Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы
Сабақ тақырыбы: Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы
Өткізетін орны: спорт зал
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
- Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
- Оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке, икемділікке, ептілікке тәрбиелеу;
- Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Құрал-жабдықтары: Ысқырғыш, секундомер, т.б.
Мазмұны | Мөлшері | Әдістемелік нұсқау |
І. Дайындық бөлімі Сапқа тұрғызу — Түзел! — Тік тұр! — Саламатсыздар ма?! Жүру жаттығулары: -қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру, — қол белде, өкшемен жүру; -қол алда, жартылай отырып жүру; -қол желкеде, толық отырып жүру. Жүгіру жаттығулары: — Қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу; — Қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу; — Сол қол алда, артпен жүгіру; — Қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру; — Қол желкеде, аяқты артқа сермеп жүгіру. — Екі қолды алға созып, тізені жоғары көтеріп жүгіру. — Екі қол артта, аяқты артқа лақтырып, қолға тигізе жүгіру. — Екі қол жанда, аяқты жанға сермеп жүгіру. — Сап бойынша жру — Тыныс алу жаттығулары. Жалпы дамыту жаттығулары: — Б.қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басымызды солға 4 рет, оңға 4 рет айналдырамыз; — Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол иықта, қолымызды алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз; — Б.қ. аяқ иық көлемінде, сол қол белде, оң қол жоғарыда, 4 рет сол жаққа, 4 рет оң жаққа қисаямыз; — Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз;
| 20 мин.
| Оқушыларды тексеру, дене киімін қарау.
Қолды бүкпей, толық айналдыру
Аяқты бүкпей орындау
Денені тік ұстау
Қолды бүкпей, толық қисаю
Көзді ашып, басымызды толық айналдыру.
Аяқты бүкпей толық қисаю.
|
ІІ. Негізгі бөлім Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы: — Оқушыларды екіге бөліп спорт алаңын айналдыра жүгірту; — «Сөреге!», «Дайындалыңдар!», «Жүгір!» командаларын түсіндіру және орындау; — Кеудені дүрыс ұстап, қолдың дұрыс сілтеу және дұрыс тыныс алу жаттығуларын жасау; — Қол мен аяқты айқастыра кең адымдап және қысқа адымдап жүгірту; — Оқушыларды бір орыннан жүгірту
| 20 мин.
| Оқушылардың сөре сызығында дұрыс отыруын және сөреден шығуын қадағалау.
|
ІІІ. Қорытынды бөлім Сапқа тұрғызу — Түзел! — Тік тұр! — Еркін тұрыңдар! Үйге тапсырма беру; Жүйелі түрде бағалау; Оқушылармен қоштасу.
| 5 мин. | Оқушылардың сабақ барысында жіберген қателіктерін айтып, ескерту. Үйге берілген жаттығулардың орындалуын қадағалау |