«Қош бол, қызықты Айгөлек лагері!»
Тақырыбы: «Қош бол, қызықты Айгөлек лагері!»
Мақсаты:
- Оқушылардың 10 күн бойы лагерден алған әсерлерін әңгімелей білуге, ой-өрісін кеңейтуге, бастан өткен қызықты айта білуге үйрету.
- Оқушының өмірге деген көз қарасын дамыту. Шешендік, тапқырлық өнерін байқау.
- Мәдениеттілікке, парасаттылыққа, әсемділікке, үлкенді сыйлап, кішіні құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Түрлі — түсті шарлар, плакаттар, слайд.
Түрі: концерттік бағдарлама
Өту барысы:
1-жүргізуші: Армысыңдар құрметті көрермен қауым, бүгінгі лагердің жабылу салтанатына қош келдіңіздер.
Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. «Айгөлек» лагері осы жағдайлардың қалыптасуына өз ықпалын тигізді.
2-жургізуші: Біздің ұранымыз: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!»
Шаттан, күн, балақай!
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін». Орындайтын хор!
Дамир:
Жазғы лагерді ашамын,
Бәрлерінді шақырамыз.
Күлеміз, ойнаймыз, ән шырқаймыз,
Спортпенен шұғылданамыз.
Кенжегүл:
Арманы бір, үні бір,
Аға ардақты, іні бір
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл.
Бала бағы бар елдің.
Гүлмен келсін келер күн
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
1 – жүргізуші:
Бәрін көріп келеміз,
Болашаққа сенеміз
Жақсы оқу мен еңбекпен
Біздер жауап береміз.
2 — жүргізуші:
Қызғалдақтай құлпырып,
Өсіп келе жатырмыз!
Өсіп келе жатқан қыздарымыздың биін тамашалайық.
Перизат:
Жаңбыр жауды себелеп,
Жасырынды көбелек.
Аспан кетті күркіреп,
Бұл не деген керемет..
Ән: «Жау-жау жаңбыр» Орындайтын Ақерке
Нұрлан:
Мереке бүгін, береке бүгін
Қуанып, шалқып тасыған
От боп жүр жастар,
Шоқ боп жүр жастар
Көңіл жоқ шешек атпаған
Балалар гүлдей, құлпырып күндей.
Айым:
Ұлылардан ұлағат ап жаңаша
Байқауларға ой қосамыз таласа
Талабы зор балаларды танытып
Таныстырған «Айгөлек» ол тамаша
Думан:
Көк аспанда күн күліп,
Ұл қолында ту жүрсін.
Қыз қолында гүл жүрсін,
Бірге жүрсін бүлдіршін.
Арман:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақшашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
1 жүргізуші: Ендеше балалардың өнерін тамашалайық.
Ән «Қошақан». Орындайтын ұлдар.
Жібек:
Біз кішкентай «Жұлдызбыз»,
Өнегелі ұл-қызбыз
«Балдырғанбыз» — балдаймыз,
Бақытты өмір таңдаймыз.
Шаттық — думан көңілді,
Болашаққа жалғаймыз
Айша:
Атың қандай жаз деген,
Мағына бар мәз деген.
Бар тіршілік масайрап,
Күй толқыды сөзбенен.
Нұрай:
Балаларда мәз болып,
Үйге мүлде кірмейді.
Көлге аққу, қаз қонып,
Жазсыз өмір сүрмейді.
Алихан:
Жаз болса, жердің жүзі жайнап тұрған,
Ән шырқап бұлбұл құстар сайрап тұрған.
Болғанда қырық күн шілде, сарша тамыз,
Ыстық боп, жердің жүзі қайнап тұрған.
Роза:
«Айгөлек» жан досым,
Бар баланы баураған.
Жаңа келген ғасырдан,
Жаңалығы аумаған.
Ән: «Айгөлек» хор.
Айнұр:
Балдырған тілеуі,
Балалықтың бақытын байытқан жер.
Бұзылмасын балалардың ұйқысы,
Берекелі бейбіт күнді тілейік.
Айнұр:
Келді міне тағы жаз,
Күн шуағымен жылытады.
Жылуын төгіп бізге,
Бәрімізді қуантады.
Асем:
Лучами солнышко играет,
И рыбки плещутся в реке.
И это просто означает,
Что лето на носу уже.
Ән: «Туған жер». Орындайтын Нурлан.
Назым:
Знаем,знаем,здесь мальчишки-
Озорные шалунишки!
И девчонки хороши
Улыбайтесь от души!
Бекзат:
Небо ясное, солнце красное
Настроение у нас прекрасное!
Нам с тобою здесь
Всех чудес не счесть
Если песня есть
То и дружба есть!
Ақерке:
Мен – баласы даланың,
Кең далама тартып туған баламын.
Ат үстінде ән шырқасам Алтайдан,
Ақ Жайықта қуанып ел, марқайған,
2-жүргізуші «Бауырсақ» ертегісіне көрініс қою
Кейіпкерлері:
Бауырсақ — Айша.
Ата- Нұрлан
Апа-Әсем
Аю-Думан
Қасқыр-Алихан
Қоян-Бекзат
Түлкі-Ақерке
Автор- Назым
Осымен ертегіміз бітті
-хормен сау болыңдар!!!
Қазақ биі. Орындайтын Назым.
Хор: «Туған жер»
Қорытындылау:
Балалар өздерің көргендей суретте салдық, ермек сазымен де жұмыс жасадық т.б. жұмыстарды атқардық.
Осымен лагердің жабылу салтанаты өз мәресіне келіп жетті. Келесі кездескенше ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР!