Допты алып жүріп, кеудеден екі қолмен беру.
Ашық сабақ
Спорт ойындары бөлімі (баскетбол)
Тақырыбы: Допты алып жүріп, кеудеден екі қолмен беру.
Мақсаты: а) Білімділік. Баскетбол сабағына қойылатын негізгі талаптардың игерту, ойын тәсілдерімен. Қорғану әдістерімен таныстыру
ә) Тәрбиелік. Қарсыласын сыйлауға, өзара достыққа тәрбиелеу .
б) Дамытушылық. Қозғалыс мүшелерін, қол, саусақ, аяқ қимылдарын дамыту.
Міндеттері: 1. Қозғалыс сапасын кешенді дамыту
- Шеңберді айнала допты алып жүру әдісін қайталау
- Допты алып жүріп,кеудеден екі қолмен беру әдісін үйрету
Құралдар: баскетбол доптары, ысқырғыш, плакат, секундомер
Дайындық кезеңі 12 – 15
Сабақтың жеке міндеттері | Құрылымы | Мөлшер | Методикалық нұсқаулар |
1.Сабақтағы оқу қызметіне түсінік | 1.Сапқа тұру, рапорт, сабақ міндеттерін хабарлау | 1 | 1.Оқушылардың сыртқы сипаттарына, көңіл – күйлеріне көңіл бөлу. Оқу тапсырмаларын сапалы орындаған бірнеше оқушы бағаланатыны хабарланады. |
2.Сабақта өлілген қозғалыс түрлерін есте сақтау қабілетін дамыту | 2.Бір орында тұрып айналу | Нақты команда беру | |
3.қозғалыс тірегінің дұрыс қалыптасуын қатаң бақылау | 3.Жүру : А) қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен жүру Ә) қолды жанына ұстап, өкшемен жүру Б) қолды белге қойып, аяқтың сыртқы жағымен ішкі жағымен жүру | 1-2 | А) қолды бүкпей түзу ұстау Б) басты түзу, арқылы тік ұстау В) басты көтеріп, тізені сәл бүгу. |
4. Жылдамдықты дамыту | 4.Шеңбер бойымен жүгіру А) оң жағымен Ә) сол жағымен Б) Артқа қарап жүгіру Арнаулы жүгіру жаттығулары А) тізені жоғары көтеріп жүгіру Б) аяқты алға соза жүгіру | 30
2*15м
2*15м | 4. Қолды артқа айналдыра сермеу. А) тізені жоғары көтеру Б) жауырынды түзу ұстап,басты тіктеу |
В) жүрелей отырып секіру Г) төрт тағандап жүгіру Д) қарғу | 2*15м 2*15м 1*15м | В) қол – аяқ қозғалысының бірізділігін қалағалау Г) тізені жоғары көтеріп , қолды артқа сермеу | |
5. Ұжымдық қатынас дағдыларын қалыптастыру | 5.Сапқа бір бірден тұру, жалпы дайындық жаттығулары | 5.Санау арқылы жүргізу | |
6.Білек жаттығулары | 6. Саусақтар айқастыра өзіне қарай айналдыру | 4р | 6.Жай санау арқылы жүзеге асады |
7. қолды қозғалту қабілетін дамыту | 7.Саусақты айқастыру Қ.Ж – қолды бүгу 1) қолды алға созу 2)Қ.Ж 3)Қолды жоғары созу 4) Қ.Ж | 4-5р
4-5р | 7.Білек жаттығуын сауатты жасауын қадағалау |
8. қол қабілеті қозғалысы қабілетін дамыту | 8. Жұмулы жұдырықты жанға созу 1-4 Білекті алға созып айналдыру 1-8 Білекті артқа созып айналдыру | 8.Допты алып жүруде қажетті жаттығуларды көрсету | |
9. қолмен аяқ өозғалысы қабілетін дамыту | 9.Қ.Ж Қолды бүгіп алға ұстау 1 – сол аяқта адымдай жүріп, солға бұрылу 2 – оң жаққа да солай | 7-10р
Қ – 7р | 9.Тізені дұрыс бүгу |
10. оқушылардың өзіндік жұмысын тексеру | 10. а) Қолды бүгіп жазу Б) Шалқалай жатып, денені көтеру, қолды желкеге қою | Ұ-15р Қ-10р | 10 а)Қол жаттығуларының сауатты орындалуын қадағалау Б) аяқты түзу ұстап, аяқ ұшын алға созу |
Негізгі бөлім 28 — 30 | |||
11.өткен тақырыпты қайталау | 11.Допты шеңбермен алып жүру тәсілін қайталау- | 4-5 | 11.дайындалған оқушының сабақ элементтерін көрсету |
12. оқушылардың жаңа тақырыпты түсінуі | 12. допты алып жүріп кеудеден екі қолмен беру А) допты алу – берудің тәсілдерін қолық түсіндіріп көрсету Б) дайындық кезіндегі оқушының жіберген кемшілігін дер кезінде түзету | 12. допты алып келе жатып тоқтаған кезде , өзін өзі қадағалау қабілеттерін дамыту . оқушылардың білекпен жұмыс жасау дағдысын күшейту | |
Қорытынды бөлім 5 – 7 | |||
13. оқушылардың психологиялық эмоциялық көңіл – күйлерін бірте бірте азайту. Ең ынталы оқушыларды мадақтау | 13.Бір қатарға сапқа тұру, шеңберді айналып жүгіру , жүру «Кім жылдам байқағыш»ойыны | 13.Демалуын қалыпқа келтіру . орыстың ұлттық ойыны «Қарға мен торғай» | |
14. оқушылардың оқу қызметін Қорытындылау және бағалау. Үй тапсырмасын беру | 14. Сапқа тұру, жүрек ағымын тексеру. 89 – 90 б күш дамыту жаттығулары | 14. оқушылардың табысын журналға баға қою барысында атау. |