«Толағай» спорттық – отбасылық сайыс
«Толағай» спорттық – отбасылық сайыс
Мақсаты: Ата-ана,оқушы,мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында және спорттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыра отыра ептілікке,жылдамдылыққа,шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: доптар,шығыршық,түрлі-түсті шарлар,төсеніш,қап,арқан,қасық,теннис добы,кеглилер.
Сайыс шарттары:
1.Тіке жүгіріс
2.Шығыршықпен допты алып жүру
3.Қаппен секіру
4.Шар ату
5.Кедергілерден өту
6.Ептілікті байқау
7.Тіркесіп жүгіру
8.Үзілісті жүгіріс
9.Арқан тартыс
10.Кім жылдам? (логикалық есеп шығару)
11.Капитандар сайысы
Сайысқа 3 отбасы қатысады.(құрамында 3адам)
Сайыс шарты бойынша әр топтың аты,төсбелгісі,ұраны болады.
Сайысты бағалайтын төрешілер құрамы сайланады.
Сайысқа түсетін отбасыларының тобының аты: «Арлан» тобы
«Бірлік» тобы
«Смайлик» тобы
1.«Тіке жүгіріс» ысқырып белгі бергеннен бастап тіке жүгіріп,белгіленген жерден кеглиді айналып өтеді.
- «Шығыршықпен допты алып жүру» допты кедергілердің арасымен алып жүру.
- «Қаппен секіру» бел тұсына дейін қапты киіп,қос аяқпен секіру.
- «Шар ату» отырып,қаз жүрісімен жүріп барып,белгіленген жерден шарды атып жару.
- «Кедергілерден өту» жүгіріп келіп төсеніштің алға домалып түсіп,шығыпшықтың арасынан өтіп,жүгіріп қайту.
- «Ептілікті байқау» теннис шаригін қасыққа салып,ауызға тістелеп жүріп қайту.
- «Тіркесіп жүгіру» алдағы екі ойыншы тіркесіп жүгіріп қайтып,үшінші ойыншыны тіркестіріп жүгіріп шығу.
- «Үзілісті жүгіріс» алаң ішіндегі (едендегі) сызық бойынша үзілісті жүгіріспен жүріп қайту.
- «Арқан тартыс»
- «Кім жылдам?» логикалық есеп шығару (уақыт есебімен)
4 4 4 4 = 20
- «Капитандар сайысы» гір тасын көтеру
Сайыс соңында төрешілердің шешімімен жеңімпаз топ белгіленеді.
Жүлделі 1 орын 48 ұпаймен «Бірлік» тобы
2 орын 46 ұпаймен «Смайлик» тобы
3 орын 44 ұпаймен «Арлан» тобы м а р а п а т т а л а д ы.