Қазақша күрес. Аяқтың артынан шалып жығу әдісі.

 

  Сабақтың тақырыбы: Қазақша күрес. Аяқтың артынан шалып жығу әдісі.

 

Мақсаты:     Ұлттық күрес әдістеріне оқушыларды баулу. Ұлттық ойындарға

оқушылардың  сүйіспеншілігін ояту, үйрету.

 

  1. Білімділік:    Шалып құлату, жығу әдісін үйрету.
  2. Тәрбиелік: Қарсыласын сыйлау, адамгершілік қасиетін тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық:  Күрес тәсілдерін дамыту, жетілдіру.

 

Күтілетін нәтижесі:      Оқушылар күрес тәсілі ережесін үйренеді, ұлттық спорт түрлеріне

деген  қызығушылығын арттырады.

 

Уақыты:     45 минут         Өтетін орны:   Дене шынықтыру залы.

 

Сабақтың типі:  Оқу үйрену сабағы.  Сабақтың түрі:   Практикалық: жаттығулар орындау

 

С/ методикалық жабдықталуы:       Ысқырық, күрес киімі, төсеніш (маты, матырас)

                                                                                  

Сабақтың жобасы:

  1. Дайындық бөлімі:
  2. Ұйымдастыру кезеңі
  3. Жүру, жүгіру жаттығулары
  4. Арнайы жаттығулар орындау.

 

  1. Негізгі бөлім:
  2. Техникалық қауіпсіздендіру жаттығулары.
  3. Аяқтың артынан шалып жығу әдісін үйрету.
  4. Қайталау жаттығулары.

 

III. Қорытынды бөлімі:

  1. Бағалау
  2. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

 

 

 

С/б

 

Сабақтың мазмұны

 

t

 

Ұ.Ә.Н.

1234
 

 

I.

1. Сапқа тұрғызу. Рапорт. Сәлемдесу. Сабақтың мақсат міндетімен таныстыру.

2. Жүру: аяқ ұшымен және өкшесімен, аяқтың сыртқы және ішкі қырымен , аяқтың өкшесінен ұшына көтеріліп

жүру.

 

 

 

15

  Оқушылардың спорт формасына, психологиялық атмосферасына көңіл бөлу.

 

Жаттығулардың дұрыс орындалуына көңіл бөлу.

1234
 

Жүгіру:

жеңіл жүгіру, тіркеме адыммен,  тізені көтеріп, аяқты артқа тастап бір аяқта секіру.

 

 

3. Арнайы жаттығулар.

 Алға, артқа домалау. Оң, сол қапталмен аунау.

Тобық, тізе, қол, мойынға арнайы дене қыздыру жаттығуларын орындау.

 

Сабақ барысында қателерді ескертіп түзетіп отыру.

 

 

 

 

 

ІІ.

 

 

Аяқтың артынан шалып жығу әдісін көрсету.

 

         Әдісті қолданушы қарсыласының оң қол жеңінен, оң қолмен оң жағасынан ұстап екі қолмен тартып қарсыластың дене салмағын зкшесіне ауыстырып, тепе-теңдікке келтірмей, оң аяқпен алға жылжып қарсылас тірсегінің артынан қағып құлатуы керек.    

 

         Қарсыласын шалып жығу кезінде оның құлауын жұмсартып күрес киімінің жағасынан ұстап жұмсақ құлауын қамтамасыз ету керек.

 

 

 

 

Жұптасып аяқтың шалып құлату әдісін қайталау жаттығулары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау.

Жаттығу кезінде жығу техникаларының дұрыс орындалуын бақылау.

 

 

ІІІ.

 

1. Оқушыларды бағалау.

 

 

2. Үйге тарсырма.

 

 

5

 

Оқушылардың жетістіктерін, кемістіктерін ескере отырып бағалау.

 

Алға, артқа домалау, көпірге тұру.