“Көңілді эстафета”
“Көңілді эстафета”
Сайысымыздың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың бойындағы спортқа деген қызығушылығмен білімін арттыру.
Дамытушылық: Дене шынықтыру мен спортқа қызықтыру және жылдамдықтарын дамыту,қалыптастыру.
Тәрбиелік: Алдына мақсат коя білуге,жеңіске жете білуге және жолдастық қарым- қатынастардың қалыптасуына тәрбиелеу.
Сайысқа қатысушылар: 4-сыныптар.
Команда құрамы: 3ер бала,3қыз бала,әр сыныптын 6 оқушыдан.
Керекті құрал-жабдықтар: Эстафета таяқшасы,4 доп, 4 шығыршық,қасық,су құйатын ыдыстар шелек, кедергілер,ысқырық,секундамер.
Саламатсыздарма құрметті ұстаздар,оқушылар және жанкүйерлер,бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай ұйымдастырылған «Көңілді эстафета» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымызға 4-сынып оқушылары қатысады. Сонымен ортаға қатысатын командаларды шақырамыз.
4 «а» «Жалын»
4 «ә» «Жасұлан»
4 «б» «Жас Қыран»
4 «в» «Жас Қыран»
Спортқа берік сенеміз.
Думанға қызық келіңіз.
Әділқазы ел сенген,
Сайысқа баға беріңіз.
Келесі кезекті сіздерді бүгінгі сайысымызға әділ төрелік ететін әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
- Серікбаев. Н
- Жарқынбаев. Ә
- Рысмамбетова. Н
- Әбсәттәрқызы. М
Бүгінгі сайысымыз 7 кезеннен тұрады.
Әр ойын кезендерінен кейін топтардың ұпайлары көрсетіліп отырады.
Сайыс 2,3,4,5,балдық жүйемен бағаланады.
Ендеше сайысымызды бастаймыз.
1.Таныстыру(топтың аты,ұраны,төс белгісі)
2.Кім жылдам?(эстафета таяқшасы арқылы жүгіріп барып,қайту)
3.Кенгру.(допты аяқ арасына қысып жүгіру)
4.Тасушы.(обручпен ойыншыларды кезек-кезегімен тасу)
5.Әтештер.(команды капитандар сайысы,шеңбер ішінде бір аяқты көтеріп,иықпен итеріседі)
6.Қасықпен су толтыру.
7.Қақпаға доп соғу.(көзді орамалмен байлап,5-6метр жерде тұрып,ашық қақпаға доп соғу)
Сөз кезегі әділқазылар алқасында. Сайыс қорытындысын айтсаңыздар. Осымен ойынымыз аяқталды Өмірлеріңіздің әр күні осындай жеңістер мен сәттілікке толы болсын. Көп рахмет!