«Буындарына арналған гимнастикалық массаж»

Оқушының аты-жөні: Жадраева Жансауле.

Сабақтың тақырыбы: Буындарына арналған гимнастикалық массаж.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Мақсаты:  Буындарына жиналып қалған сіңірлерін жан-жаққа жазу. Дұрыс және абайлатып қозғалтып білу. Буынының арасына жиналып қалған еттерді жазу.

  1. Сәлеметсің бе, Жансауле! Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше сабақ. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Буындарына арналған гимнастикалық массаж». Қазір мен сенің қолыңа массаж жасаймын, сосын денеңе және аяғыңа. Олай болса массажымызды бастайық.
  2. II. Қайталау сабағы

Бірінші: — қолымыздың басын жайлап солға және оңға айналдырамыз. Содан кейін қолының басын жоғарға котереміз, төменге түсіреміз, солға және оңға бұрамыз.

Екінші: — шынтағымызды жайлап ішке қарай және сыртқа қарай айналдырамыз. Шынтағына уқалап және сипалап массаж жасаймыз. Бұл жаттығуды төрт немесе бес қайтара орындаймыз.

      Үшінші: — бір қолымызбен иығынан ұстап, екінші қолымызбен қолынан ұстап жайлап артқа және алға айналдырамыз. Осылай төрт немесе бес қайтара орындаймыз.

      Төртінші: — мойынымызды жайлап артқа қарай шалқайтамыз, төменге қаратамыз, солға және оңға қарай бұрдырамыз. Бұл жаттығуды үш немесе төрт қайтара орындаймыз.

      Бесінші: — оқушымызды жатқызып екі қолын денесінің қасына ұстап, қолдарымен жерден тіреп белін жоғарға көтеріп түсіреміз. Қолымызбен белінен ұстап солға және оңға қарай бұрамыз. Осылай жеті немесе сегіз қайтара орындаймыз.

      Алтыншы: — тіземіздің чашкасының жандарына саусақпен жайлап сағат бағытымен айналдырып уқалаймыз. Тізелерін бүгіп және жайып орындаймыз. Осылайша жеті немесе сегіз қайтара орындаймыз.

Жетінші: — аяқтын басынан бір қолымызбен ұстап, екінші қолымызбен құттай алысырақ ұстап, аяқтың басын жайлап айналдырамыз. Екі жаққа майыстырамыз, солға және оңға.

III. Үйге тапсырма

Үйде өзің жайлап жаса, үлкендер саған көмектессін. Өзің үлкендерсіз жасаймын деп бір жеріңді ауыртып алма.

  1. IV. Қорытынды

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Буындарына арналған гимнастикалық массаж». Үйде осы массажды әжең немесе ата-анаң  орындап жүрсін, жарайды ма? Осымен бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды, сау бол!