Жеңіл атлетика. Биіктікке секіру.

Қарағанды облысы, Жәйрем кентінің № 10 жалпы білім беретін мектебінің І санатты

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Омаров Сайлау Аманкелдіұлы

 

Сабақтың тақырыбы:   Жеңіл атлетика.  Биіктікке секіру.

 

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды биіктікке секіру техникасын үйрету,

2) жеңіл атлетика спортына баулу, ептілік қабілетін жетілдіру,

3) ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

 

 

Сабақтың барысы:

 

УақытыМетодикалық нұсқау
Кіріспе бөлім 

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсатымен таныстыру.

ІІІ. ЖДЖ орындау

Мойынға жасалатын жаттығулар (оңға,солға айналдыру). Қолға жасалатын жаттығулар (ішке және сыртқа айналдыру). Иыққа жаттығулар (алға және артқа айналдыру). Белге жасалатын жаттығулар(оңға және солға айналдыру). Аяққа жасалатын жаттығулар. (ішке,сыртқа айналдыру)

 

10 мин. 

Дайындық   бөлімі. Оқушыларға сабақтың тақырыбын түсіндіру. Екі және үш қатарға тұру; залды айналып жүгіру, тыныс алу, баяу жүгіру; оң қапталмен алға жүгіру; сол қапталмен алға жүгіру; аяқты қайшылап жүгіру оң,сол аяқпен секіру; аяқты алға артқа сермеп жүгіру; тізені көтеріп жүгіру.

 

Негізгі бөлімІІІ. Жаңа сабақ.

1)Биіктікке секірудің де төрт элементі бар: екпіндей жүгіру, секіру, кедергіден асу және жерге түсу.

2)Дайындық жаттығулары:

Әр оқушы өзінің серпілетін орнын айқындап алу (оң қаптал және солқаптал). Кедергіден бір орында тұрып аттан өту (аяқты қайшылап аттау). Бір орында тұрып секіру(оң және сол аяқпен серпіліс жасау).

3)Бір қадам жасап секіру (6-7 табан болатындай тағы бір байқау қадамын қосу керек.) Екі қадам жасап секіру.

Үш қадам жасап (тек мұнда кедергіден үш қадам қашықтық жан екпіндей адымдап келу керек.)

ІҮ. Пысықтау.

1)Биіктікке секіру – жеке оқушымен жұмыс;

2)60 м жүгіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

30 мин

 

 

 

Жүгіріп келіп аяқты қайшылап секіру(керілген кедергіден ара қашықтық сақтау.)

 

Оқушыларға демеу жасап тұру.

Қорытынды бөлім 

Ү.Сабақты қортындылау.

 

Залды айналып баяу жүгіру, жүру, тыныс алу жаттығуларын орындау (терең тыныс алу)

 

 

 

5 мин

 

 

Сабақты қорытындылау.

 

Үйге тапсырма.