«Ертеңім елім- Елбасы !» атты патриоттық ән- би байқау сценарийі
«Ертеңім елім- Елбасы !» атты
патриоттық ән- би байқау сценарийі
Мақсаты мен міндеттері
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: жалаушалар,қанатты сөздер, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев
Жүргізуші :
Армысыздар ,ұстаздар ,әділ жандар
Білім үшін инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Патриоттық ән-би байқауына
Бүгінгі бүгінгі мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Ертеңім елім –Елбасы » атты патриоттық ән-би сайысын ашып беру құрметті мектеп директоры Гүлназ Сапорова апайға сөз кезегін береміз.
Жүргізуші :
Отан-әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз .Адам жүрексіз өмір сүре алмайтындай Отансызда өмір сүре алмайды. Отанымыз-Қазақстан . Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мелекеттер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы ,Туы,Әнұраны бар. Еліміз егемендігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды .
Тәуелсіздік таңы атты біз аңсаған,
Туған елім жайында мен ән салам
Еркіндікті арман етіп ата-бабам,
Ерлігімен өз жерін қорғай алған.
Ән «Елім-ай» Шәми Жазира
Жүргізуші :
Біздің еліміз- Тәуелсіз Қазақстан Республикасы Мемлекетіміз бұл тәуелсіздікке оңай жеткен жоқ. «Ақтабан шұбырындыны» ашаршылықпен қайғы-қасиретті, желтоқсанның суық ызғарын женген ата-бабаларымыздың арқасында біз осындай зайырлы мемлекетке айналып отырмыз.
Талай ғасыр бабалардың арманы,
Арманыңды бүгінгі ұрпақ жалғады
Егемендік белгісі боп көк туың
Аспаныңда қыран бүркіт самғады.
Ән «Ұлы Отан» Болат Әлима
Жүргізуші :
Егемендік алып, қанатымызды еркін жайғалы да , биыл 21 жыл болыпты. Қазақстан ірі мемлкеттердің бірі . Осы күннің өзінде де еліміз талай асуды бағындырды. ҮІІ қысқы Азиада
1 бет
ойындары ,ЕҚЫҰ-на басшылық ету,Ислам конференциялары,Астананың Еуразия астанасы ретінде ұсынылуы. «EXPO-2017» Қазақстанда өткізілетіндігі қазақ елінің бәсекеге қабілетті екенін бүкіл Европаға танытты. Ел экономикасы үшін жасалынып жатқан инновациялық жобалар мен Елбасы жарлықтары-Отанымыздың күннен –күнге өсуінің бірден – бір айқын көрінісі .
Кең байтақ өз жетпейсің елім менің ,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің .
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан елім менің
Ән «Әлия» Шами Жазира
Жүргізуші :
Қазағым бар қайсарлы,
Барлық елге танымды
Көк туың көкке желбіреткен,
Жасай бер ,жаса Қазақстаным!
Ән «Чемпион.дар» Дәулетбекова Аида
Жүргізуші :
Қазақстан Республикасы жерінің кеңдігімен , табиғи байлығымен мақтана алады.Бізбен бірге халқын қолдайтын,қорғайтын әділетті Елбасымыз бар.Еліміздің 131 ден астам ұлт өкілдері өмір сүруде.Олардың барлығы бір-бірімен тату- тәтті өмір сүруде.
Тілі бөлек болғанымен –тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шалқаймастан шаттығымыз тіреп тұр
Ән «Жаса Қазақстан » Сайым Айсұлу , Мұсабек Бексұлу
Жүргізуші :
Отаным десе ойыма
Түсер ақсақалды қариям,
Туған жерім –құт мекенді ,дариям,
Егеменді елім ,Туым, Әнұраным,
Ән «Егеменді Қазақстан» Болат Әлима,Сайым Айсұлу
Жүргізуші :
Қанатымды қағып ұшқан жанұям
Түсер еске Махамбеттей батырлар
Осы жолды аңсап еді ақындар
Отанымның ар намысты киесі
Мен сүйетін қалың халқым бар
Би «Буратина» 8 «а» сынып оқушылары
Жүргізуші :
Тәуелсіздік пен бостандықтың игі мұраттарын баянды етіп, өркениетті елдерге тән қадамдар жасауда ел алдындағы азаматтық, саясаткерлік, қайраткерлік және перзенттік парызын адал орындап, әлемдік беделге ие болған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен. Оны бүгінде төрткүл дүние біледі..
Туған өлкем менің гүл жайнаған ,
Бұлаында су ағып, құс сайраған.
Жайлауында көк өсіп , асып-тасып,
Құлағында асыр сап бала ойнаған
Ән «Желтоқсан» Дәулетбекова Аида , Ермазхан Ақтолқын
Жүргізуші :
Туған елім-Қазақстан сүйікті өлкем,
Мен сені әрқашанда сүйіп өтем
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
. 2 бет
Ыстыққой шіркін туған жер
Кіндік қаның тамған жер .
Неткен сұлу , неткен көркем
Осы менің туған өлкем. Ән «Атамекен». Сариева Сәрсенкүл
Жүргізуші :
Сүйемін Отанымның әрбір күнін,
Жұлдыз шашқан әсерлі айлы түнін
Сүйемін Отанымның әрбір гүлін
Маған қарап үн қатқан әсем үнін
Би «Түрікше» 7 б сынып оқушылары
Жүргізуші :
Отан деген ыстық екен оттан да
Отансыз адам болмас бұл ғаламда
Әсем оның жұпар гүлі , асқар тауы,
Кең далада жайқалған жасыл бауы
Жүргізуші :
Біз барлық мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген ортада өсіп, білім алып отырған ел келешегіміз! Сондықтан да қатарластарыма айтарым, тек жақсы оқып ,ел үшін қызмет етейік !
Біз Қазақстанның патриот ұлдарымен қыздарымыз. Тәуелсіздігіміз баянды болғай!
Атыңнан айналайын қазақ деген ,
Қазағым , қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбасын
Көрсеңде көресіңді азаппенен
Бір ата,бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз!
дей келе «Ертеңім елім-Елбасы» атты патриоттық әндер байқауын қорытындылау сөз кезегі ————————————————————————————————————— беріледі
Жүргізуші :
Елбасының келуі елдің ырыс-несібесінің мол болып, халқымыздың тұрмыс-тіршілігі қазіргіден де жақсара беретіндігіне жол ашқандай. Елбасымыздың айқындап берген бағыт-бағдарларын басшылыққа алып, еліміздің ертеңі еңселене беруі үшін еңбектене берейік, ағайын!
Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!