СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

 СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ  АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ  САУАТТЫЛЫҒЫН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

  1. Оқушылардың оқу-тану құзыреттілігін дамыту негізі ретінде математикалық сауаттылықты қалыптастырудың педагогикалық талаптары;
    2. Оқушылардың білім алуының аралық нәтижелерін бақылау және мәселелік есептерді шешу;
    3. PISA бағдарламасының оқу жоспарына енуі;
    4. PISA бағдарламасы тапсырмаларын жасау және орындау;
    5. Оқушылармен топтық жұмысты ұйымдастыруда жас мұғалімдердің теориялық және практикалық даярлығы;
    6. Бірлескен әдістерді қолдану арқылы мәселелерді шешу.

 

Мақсаты: PISA бағдарламасы тапсырмаларын оқушылардың орындауға дайындықтары мен оларды белсенді оқытудың стратегия негізінде математика мұғалімдерінің кәсіптік құзыреттіліктерін дамыт

  1. Теориялық материалды меңгеру:
  2. PISA бағдарламасының мақсатын, мазмұнын және құрылымын;
  3. PISA халықаралық зерттеуінің тапсырмалар типтерін;
  4. Математикалық сауаттылықтың құрылымдық бөліктерін.
  5. Элементарлы математиканың сапалы аспектісінің мазмұны мен болмысын анықтау.
  6. Тұлғаға бағытталған белсенді оқытудың бағыттарын тәжірибе барысында меңгеру және қолдана білу.
  7. Математикалық сауаттылықты дамыту үшін белсенді стратегияларды меңгеру және қолдана білу.
  8. PISA талаптарына сәйкес тапсырмаларға мысалдарды келтіру дағдыларын қалыптастыру.
  9. Оқушылардың құзыреттілігін формативті және суммативті бағалау бойынша стратегияларды қолдана білу.

 Оқыту әдістері.

Белсенді оқыту мен мәселелерді коллаборативті түрде шешудің әдістерін дәріс-әңгімелесу, белсенді оқытудың әдістерін («Мен-Сен-Біз», «Алты қалпақ», «Әткеншек», «Сократ семинары», «Мозаика», «Миға шабуыл», «Білемін, білгім келеді, білдім», «Қар үйіндісі») қолдану арқылы жүргізілетін тренингтер құрайды.

 Күтілетін нәтижелер:

  1. Курс аяқталысымен тыңдаушылар белсенді оқытудың стратегияларын қолдануды меңгереді.
  2. Мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған белсенді оқыту стратегияларын пайдалануды үйренеді.
  3.  PISA бағдарламасының математикалық сауаттылығының элементтерін сараптау және элементтерді жемісті қабылдауға қажетті стратегиялар мен дағдыларды анықтау.
  4. Элементтерді сараптау мен шешу үшін PISA бағдарламасының элементтер құрылымы мен стратегияларын түсінуді жетілдіру.
  5. Оқушылар үшін  PISA  бағдарламасы элементтеріне ұқсас үлгілер құру.

Сын тұрғысынан ойлаудың тамырын сонау гректік сократтық дәстүрге дейінгі 2500 жыл бұрынғы дәуірден көруге болады, сол кездің өзінде беделді негізде алынған білімді тексеру үшін жетекші сұрақтарды пайдалану қалыптасқан: олар тиімділік, нақтылық пен логикалық сабақтастықтың талаптарына жауап бере ала ма деген сауалды ортаға тастайды. Джон Дьюи (1-сурет) білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды, ол оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болуына бағыттау керек екендігін мойындатты. Эдвард Глейзер (1941) сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігі үш элементтен тұратындығын болжап берді:

  1. Проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде өзінің тәжірибесін қалыптастыру өрісіне

кіретін ойлау үдерісін жүзеге асыру.

  1. Логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білу.
  2. Осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдылар.

Математика пәнін оқытуда СТО технологиясының тиімділігі.
Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану қажет. Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасай дағдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет.

Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әр түрлі стратегияларын қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы — есептерді шығара білу, шапшаңдылық дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту.
Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден – бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымы мен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзінің қызметі бар. Жалпы стратегияларының саны 80 – нен асады.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз— сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау, ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі.

Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

  • Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші
  • Мұғалім- әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.

 

 

 

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт

1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

4) үйрену барысындағы оқу-шылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау;

6) оқушылардың бір-бірінің жауа-бына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Бағдарламаның ішкі құрылымы 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйрету моделінен тұрады:

  • І.Қызығушылықты ояту
  • ІІ. Мағынаны тану
  • ІІІ. Ой-толғаныс.

І .Қызығушылықты  ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру.

ІІ.Мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.

ІІІ.Ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады.