Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар.
10 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы: Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар.
Сабақтың мақсаты: 1. Саптық дайындық кезіндегі бұйрықтар
түрлерімен таныстыру. Саптық және жорықтық
адыммен қозғалыс жасауға үйрету.
- Қозғалыстағы бұрылыстар туралы білімдерін
толықтыру. Топтық жұмыс жасауды дамыту.
- Отанын қорғай алатын, елін, жерін сүйетін
жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Өтетін орны: Мектеп алаңы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сапқа тұрғызу.
- Взвод командирінің баяндамасы.
3.Сәлемдесу.
- Сырт келбетін тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Сап дегеніміз не?
- Қатар дегеніміз не?
- Қаптал дегеніміз не?
- Мандайшеп дегеніміз не?
- Аралық дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Орында тұрғандағы бұрылыстар: «Оң-ға!», «Сол-ға!», «Артқа бұ-рыл!» пәрмендері бойынша орындалады.
Артқа және солға бұрылу – сол қол жаққа қарай, сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға бұрылу – оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.
Бұрылыста екі тәсілде орындалады:
- Бірінші тәсіл – дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылуы керек, алдыңғы тұрған аяққа дененің салмағын салу керек;
- Екінші тәсіл – қысқа жол арқылы екінші аяқты қою керек.
Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.
Адыммен қозғалыс жасау минутына 110-120 адым адым жасау жылдамдығымен жүзеге асырылады, адымның шамасы 70-80 см.
Жүгірумен қозғалыс жасау минутына 168-180 адым адым жасау жылдамдығымен жүзеге асырылады, адымның шамасы 85-90 см.
Адым саптық және жорықтық болады.
Саптық адым бөлімшелердің салтанатты шерумен жүріп өтуі кезінде; олардың қозғалыс кезінде әскери сәлемдесуді орындау кезінде; әскери қызметші саптан шыққанда және сапқа қайта келгенде, сондай-ақ саптық даярлық жөніндегі сабақтарды қолданылады.
Басқа жағдайларда жорықтық адым қолданылады.
Саптық адыммен қозғалыс жасау: «Саппен адым бас!» (қозғалыс кезінде: «Саппен – адымда!») пәрменімен, ал жорықтық адыммен қозғалыс жасау: «Адым – бас!» пәрмені бойынша басталады.
Алдын-ала пәрмені бойынша денені біршама алға ұмсындырылады, оның салмағы орнықтылығын сақтай отырып, оң аяққа салу керек; орындалатын пәрмен бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.
Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың ұшын жерден 15-20 см жоғары көтеріп, аяқ алға созылады және табанға нық қойылады. Иықтан бастап қолдармен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға – оларды шынтақта денеден алақанның еніндей ұстап, белдіктен жоғары көтерілетіндей бүгіп, ал шынтақ қолдың білегінің деңгейіндей болу керек; артқа – иық буынның шегіне жеткенше. Қолдың саусақтарын жартылай бүгіп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарай қарау керек.
Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғалу керек және оны жерге әдеттегі жүрістегідей қою керек; қолмен дененің айналасында еркін қозғалыс жасау керек.
Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Тік тұр!» пәрмені бойынша саптық адымға көшу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Еркін тұр!» пәрмені бойынша жорықтық адыммен жүру керек.
Орында тұрып адым жасауды көрсету: «Орында адым – бас!» (қозғалыста: «Орында!») пәрмені бойынша жүргізіледі.
ІV. Сабақты бекіту.
Практика жүзінде орындау.
- Сабақты қорыту.
- Адыммен қозғалыс жасау минутына қанша адым?
- Жорықтық адыммен қозғалыс жасауда қандай пәрмен беріледі?
- Саптық адыммен қозғалыс жасағанда аяқтың ұшы жерден қанша см
көтерілуі керек?
- Адыммен қозғалыс жасағанда адымның арасы, шамасы қанша см?
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма.
- 2. Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен
қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар. 266-268 бетті оқып келу,