары мен үздік оқушылар да сол жерде тегін дем алады. Ал, жұмыс істейтін ата-аналар балалар қараусыз қалады деп алаңдамайды, мектеп жанындағы лагерде олардың демалысы қамтамасыз етілген.
Мектеп лагері — белсенді демалыс аймағы, насихаттық, дидактикалық, сөздік мектеп әрекетінен өзгеше әртүрлі қоғамдық мәні бар бос уақытты өткізу орны.
Лагерь — кез келген балаға өзін көрсетуге, өзін-өзі сыйлау мен өзін-өзі көрсете білудің жоғары деңгейіне жақындау мүмкіндігін береді. Оқушылардың күндізгі уақытын өткізуге арналған лагерьде олардың демалысын барынша оңтайлы өткізуге барлық жағдай жасалған.
Балалардың сауықтыру лагерлері — балалар өз мүмкіндіктерін, бос уақытында жеке басына қажетті дене және әлеуметтік қажеттеліктерін жүзеге асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі. Бір жағынан, жазғы лагерь-жасы, жынысы және даму деңгейі әр түрлі балалардың бос уақытын ұйымдастыру формасы, екінші жағынан-бұл сауықтыру, көркемдік, техникалық, әлеуметтік шығармашылықты дамыту кеңістігі. Жыл сайын оқушылар үшін күндізгі уақыттағы сауықтыру лагері жұмыс жасайды. Онда бастауыш сынып оқушылары, оның ішінде көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын лагерге тарту міндетті болып саналады.
Қала сыртындағы орындарының негізгі міндеттері — балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге, олардың тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталады.
Барлық балалардың табиғи дарындарының бар екені және ол дарындардың дамалуы үлкендердің бала өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастыруына байланысты екені белгілі. Оқудан бос демалыс кезінде жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады.
Лагерьлік ауысым — арнаулы педагогикалық жүйеге негізделген арнаулы ұйым немесе уақытша балалар ұжымы. Лагерь ауысымы — баланың ортасының өзгеруі, өмір сүру стилін өзгертуі болып табылады, кей жағдайда баланың түбірімен өзгеруі жағдайлары кездеседі.
Ауысым құрылымын үш кезеңге бөлуге болады: ұйымдастыру кезеңі, негізгі кезең, қорытынды.
Ұйымдастыру кезеңі. Бұл ауысымының алғашқы 3-4 күні — лагерге бейімделу уақыты. Баланың жаңа ортамен танысып, алдағы істелетін істерді танып-білу кезеңі болады. Бұл кезендегі педагогтың басты міндеті — баланың өзінің жақсы жақтарын көрсете алуына, ашылуына жағдай жасау.
Бұл мезгілдегі балалардың ара қатынасы тұрақты болмайды, ортақ қоғамдық пікірлері жоқ, бірақ берілген ұйымының қалыптасуына деген адамгершілік — психологиялық негіздері қаланады.
Лагерь ауысымының негізгі кезеңі — балалардың жеке тұлғалық өзін-өзі көрсетулері кезеңі. Бұл қысқа уақыт бөлігінің басты мәні — балалардың тұлғалық шығармашылық потенциалдарының барынша ашылуына ықпал жасайтын іс-қимыл түрлерін таңдау. Педагог бұл тұста басты ұйымдастырушы және басшы қызметінен кеңесші, үйлестіруші қызметіне көшеді. Жеке тұлғалық қатынастарды — бұл мезгіл тартыс, қақтығыстар кезеңі. Қатыныстарды іскерлік жағдайы туйындайды. Бұл уақытта балалар бірлестігінде қалыптасып келе жатқан қоғамдық (қауымдық) пікірлер үлкен маңызға ие.
Қорытынды кезең — баланың өз ісіне өзі талдау жасайтын және қорытынды шығаратын кезең. Балалар лагерден не көрді, не үйренді және осы әрекеттердің кейінгі лагерден тыс уақытта тигізетін пайдасы қандай деген сұрақтарды түсінулері керек. Педагог бұл тұста басты ұйымдастырушы және басшы қызметіне қайта ауысады.
Көңіл көтеретін ойын-сауық түріндегі өткізудің жалпыға арналған түрлері мен (лагерь деңгейіндегі шаралар) ойын-сауықтырудан бөлек шартты-талдаушы (отряд ішіндегі жұмыстар) жеке — топтық жұмыстардың арасындағы тепе- теңдік орнатылуы қажет.
Осындай кезеңдерге бөлінген ауысымдар өткізетін, жыл бойы жұмыс істейтін, №4 орта мектебне қарасты «Одуванчик» лагері.
«Одуванчик» — балалардың толық, белсенді демалуы мен сауықтыруда жағдайларды жасаудың стратегиясын ойдағыдай жүзеге асыруда.
«Одуванчик» лагерінде жүйелі түрде ұйымдастырылған балалар мен жасөспірімдердің табиғат аясындағы демалысы өте маңызды әлеуметтік – педагогикалық мәселені шешуге көмектеседі, яғни баланың бос уақытын мәдени-құнды мазмұнмен толықтырады әлемдік және отандық мәдениетке баулиды, әр баланың санасының қалыптасуына ықпал етеді және адамдар арасындағы қарым-қатынасқа, салауатты өмір сүруге деген көзқарастарын қалыптастырады.
«Одуванчик» — ауысымға қатысушы балаларға әртүрлі қызығушылық үйірмелер мен секцияларды ұсынады. Үйірмелер мен спорттық секциялардың, топтық және ұжымдық-шығармашылық іс-шаралар алуан түрлі бағыттылығы балалардың ішкі жан дүниесін және шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Жазғы демалыс кезеңімен балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалануда арнайы түрде оқу-тәрбие және сауықтыру жұмыстарын жоспарлы түрде іске асыруға арналған іс-шаралар көптеп өткізіледі.
Бос уақытын ұйымдастыру- бұл белсенді қарым-қатынас процесі, балалардың қарым-қатынас жасауға, зияткерлік және дене жағынан дамуына, мінез-құлқын қалыптастыруға деген қажеттіліктерін қанағаттандырады. Балалардың бос уақытын ұйымдастыру-баланың лагерьде болған кезеңінде бірыңғай өмір сүру процесі құрауыштарының бірі болып саналады. Оның негізі әртүрлі қоғамдық маңызды рөлдер мен жағдайларды еркін таңдап алудан тұрады, рухани-адамгершілік қарым-қатынас үшін жағдай жасалады, мінез-құлық нормасы этикет, толеранттық ережелерін бекіту жүзеге асырылады. Бала еңбекте және оқуда жүзеге асыра алмаған өзінің дене және рухани қабілеттері мен бейімділіктерін бос уақытында ашып көрсетеді.
Концертке, спорт жарыстарына, қойылымдарға бару, қыдыруға, саяхатқа шығу да баланың көңіл көтеріне ықпал жасайды. Демалыс белгілі бір шамада балаларды күнделікті шаруаларынан босатады, оларға эмоциялық көңіл — күймен өз сезімдерін ашып көрсету мүмкіндігін береді. Өздігінен білім алу балаларды мәдени құндылықтарға тәрбиелейді. Өздігінен білім алуға экскурсиялар, пікірталастар, іскерлік ойындар жатады.
Балалардың демалысының ұйымдастырылуы жайлы сөзімізді қорыта келгенде, біз көп нәрсені ұсақ-түйек санаймыз. Ал тереңірек ойлап қарасақ, жазғы лагерьлер – тек демалыс орны ғана емес, үлкен тәрбие мен үгіт-насихат құралы. Мәселен, балалар онда жай демалып қана қоймай, әрі денсаулығын түзейді, әрі қоршаған ортаны танып, еңбекке, достыққа бейімделеді. Туған жерінің орман-тауын, өзен-көлін, даласын көріп-білу және оның күллі сұлулығын сезіну әрбір баланың бойында туған табиғатын аялай сүю, қорғау сезімдерін оятып, ұлттық сананың қалыптасуына алғышарт болады.
Айналып келгенде, балаға бүгінгі жасалатын қамқорлық елдің ертеңін ойлау мақсатынан туындайтыны түсінікті жайт.