Екі жұлдыз

Тақырыбы: Екі жұлдыз

(1 кезең).

Фанфар.

Күй әуені естіліп тұрады.

Жүргізуші:

Армысыздар  ағайын, құрбы-құрдас!

Бармысыздар, жанкүйер әз-қауымдас!

Бүгінгі концертті біз бастайық

Қошеметтеп, қол соғып отырайық!

Біздерде ойын-сауық басталады,

Тамаша күй тартылып, ән салады

Қош келдіңіз  «Екі жұлдыз» жобасына

Ұмытарсыз 1 ай  бойғы шаршағанды, — дей  келе Құрметті ұстаздар, оқушылар  және қонақтар бүгінгі «Екі жұлдыз» дүлділдер додасын бастауға рұқсат етіңіздер!

Олай болса, бүгінгі «Екі жұлдыз» жобасына қатысатын үміткерлерді сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырайық!!!!

Жүргізуші:

  • — жұп

Жайдары жарқын бала мінезімен,

Жүретін жайраңдасып шәкіртімен,

Ортаңызда Бұқарбаев Ердәулет ағай

Амангелдиева Ботагөзбен!

  • — жұп

Ботадай көздері бар мөлдіреген,

Шәкіртімен үнемі бірге жүрген.

Айгерімдей апайды қошеметпен,

Қарсы алайық оқушысы Сабинамен!

  • — жұп

Шәкіртіне мейірлене күлімдеген,

Әдептілік әліппесін және үйреткен.

Меруерттей жас маманды қарсы алайық,

Еркинбаева Іңкәр деген аруменен!

4 – жұп

Ән дегенде ерекше бір күй кешкен,

Сабақтарын әуендетіп өткізген,

Мырзағали ағайды қарсы алайық.

Анардай болашақ жұлдызбенен!

5 – жұп

Болашаққа үмітпенен қараған,

Шәкіртіне сәуле шашып сабақтан,

Жас ұстаз, Гүлжан апай  алдыңызда

Жас өнерпаз Ақботасы қасында!

6 – жұп

Балалардың шығар әркез көңілінен,

Шәкірттерін мейіріміне бөлеген.

Утегенова Рано апайды шақыралық,

Береке  атты әнші  жұлдызымен!

7 – жұп

Домбырасын өзіне серік еткен,

Сұлу сазды әндерімен тербеткен

Сегіз қырлы, бір сырлы Сәбит ағай

Бұлбұлдай әнші ару  Айнұрменен!

8 – жұп

Мейірімімен балаларды үйіре білген,

Қоғамдық жұмыстарға тағы үлгерген.

Айтбаев Мақсатты біз қарсы алайық,

Шәкірті Сұлтанбекова Арайлыммен!

9 – жұп

Шәкірттерге анасындай болып кеткен,

Күлімдеп мейірімінен жылу төккен.

Ляззат Тұрсынбекқызын қарсы алайық

Бауыржандай әнші, сері жігітпенен!

 

Үміткерлерлер сіздерге сахна төріне қош келдіңіздер дейміз.

Келесі кезекте үміткерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық:

  1. ________________________________________________________________
  2. ________________________________________________________________
  3. ________________________________________________________________
  4. ________________________________________________________________

«Екі жұлдыз» жобасының ережесімен таныс болыңыздар!

Жоба 3 кезеңнен тұрады.

Бүгінгі концерт 1 – кезеңде  үміткерлер «Вальс королі» Шәмші атамыздың әндерінен 1 ән  шырқауы керек.

Үміткерлер төмендегі критерилер бойынша бағаланады.

Орындаушылық техникасы оның ішінде вокалдық мүмкіндіктері  –  жоғарғы балл 5 балл;

Әртістігі – жоғарғы балл 5 балл;

Сахна  мәдениеті  – жоғарғы балл 5 балл.

Концерт   соңында әділқазылардың шешімі бойынша аз балл жинаған 1 жұп жобадан кетеді.

Рахмет!

Үміткерлерді сіздердің ду қол шапалақтарыңызбен сахна сыртына шығарып салайық.

Жүрргізуші:

Кешікпей келем деген өзің бе едің,

Періште елеңдеген төзімдерім.

Қалқиып қос құлағың көрінші бір,

Кім көрген ән-өмірдің көз ілгенін?

Сергіткен тіршілікті, арды оятып,

Тәуелсіз күн шуақты таңды оятып.

Халқымның құшағына сыймай кеткен,

Оралды Әнұран боп Қалдаяқов! – деп ақындарымыз жырға қосқан Шәмші атамыздың әндеріне арналған «Екі жұлдыз» жобасының 1 – кезеңін  бастаймыз.

Сахна төріне №1 жұбымыз Денешынықтыру пәнінің мұғалімі, жас ұстаз, өз ісінің білгірі, оқушылардың жүрегінен орын таба білген, үлкен мен кішіге бірдей   Бұқарбаев Ердәулет пен 9 «Б» сыныбының оқушысы, әсем де сұлу,  сыныптың сәні Амангелдиева Ботагөзді «Сыр сұлу» әнімен ортаға шақырамыз!

Келесі кезекте №2 жұп шәкірттерін аялаған, олар үшін бар білімін аямаған, салтанатты сәні бар, адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар, әріптестерін басқара білетін, қоғамдық істерде белсеніп  жүретін Қалымбетова Айгерім мен оның ботадай көзі, тәп-тәтті сөзі бар, үздік шәкірті Алтынбекова Сабинаны «Өмір өзен» әнімен ортаға құрметпен шақырамыз.

 

-Енді ортаға №3 жұп — математика пәні мұғалімі, жас маман, студенттік өмірдің қызығын әлі ұмыта қоймаған, сонда да өз ісіне ұқыптылықпен бойлаған, үйренем деп талпынған, қисық кетпес салтымнан,  айтқан тапсырманы тындыратын ұдайы,  сүйкімді де сыпайы Қарамырзаева Меруерт пен мектептің жезтаңдай әншісі, қалалық ән сайыстарының жеңімпазы  Еркинбаева Іңкәрді «Ақ Сұңқарым» әнімен ортаға  шақырамыз.

 

Сахна төріне №4 жұп — өз ұжымына ардақты, атқарар жұмысы салмақты, үлкен мен кішіге бірдей, қысқасы ұстаздардың ішіндегі ай мен күндей, жүрегіне толған ұстаздық мейірімін шаша білген, шәкірттерінің жолын аша білген тарих пәнінің маманы Абжаппаров Мырзағали ағай мен сынып белсендісі, «әнді сүйсең менше сүй» -дейтін сымбатты қызымыз Орынбасарова Анарды «Ана туралы жыр» әнімен қошеметтеп ортаға шақырамыз!

 

Енді ортаға №5 жұп – ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ,  асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, ибалы жүзді, ниеті ізгі Шланбаева Гүлжан мен мөлдір шықтай жаудыраған жанары, таудай болған ниеті мен талабы, сыныптастар сенімін ақтай аламын, бүгінгі сайысқа бар күшімді саламын деп келген Абсеметова Ақботаны «Әнім сен едің» әнімен сахна төріне құрметпен, қошеметтеп шақыралық!

Сахна төріне №6 жұп — өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, шәкірттеріне әрқашан мейірімді дос болуға жарайтын,  қалаған ісіне шын беріле істей білетін, үлкен мен кішіні бірдей сыйлап жүретін Утегенова Рано мен сабақтан рахат  табатын, қатарының гүлі, сылдырлаған үні бар Акимбаева Берекені «Кешікпей келем деп ең» әнімен ортаға ду шапалақпен шақырамыз!

-Ортаға №7 жұп — сұңғақ  бойы келбетіне сай түскен, қашпайтұғын тапсырылған бар істен, мектепке кеше ғана келсе де, кішігірім ескертулер берсе де, ренжімей күлімдейтін, ашуы еш білінбейтін, ұжымның көңілін өзіне тек қана жақсы іс-әрекетімен тарта алатын,  атқарар ісіне жанын салатын, музыка  пәні мұғалімі Сопбеков Сәбиет пен м екілік баға  алмайтын, сынып жетекшісінің соңынан бір елі қалмайтын , ісіне жауапты, білімге талапты шәкірті Паримбекова Айнұрды «Шынарым» әнімен қарсы алайық!

Келесі кезекте сахна төріне №8 жұп – айтқан сөзін орындайтын, ауыр істе мойымайтын, тәрбие ісінде алдына жан салмайтын, сайыстардың соңында ешқашанда қалмайтын,  асудан асып, шыңға шыққан, шәкіртерінің талабын айтқызбай ұққан , өз пәнінің нағыз иесі Айтбаев Мақсат пен  мерекелік шаралардың басында, тәрбие орынбасарларының қасында жүретін, шәкірттік міндетін атқара білген, ұстаздарын жанындай сүйген, белсенді де үздік оқушы Сұлтанбекова Арайлымды «Сыған серенадасы» әнімен қошеметпен ортаға шақырамыз!

-Келесі кезекте №9 жұп – қазақ тілі мен әдебиет пәнінің білгірі, ана тілдің жанашыры, айтқан сөзі шынайы, мінезі сыпайы, сөзі алтын, көңілі жарқын, шәкірттерінің сүйікті, бүгінде арамыздағы білікті мұғалім Құлманова Ляззат апай мен серілердей сырбаз, басқан ізі маңғаз, ашша көмекейі көрінген адал, сыныптың сәні, қыздардың әні, қисық қадамы жоқ, арман мен талабы көп оқушымызСұлтанбеков Бауыржанды «Ана туралы жыр» әнімен  қарсы алыңыздар!

 

Жүргізуші: Осымен «Екі жұлдыз» жобасының 1 – кезеңі өз мәресіне жетті.

Әділқазылар алқасын шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне шақырамыз.

Әділқазылар әділ шешімін шығарғанша мектебіміздің жас таланттарын сахна төріне шақырамыз.

Ән:  _________________________________________

Ән:___________________________________________

Ән:___________________________________________

Сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі «Екі жүлдыз» жобасының үміткерлерін сахна төріне шақырамыз.

  1. Бұқарбаев Ердәулет ағай мен Амангелдиева Ботагөз
  2. Қалымбетова Айгерим апай мен Алтынбекова Сабина
  3. Қарамырзаева Меруерт апай мен Еркинбаева Іңкәр
  4. Абжаппаров Мырзағали ағай мен Орынбасарова Анар
  5. Шланбаева Гүлжан апай мен Абсеметова Ақбота
  6. Утегенова Рано апай мен Акимбаева Береке
  7. Сопбеков Сабит ағай мен Паримбекова Айнұр
  8. Айтбаев Мқасат ағай мен Сұлтанбекова Арайлым
  9. Құлманова Ляззат апай мен Сұлтанбеков Бауыржан

Сөз кезегі әділқазылар алқасында.

Жүргізуші:

«Екі жұлдыз» жобасының  2 — кезеңіне өткен үміткерлерді құттықтаймыз!

«Екі жұлдыз» жобасының бүгінгі концерті осыменен  аяқталды. Сіздерді ақпан айының

22 жұлдызында болатынын «Екі жұлдыз» жобасының 2 – кезеңіне шақырамыз.

Ән аманат сіздер үшін, бар болыңыздар, сау болыңыздар!