Қорқыт ата тағылымын мектеп жасындағы оқушылар тәрбиесіне пайдалану

                      

    Тақырыбы: Қорқыт ата тағылымын мектеп жасындағы оқушылар тәрбиесіне пайдалану

 

 

 

 

 

 

 

 

ABSTRACT

Focus: historic-kraevedicheskie routes .

Section:  history

Name of:  Kazybek Asyl

School: State Agency ‘Sumbinskaia secondary school with preschool minicentrom’

Subject:  Use of legacy Korkyt ata in the education of school – age students

The objectives: of the study main objectives of   this work use Korkyt heritage in education treating school age. Nurture   love and respect life

Scientific studies forecast:

The  finding  and  the  system  tizivanie  all  sources  of  written  and  Oral  information about  Korkyt  who  lived  in  the  state  Ogyza in early 10 th century.

 

 

 

 

 

 

 

М а з м ұ н ы

Кіріспе                                                                                                                  5  бет

1.Қорқыт ата тағылымдарының мәніне философиялық сипаттама

1.1 Қорқыт ата кітабының халықтық ұғымы                                              6-8 бет

1.2 Қазақ аңыздарындағы Қорқыт бейнесінің танымдық рөлі                   8-10 бет

2.Қорқыт ата тағылымын мектеп жасындағы оқушылар тәрбиесіне пайдалану

  1. 1 Қорқыт ата тағылымдарының мәдени-тарихи маңызы                  11-18 бет

2.2 Халықтың бақытты өмірін аңсау Қорқыт тәлімінің басты  идеясы    19-22 бет

2.3  Қорқыт  ата   мұралары туралы қазақ ағартушыларының ой-пікірі     21-22 бет

  1. Қорқыт атаның қазақ поэзиясындағы рөлі 23-24 бет

Қорытынды                                                                                                       25-26 бет

Пайдаланған әдебиеттер

Зерттеудің өзектілігі:  Тарих өмір шындығының көркем бейнесі десек, өнер де халық тарихымен тығыз байланысты.Адам санасы, ой-өрісі  мыңдағын жылдар бойы жетілетін тарихи құбылыс екендігін ескерсек,  өрен адамзат тарихындағы көркем ой жетістіктерінің бірі екендігі даусыз ақиқат.

Көне дәуірдегі түркі тарихының  өнеріне сақ-ғұн дәуіріндегі әдебиет туындыларын,  түркі және қытай халықтарына ортақ мәдени мұралар, Иран мен Тұран әлеміне ортақ әдеби шығармалар, түркі-моңғол бірлігі заманындағы әдеби мұралар, Орхон-Енисей руна жазба ескерткіштері, оғыз-қыпшық дәуіріндегі мұралар-«Қорқыт ата»  кітабы, құмандардың «Кодекус Куманикус» жазба туындысы, «Оғызнама» дастанын жатқызуға болады. Оғыз дәуіріндегі  өнердің түркі тектес халықтар үшін маңызы зор.Әсіресе мектеп оқушыларын  өмірді сүюге тәрбиелеуде берер үлесі басым.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыстың басты мақсаты Қорқыт ата тағылымын мектеп жасындағы оқушылар тәрбиесіне пайдалану,  оқушыларды өмірді сүйе білуге, құрметпен қарауға тәрбиелеу үшін қолдану.Суицид және аутоагрессивті тәртіп мәселесі қазіргі заманның аса маңызды мәселелерінің бірі. Статистика бойынша жер шарында 600 мың адам жыл сайын өзіне–өзі қол жұмсайды. Соңғы онжылдықта жастардың арасындағы өзін-өзі өлтіру 3 есеге өсті. Суицидтің  негізгі   себептері: ата-анасымен және өзімен жасты баларлармен қақтығыс, жауапсыз махаббат, болашақтың алдында қорқыныш сезімі, жалғыздық. Жыл сайын әрбір он екінші жасөспірім 15-19 жас аралығында өзін-өзі өлтіруге әрекет жасайды. Қазақстан  суицидтер  санынан алғашқы орында. Әлемде  орташа алынған мәліметтер  бойынша 9-шы орында. Жылына жержүзінде миллионға жуық адам өз- өзіне қол жұмсаса, оның сегіз мыңы – қазақстандықтар және олардың көпшілігі еңбекке қабілетті  жаста. Осындай мәселенің алдын алу үшін Қорқыт ата тағылымын сынып сағаттарына, өзін-өзі тану пәндеріне енгізілсе деген мақсатпен  жобаны ұсынып отырмын.

Зерттеудің нысаны. Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде  Х ғасырдың басында дүниеге келген Қорқыт Ата   тағылымының зерттелген еңбектерді пайдалану арқылы жұмыстың нысаны анықталды.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Оғыз мемлекетінің  тарихы мен  оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлерінің атасы болып табылатын Қорқыт еңбектерін зерттеп жүрген қазақ ғалымдар мен әдебиетшілерінің  еңбектерін пайдалана отырып осы  жұмысты қамтыдым.

                                             Негізгі   бөлім

1.

Қ о р ы т ы н д ы

Қорқыт тарихта болған адам. Ол туралы Ватикан (Рим) архивінде мынадай дерек сақталған: «Расул пайғамбар заманына жақын кезде (VIII ғ-да) Баят (Сырдария) бойында Қорқыт атты ер болыпты. Оғыз ішінде барлық уәлайатты өзіне қаратып, неше түрлі ғажайып сөздер сөйлеуші еді. Әрине, іс болса бәрі оның алдына келіп, кеңес сұрап, ол нені бұйырса соны қабыл етер еді».Қорқыт – ғұлама ойшыл-философ, сазгер, қобыз  жасаушы. Ру-тайпа қауымы куйреу дәуірінде қалыптасқан  алғашқа  эпикада  қаһармандық әлі де мифология ретінде байқалады, бастапқы мифтердің тілі мен пайымдарын пайдаланды. Мысалы, «Қорқыт ата» кітабында  Бисат Төбекөз дәудің жалғыз көзіне отқа қыздарған темір сұғып соқыр етеді. Төбекөз грек мифіндегі Полифемге ұқсас болып келеді.
Сонымен өзінің тегі мен табиғаты ономастикасы мен мифологиясы, тілі мен көркемдік мәні жағынан «Қорқыт» жырлары бүкіл түркі тайпалары эпосының басында тұрады.

 

.[2]

Өткен ғасырдың соңы, яғни 1999 жыл «Қорқыт ата жылы» болып жарияланды. Айтулы игі шараға орай халықаралық деңгейде ғылыми конференциялар  мен  мәдени  іс-шаралар өткізілді. Өнертанушылар                          Қорқыт мұрасын  терең   зерттесе,  ақын-сазгерлер  жыр шумақтарын арнаған еді. Соның ішінде «Қорқыт-қобыз» әні де бар.  Рамазан Тайманов жас әнші Гүлнұр Оразымбетованы шақырып алып, сиясы кеппеген әнді тыңдатады. Әнге ақын Оңталап  Нұрмаханұлы  сөз  жазып береді. Әнді  Болат Жүргенов есімді музыкант өңдейді.Бұл кезде жас әнші «Жас қанат» байқауына қатысуға ниет білдіріп жүреді. Байқауда «Қорқыт-қобыз» әнін орындауға шешім қабылдап, ерекше сахналық киім тіктіреді. Әнді жаздырып, байқаудың екінші күнінде орындап, әділқазылар тарапынан жоғары бағаға ие болады. «Қорқыт-қобыз» әні жас әншінің байқауда топ жарып, жеңімпаз атануына жол ашады. Осылай әуезді ән жас әншінің жұлдызын жарқыратып, бағын ашады. Кейін әнші «Азия дауысы» халықаралық байқауына қатысып,  «Қорқыт-қобыз» әнін орындап, бірінші орынды иеленеді. Сондай-ақ, ән байқауда  «Ең үздік ән» және «Ең үздік сазгер» деген номинациялар бойынша үздік деп танылады. Көп ұзамай әнші «Қорқыт-қобыз» әніне бейнебаян түсіреді. «Қорқыт-қобыз» әні арқылы әнші есімі елге кеңінен жайылып, әншінің бағын  ашқан  әндердің  біріне айналады. Әншінің бағы жануына Қорқыт   бабаның   аруағы  қолдаған  болу  керек.

Мен өз  еңбегімнің соңында М.Әуезовтың «Қазақ, халық боламын десең, бесігіңді сыйла», — деген  сөзін алғым келіп отыр. Себебі өз дәстүрімізді, ата-бабам аманатын кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырайық. Өмір бір рет келеді, сол бір ғана рет берілген  өмірді  өкінбестей  өткізіп,  ұлағатты  ұрпаққа үлгі  тәрбиелейік!Ұрпақтарымызға өмір бір рет келеді, сол өмірде ата-ананы, жақындарыңды құрметтеп, өмірден өз орын таба білуге үйретейік. Суицид туралы деректер келтіріп, сұмдық суреттерді көрсеткенше ата-бабамыздың өмірін, мәңгілік өмірді аңсауы жайында айта отырып, өмірді сүюге, шыдамда болуға тәрбиелйік.
 

 

ПАЙДАЛАНҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

  1. Айдосов А.Х. Қорқытнама. Алматы: Бастау, 1997. 68 бет.
    2. Данабаев К. Түркі жарық жұлдызы // Сыр бойы.
    3. Жарықбаев  К. Қазақ психологиясының тарихы. Алматы: Қазақстан, 1996 ж.160 бет.
    4. Қоңыратбаев  Т. Қорқыт жырларының зерттелуі // Қазақ тілі
    5. Қасқабасов  С. Ажалмен айқасқан адам //Жұлдыз. 1989ж. №8 190-198 бет.
    6. Марғұлан   Ә. Х.  Қорқыт туралы жазбалар // Қазақ әдебиеті
    7. Нысанбаева  Ә. Қорқыт-түркі әлемінің ғұлама ойшылы және гуманисі
    8.»Қазақ энциклопедиясы», VI-том Қазақ   мәдениеті. Энциклопедиялық        анықтамалық.  Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005ж.