Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Кояганова Бақыт Зиятайқызы бастауыш сынып мұғалімі
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясымен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, шәкірттердің шығармашылық қабілетін дамытуды, іс-әрекетті жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.
Мектепте білім беру жауапты іс. Өйткені, мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.
Бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттырумен бірге біліктілігін ұштап, жан-жақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.
Заман талабына сай қажетті жаңартылған өзгерістер мен ізденістер қарастырылуда. Білім берудің мақсаты, мазмұны өзгерді. Соған сәйкес оқытудын жаңа технологиясы енгізілуде.
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.
Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар — оқудың (сабақтардың) қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Бұл жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығының, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым.
Мазмұнға байланысты міндеттер:
1.Әңгімені оқып танысады.
2.Мазмұнын ашады.
3.Кейіпкерлерді салыстыра отырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты:
Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және сезімін ояту.
Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті:
- Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
- Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
З. Топтастарының сұрақтарына жауап береді.
- Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.
Тәрбиелік мәні: Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.
Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан дамытудың басты жолы сабақ өткізу мәнерін өзгерту деп білемін. Стратегияларды әр сабақтың мақсат-міндетіне сәйкес тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты.Сонда ғана оқушының оқуы мен жазуына, тілдік әрекетке өзгеріс енгізуге болады. Өз ойын айтуға еркіндік берілгенін бала сезінгенде ғана ашылады және нәтижелі болады. Оқушылардың ойлау деңгейі жоғарлайды.
Баланың шығармашылығын дамытуда мынадай әдістерді қолдандым. Әр тақырыптың идеясын оқушылардың өздері ашады. Кейіпкерге айналады, онымен бірге қуанады, қиналады, армандайды, қиялдайды, жағымды жағын алады. Мысалы: «Торғай» тақырыбын көрнекілік әдісі арқылы тақырыпты оқушылар өздері ашты. Ол үшін «Торғай, жылан, бала» сөздерін алдым. Бұл сабақта Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Болжау кестесі» стратегиясын қолдандым.
Не болады?
| Дәлел. | Не болды? |
Торғайға бір қауіп төніп тұр. Жылан торғайды жемекші, не бала торғайдың жұмыртқасын жармақшы.
| Торғайдың ащы шырылы құлаққа тиді. Жаны ашыған торғайлар жанында жүр. | Торғай тастай ағып жерге топ ете түсті. |
Талқылау кестесі арқылы проблемалық сұрақ туғыза отырып, талқылау:
1) Торғай аман, тірі қалсын ба? — Тірі қалсын.
2) Әлде жылан торғайды жеп қойсын ба? — Жоқ.
3) Бала торғайды құтқарсын ба? — Құтқарсын.
4) Бала мақсатына жетті ме? — Бала мақсатына жетті.
5) Бала неге қуанды? — Бала торғайды аман алып қалғанына қуанды.
Оқушылардың шығармашылығының дамуына ықпал ету мақсатында мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау жұмыстарын тапсырамын. Мысалы: «Ақымақ бота» әңгімесіндегі оқиғаны оқушылар былай жалғастырған болатын: « Шынар басқа ботамен дос болды. Ұлпан ақымақ ботаны қуып жіберді, сен керек емессің — деді Ұлпан. Ақымақ бота Шынарға қайтып келді. Шынар есікті ашпады. Ақымақ бота өзі жалғыз қалды.» Бұл сынды тапсырмалар оқушылардың сөздік қорларын молайтып, бала қиялын дамытады.
2-сыныптан бастап жоспар арқылы жазуға төселеді. Кейбір оқушылар ойын жазбаша жеткізуге қиналады. Ал, кейбіреулері ойын жазбаша еркін жеткізгенді ұнатады. Тірек сөздерді пайдалана отырып жазуға төселеді. Тапсырма түрлері өзгертіледі.Кейіпкерге мінездеме беру, автордың ойына өз ойларын қосу, мәтінді жалғастыру, кейіпкерге сипаттама беру, өзіндік көзқарастарын білдіру, авторға хат жазу, автор орындығы т.б. арқылы шығармашылығын арттырып, қызықтырып отырамын.
Баланы жазуға машықтандыру жағдайы жазуды талап ететін өмірмен салыстырылды. Мысалы: «Көктем» тақырыбын бірнеше тақырыптарға талдап, ұнағанына жазады. «Көктем», «Көктемгі орман», «Көктемгі жан-жануарлар» Көктем туралы оқушылардың жазған шығармалары:
Көктем келді.
Жердің аппақ қары еріді.Күн жылынды. Жерге көк кілем жабылды. Құстар қайта оралды. «Міне, саған гүлім!» — деп көктем келді.
Наурыз көктем.
Көктем келді. Күн жылынды. Құстар келіп ән салып жатыр. Жерде жасыл шөптер шыға бастады. Гүлдер гүлдеп, ағаштар бүршік атты. Барлығы келе жатқан Наурыз мерекесіне дайындалып жатыр. Мерекеде киіз үй құрады. Дастарханға қымыз қойып, бауырсақ төгеді.
Сонымен бірге 5 жол өлең құрастыру арқылы да оқушылардың тақырып бойынша ойын жинақтап, шығармашылығын дамыту жолын сабақта жиі қолданамын.
Жаңа тақырыпқа байланысты сөздік жұмысын жүргізген кезде, жаңа қолданылған сөздерге сөйлем ойлап жазумен бірге, сол сөздерді қолданып, 5 жол өлең құрастыруды да тапсырамын. Мысалы: «қырбық қар» — жаңа түскен қар.
- Ақша қар
- Мамық, ақ жібектей,
- Себелеп, ұшып жүріп жауады
- Жайнатады даланы.
- Қырбық қар – деп құрастырды.
Бастауышта сәтті сабақ белгіленген мақсатқа жетуге ұстаз бен оқушының өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асатын үрдіс.
Оқушы әректі: 1. Өз ойын еркін жазу.
- Өзгені тыңдай білу және көмектесу.
- Бірлесе әрекет ету.
- Өз әрекетін талдау.
- Өз мақсатын анықтау.
Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Бұл жұмыстарды бірнеше тақырыптар көлемінде өткіздім. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді.
Мысалы: 2-сыныпта «Ешкімге жауыздық қылма мәтінін өткенде сабақты Топтастыру стратегиясымен бастадым.
қaстaндық жамандық
дұшпандық Жауыздық арамдық
ББҮ — Білемін, білгім келеді, үйрендім стратегиясы бойынша жұмыс жүргіздім. Ол үшін тақырыпқа байланысты сұрақ қойылды.
Неге ешкімге жауыздық қылмау керек?
Білемін | Білгім келеді? | Үйрендім. |
Адам адамға ешқашан жауыздық жасамау керек. Әрқашан жақсылық жасауға тырысу керек. | Адам адамға не үшін жауыздық қылады? | Бай тіленшіге ештеңе бермеді. Ал тіленші байдың басына күн туған кезде, оны аяды. |
Сабақтың соңында мәтіннің тақырыбына байланысты өз ойларын білдіріп, көкейлеріне не түйді соны қағаз бетіне түсіреді.
Еркін жазу не эссе жазу: «Бай қайыр сұраған адамға еш нәрсе бермеп еді, басына іс түсіп, өзі де қайыр сұрап қалды. Ал кедей оған жамандық тілеген жоқ, керісінше байды аяды» …
Сыни тұрғыдан оқу мен жазу бағдарламасының нәтижесі төмендегідей болды. СТО құрылымы бойынша ұйымдастырылған сабақтар баланың ізденімпаздық, зерттеушілік, дәлелдеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытатынына көз жеткіздім.
Сабақта Сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.
Күтілетін нәтиже
Белсенділік дәлелдеу ізденіс
пікірталас
ұсыныс
Сын тұрғысынан ойлау.
салыстыру
шығармашылық
Өз ойын
тұжырымдай алу
Басқаларды тыңдай білу Қызығушылық
Сабақтың құрылымының жоспары:
- Қызығушылығын ояту. 2.Мағынаны ажырату. 3. Ой толғаныс.
Стратегиялары Стратегиялары Стратегиялары
Дөңге- Топқа Топтас- Ой ДЖИГСО-2. Венн Бес Автор Эссе.
лек үстел. бөлу тыру. шақыру диаграммасы. жолды орын
өлең дығы.
Оқушы шығармашылығы.
Шығармашылық дегеніміз — адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.
Сонымен ортақ пікірге келсек, шығармашылық- ол таң қалу және танымдық қабілет, белгісіз жағдайда шешім таба алу іскерлігі, жаңалық аша білу және өзі ашқан тәжірибені ұғына білу қабілеті.
Сабақта қолданылған стратегиялар оқушыларыма өздерінің, бір- бірінің ойпікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа, тың идеялар туындауына жол ашты.Сонымен бірге ерекше белсенділік пен шығармашылық шабыттың шарықтауы нәтижесінде олар еркіндік әлемінде еркін шарлағандай болды.
Ал, қазіргі қоғамда ақыл-ойы кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адам керектігі — әр ұстаздан талап етіледі.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Бастауыш сынып
Начальная школа / №2, 2009 ж /
2.Бастауыш мектеп / №8, 2004ж, №12, 2001 ж. №7, 2006ж. №9, 2003 ж. /
- Қазақстан мектебі /№2, 2003 ж/
4.С.Ахметов. «Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру
жолдары». Алматы «Рауан» 1994ж.