ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ

 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТІ  ОҚЫТУ

Білім беру  үрдісінде  педагогикалық технологияны қолдана отырып,оқушының  пәнге деген   шығармашылық  қабілетін,  қызығушылығын  арттыру    жолдары  ұсынылған.

 Усилить  интерес ученика к предмету и способность к творчеству использую педагогические технологии в  процессе образования.

To  strengthen interest of  student in subject and capacity for work using pedagogical technologies in the process of education

Ұлы  кемеңгер  Абай ақын  әр сөздің  кемел де тереңдігін  тауып айтқан. Ұстаздық  ету- талмай  еңбектену, таусылмайтын төзім, шабытты  шығармашылық, шәкірт  тәрбиелеу, сабақ беру…Өз бойына аса ауыр салмақты, тіліміздің шынайы келбетін танытар шешендік өнерін, оқулықтағы  қазыналы білімді  оқушы  бойына сіңірем деген  ұстаз  уақытының  әр минутын   жеке тұлғаға арнауы  керек. Ұстаз  жүрекпен  сөйлеп, жүрекке  жеткізеді.Тек сонда ғана баланың  бойына ұлттық  дүниетаным дәні түсіп, азаматтық  пікірі  мен  тұлғалық болмысы, тіл мәдениеті  қалыптасады.

Қазіргі  заманғы ғылыми  техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер  қойып отыр. Мұғалімдердің алдында тұрған ең басты міндет –өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның  үздіксіз өзгерістеріне бейімделе  алатын орындаушының  тұлғасын  қалыптастыру екені анық. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі  таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң  өзгерістерге байыппен қарап, оның  заман  талабына сай  мән-маңызын  түсінеді.Ол  өзгерістерді сабақ беру  үрдісіне енгізуге тырысады.

Сондай оң өзгерістердің бірі-білім беру үрдісіне жаңа педагогикалық  технологияларды енгізу.Инновациялық технолгияларды оқу процесіне енгізу бір жағынан тұлғаны  әрекетке итермелесе, екінші жағынан пәнге деген  қызығушылығын  арттырады. [1]

Т е х н о л г и я

 

 

 

 

Белгілі  бір істе, өнер саласында  жүзеге асырылатын  әдіс-тәсілдер  жиынтығы

Орыс тіліндегі  «Түсіндірме сөздік»

Шеберлік, өнер, іскерлік  өңдеу әдістері  жиынтығы, қалыптан   өзгеру.                                В.М.Шепель

 

 

Әдебиетті  оқыту көркем  шығарманы оқудан  басталады.Оқушыға көркем туындыны оқытпай, әдебиеттен  білім беру мүмкін емес.Көркем  туындыны жай  оқып шығу емес, одан алған әсері, шығарма оқушы жүрегіне, сезіміне әсер  етті ме соны білу-мұғалім үшін маңызды мәселе. Үйге берілген туындыны оқушылардың  қалай оқып жатқанын назардан тыс қалдырмауға тырысамын. Көркем туындыны  оқып болғаннан кейін мынадай жұмыстың  түрлерін жүргіземін. [2] 1.Ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы  кейде мұғалім әр оқушыға әр түрлі мазмұндағы тапсырмалар  бере отырып та тексеру. (топтық, жеке, жұппен  жұмыстың  түрлері)

Мысалы жазбаша  тапсырмалар:

А) өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша  баяндату,не сол эпизодтың мазмұнының  тезисін  жасату;

Ә) негізгі  кейіпкерлерді жинақтау.Бір кейіпкердің іс-әрекетінен мысалдар келтіру;

Б) жазбаша  викторина жүргізу.Негізгі деген жерден үзінді жазып  «ол қай оқиғадан алынды, кімнің  сөзі,қайда  айтылған сөз?» деген  сияқты  сұрақтар қойып  жауап  аламын. (ауызша  жүргізуге де болады)

В) сынақ  үлгісіндегі  ауызша сұрақ-жауап арқылы да тексеремін.

Көркем  туындыны  оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзі анық , түсінікті  оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің  ашық  болуы талап етіледі.Сыныпта дауыстап оқығанда бұлар айқын көрінеді. Дауыстап оқу мен іштей оқуды алмастырып отыру керек.Төменгі сынып оқушылары көбінесе дауыстап оқығанды ұнатады, ал жоғары сынып оқушылары іштей оқығанды ұнатады.Көркем туындыны оқу жоғары сыныптарда  үйде жүзеге асады.Себебі көркем

туындыларды былай қойып, қысқа әңгімелерді сыныпта оқуға уақыт жетпейді.Жоғары сыныптарда өтілетін роман,хикаят сияқты көлемді туындыларды  оқу тек үй жұмысы арқылы жүзеге асатынын  тіл және әдебиет ұстаздары  жақсы білетіні белгілі. Әдебиет-өнер пәні.Сондықтан  да оны көркемөнердің  басқа да салаларымен байланыстыра, салыстыра  өтудің маңызы ерекше.Әдеби мәтіндерді олардың басқа туындылармен салыстыру,

табиғат  лирикаларын өтуде  жыл мезгілдерін бейнелейтін бейнелеу өнерінің туындыларына жүгіну, ән тыңдаудың тиімділігі ерекше болады.Себебі әдебиет сабағында әннің,саздың күйдің орны ерекше. Мысалы, 7 сыныпта Қ.Аманжоловтың  «өзім туралы» өлеңін оқу талдау  барысында  әнін  тыңдатып, ән сазы өлең негізіндегі ойға, өлең идеясына  ондағы сөздерге үндес келеме ? –деген  сұрақ қойып  пікірлесуге болады.Мұндай жұмыстар

оқушының  талдау (анализ) дағдыларын жинақтауға (синтез)әрі өз бетімен бағалауға жетелейді.[3]

6-сыныпта  М.Әуезовтың  «Біржан  сал Абай  ауылында» әңгімесін талдауда мынадай  жұмыстың  түрлерін  жүргізідім.

— Оқушылар  мәтінді оқып танысқаннан кейін  жеке жұмыс жасады.

-Мәтін негізінде  сұрақтар құрастырды.

-Топқа бірігіп сызбалармен  жұмыс жасады.

 

Біржанның портретіБіржан  салға мінездемеБіржан салдың киім кию үлгісі
Орта  бойлы ,қызғылт жүзді, кең ақ маңдайлы,

нұрлы  жігіт.

Ол-Арқаға аты шыққан, бүкіл Орта жүзді асыл саз,әсем  үнімен ұйытқан –Біржан сал. Тобықты  ішіне сонау алыс Көкшетаудан келген  сирек, сый қонақ.Өзі ақын,өзі әнші,өзі сері-БіржанҮстінде  қара мақпал,кең, жеңіл шапаны бар. Омырауы ағытылған «сері жаға» ақ  көйлектің  сыртынан киген сарғылт түсті, қытайы жібек кемзалы бар.Оқалы  тақиясының жібек шоғы ырғала түседі.

-Семантикалық карта толтыру арқылы Біржан салдың бейнесін ашу бағытында жұмыстар жүргізілді.                                                                                Осы бағытта  Абайдың  бейнесін ашуға  осыған  байланысты жұмыс түрлері жүргізілді.Біржан салға «Кластер» әдісі арқылы   мінездеме берді

Біржан   сал
Ақын
Әнші
Сазгер
Халқының  сүйіктісі
Халық  қадірлісі
Ел   еркесі

 

Қорытындылауда яғни рефлексия  жүргізуде оқушының сабақтан алған әсері,істеген жұмыстарының нәтижесін ортаға салып ой бөлісті.Көркем шығарманы талдауда шығармашылық қабілеті шыңдалып,коммуникативтік, ақпараттық  құзіреттілігі  артады.

Сөзімнің  соңын шығыс  даналығының  сөзімен  аяқтаймын: «Өмірде  ең өзекті жаңалықтарданда маңызды нәрсе  бар: ол-соған мүмкіндік  берген әдістерді білу».

 

Пайдаланған   әдебиеттер:

 1.Қазақ  тілі  11 сынып     (Әдістемелік  нұсқау)   «Арман-ПВ» баспасы, 2009 ж

  1. Жоламанова Т.М. Көркем шығарманы  талдау  жолдары       Көкшетау 2012 ж
  2. Р.Құтқожина, Қ.Бітібаева Әдебиетті оқыту әдістемесі   7 сынып   Алматы  «Атамұра» 2007 ж
  3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журнал №9, 2012 ж