«Баскетбол. Жұлып алу, қағып жіберу және тосқауыл қою»
Сабақ тақырыбы: «Баскетбол. Жұлып алу, қағып жіберу және тосқауыл қою»
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға баскетболдан допты жұлып алу, қағып жіберу және қарсыласқа тосқауыл қойып, кедергі әдістерінің техникасын үйрету арқылы спорт ойындарына қызығушылығын арттыру;
- Оқушылардың жылдамдық, күш, икемділік т.б. қасиеттерін дамыту.
3.Саламатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спорт түрлерімен шұғылданатын шыныққан, дені сау тұлға тәрбиелеу.
Өтетін орны: спорт алаңы
Керекті құралдар: ысқырық.
Сабақ бөлімі | Сабақ бөлімі | Уақыты | Әдістемелік нұсқау |
I
Ұ Й Ы М Д А С Т Ы Р У
Б Ө Л І М І
| — Сапқа тұру. Рапорт. Сәлемдесу. Саптық жаттығулар — Түзел! Тік тұр! — Оңға, солға, кері айнал! — Сабақтың тақырыбын айтып мақсатымен таныстыру — Алаңды айналып жүру Жүру жаттығулары: 1. Қолымыз жоғарыда аяқтың ұшымен жүру 2. Қол желкеде өкшемен жүру 3. Қолда аяғымызға тигізіп жүру 4. Қол алда жартылай отырып жүру 5. Қол белде толық отырып жүру 6. Қол белде отырып екі жанға секіріп жүру Жүгіру жаттығулары: 1. Қол белде аяқты артқа лақтырып жүгіру 2. Қол белде аяқты алға лақтырып жүру 3. Қол алда тіземізді жоғары көтеріп жүру 4. Қол жанда аяқты екі жанға лақтырып жүгіру 5. Қол белде жанымызбен жүгіру Ж.Д.Ж 1. Б.қ. н.т. қолымыз белімізде, аяқ иық деңгейінде, басымызды 1 дегенде алға 2 артқа 3 оңға 4 солға еңкейтеміз. 2. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінде басымызды оңға 4 рет солға 4 рет айналдырамыз. 3. Б.қ. н.т. қолымыз иығымызда, аяқ иық деңгейінде, йығымызды алға 4 рет артқа 4 рет айналдырамыз 4. Б.қ. н.т. қолымыз кеуде тұсында аяқ иық деңгейінде 1 – 2 қолымызды артқа сермейміз. З – 4 оң жаққа сермейміз. Келесі З – 4 сол жаққа сермейміз. 5. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде 1 –артқа шалқаямыз, 2–алға иілеміз (қолымызды аяғымызға тигіземіз), 3–қолымызды жазып отырамыз, 4–б.қ. 6. Б.қ. н.т. оң қол жоғарыда сол қол төменде 1 –2 қолымызды артқа серменйміз. 3–4 қолымызды ауыстырамыз. 7. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде. 1 –2–3–4 белімізді оңға айналдырамыз, келесі 1 –2–3–4 солға айналдырамыз. 8. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінен алшақ. 1 –оң аяққа қолымызды тигіземіз. 2 –сол аяққа қолымызды тигіземіз. 3 – ортаға еңкейеміз 4 – Б.қ. 9. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінен алшақ. 1 –оң аяққа отырамыз. 2 – Б.қ. 3 –сол аяққа отырамыз. 4 –Б.қ. 10. Б.қ. н.т. қол тізеде, аяқ иық деңгейінде, тіземізді ішке қарай 4 рет, сыртқа қарай 4 рет айналдырамыз. 11. Б.қ. н.т. қол тізеде аяқ қосылған тіземізді оңға 4 рет, солға 4 рет айналдырамыз. 12. Б.қ. н.т. қол белде оң аяққа 4 рет, сол аяққа 4 рет, қос аяққа 4 рет секіреміз. | 5-10 мин 4-5 рет
1айналым
1айналым 1айналым
1айналым
1айналым
1айналым 1айналым 1айналым 1айналым 1айналым
4-5 рет
4-5 рет
4-5 рет
3-4 рет
3-4 рет
5-6 рет
5-6 рет
4-5 рет
4-5 рет
4-5 рет
4-5 рет
4-5 рет | Спорттық кимдеріне көңіл бөлу Дұрыс бұрылуын қадағалау
Қолымыз ішке қарайды, шынтағымыз бүгілмейді Денемізді тік ұстаймыз
Тіземіз бүгілмейді
Тіземізді барынша жоғары көтереміз
Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау
Алақан жайылған күнінде
Қолымызды аяғымызға тигіземіз
Шынтақты бүкпейміз
Тізе бүгілмейді
Аяқтың ұшына секіреміз |
II
Н Е Г І З Г І
Б Ө Л І М
| 1. Жаттығу — Негізгі жаттығулар. — Дайындық жаттығулары. — Жетекші жаттығулар. Допты иелену тәсілдеріне қағып алу,жұлып алу және қалқаннан секіргенде алу жатады, ол қарсы әрекет тәсілдеріне адастыру, жұлып алу, лақтырғанда тартып алу жатады. Қағып алу- қарсы шабуыл жасауға және допты жүргізуге мүмкіндік береді.Оның арқасында қолдан-қолға беруге,жүргізуге қарсы тұруға болады.Қолдан-қолға бергенде қағап алу.Шабуылушыға қолдан-қолға беріп жатқан кезде қорғаушы оның жанына немесе арқасына орналасады. Жұлып алу — қарсылас допты ұстап тұрып айналып жатқанда жұлып алса пайдалы, жұлып алудың 2 тәсілі бар:өзіне қарай жұлқу және қарсыластан алға-төмен жұлқылау. Допты секіру кезінде алу — лақтыра шабуылға және қарсы шабуылдауға мүмкіндік береді. Допты алу үшін бірінші болып алып шығып, жоғары секіріп, допты ұстап алуы керек. Жерге түскенде аяқтарды кеңінен ашып, шынтақтарды шетке кіріп, допты кеуденің астына тығу керек. Тартып алу-ойыншы орнында допты ұстап тұрғанда немесе жүгіртіп жүргенде орындауға болады. Қолдан тартып алу. Ойыншының жанына сәтті әрекет жасай алатындай немесе сәтсіздікке артқа шегінуге болатындай қалыпта жақындау керек. Шапшаң және өте аз уақытта тырыстыра ұстаған саусақтармен допты бос жерге ұрып үлгеру керек. Жүгірту кезінде тартып алу. Доп басқарған қарсыласты шеттегі сызыққа бағыттап сәл итермелеп допты жанынан тартып алады. Тойтарыс беру-допты тосуға немесе басқау болмағанда қолданылады. Доптың лақтыруың қолынан босағанын көре сала шапшаң әретпен доптың ұшу траекториясынан алып ұлгеру керек. Бұл тәсілдің сәттілігі әрекеттің өз уақыттылығына және әрекет орындаушының секіру биіктігіне байланысты. 2.Жаттығу техникасын жетілдіру жаттығулары Екі жақты қызықты ойын 3. Дене қасиетін дамыту жаттығулары. | 25-30 минут |
Ойын ережесін қатаң қадағалау |
Қ О Р Т Ы Ы Н Д Ы | Қалпына келтіру және босаңсыту жаттығулары. — Оқушылардың тыныс алуын қалпына келтіру — Сапқа тұрғызу. — Сабақты қорытындылау. — Жақсы қатысқан оқушыларды өте жақсы деген бағамен мадақтап бағалау. — Үйге тапсырма беру. — Оқушылармен қоштасу | 5-7 минут
2айналым | Сапқа дұрыс тұруын, тыныс алу жаттығуларын дұрыс жасауды қадағалау.
|