Ахмет мерген. С. Кенжеғұлов
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: Ахмет мерген. С.Кенжеғұлов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға тарихтың есте сақталуының адамзат үшін маңызды екенін ұғынуға жағдай туғызумәтін мазмұнын тарау тақырыбына байланыстыра отырып, оның идеясын ашуға жағдай туғызу.
Дамытушылық: топтық, жеке жұмыстар арқылы шығармашылық дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: туған жерге, оның табиғаты мен жануарларына деген сүйіспеншілікті адамгершілік, ақыл-парасат тұрғысынан шешуді үлгі ету. Білмегенді үйрету, өзара көмекке дайын болу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,жазу, сұрақ-жауап,
Көрнекіліктер: плакат, сызба, маркер, көздеу дөңгелегі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатын хабарлау. Оқушылармен амандасып, кезекшілікті тағайындау.
Үй тапсырмасын тексеру..
ІІ. Қызығушылықты ояту.
|
- Балалар, мерген сөзін қалай түсінесіңдер?
Оқушылар айтқан сөздерін топтау сызбасына түсіру.
- Мергендік не үшін керек?
- Адам қалай мерген болады?
- Мерген болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?
Сұрақтарға берілген жауаптар бойынша қорытындылау.
- Балалар, бүгін сабақта біз мерген де, көреген де болайық.
Тақтаға «Нысана дөңгелегін» ілу.
- Біздің тақтамызда нысанан дөңгелегі тұр.
- Сендерге бір мәселе айтайын. Аю ормандағы омарташының балын күнде жеп кетеді екен. Ол күнде келеді. Омарташы не істерін білмейді. Омарташыға қалай көмектесесіңдер? Ескерту: егер сұрақтағы мәселе оң шешімін тапса, жауаптарың нысана дөңгелегіндегі 9 бен 10-ға түседі. Егер мәселе теріс шешілсе, 2 және 3-ке түседі.
Әр топ ақылдасып, «Жедел жәрдем» операцяисын құру. Жұмыс шығармашылық жағынан тапқырлықты керек етіндіктен, оқушылар жұмыс формасындағы еркіндікті сезінуі керек. Дегенмен, оқушылардында плакат, маркерлері болғаны жөн.
Тақтада алдын ала кесте сызулы тұрады. Оқушылардың сөздері кестеге жазылады.
Мәселенің:
Балалар шешімі | Мәтіндегі шешімі |
Мысалы: 1 топ – аюды атып алу керек
2 топ – аулап ұстап алу.
3 топ – ұстап алы, зообаққа өткізу керек немесе ұйықтатаын оқпен атып қорқытып қойса, ешқашан келмейді.
ІІІ. Мағынаны тану.
- Ал, балалар енді «Ахмет мерген» мәтінін оқып көрейік,- деп автормен таныстыру.
Сұрақтар:
- Бұл өңірде қандай аюлар өмір сүреді екен?
- Ахмет қарттың туған жерін қалай білетіні туралы не айтуға болады?
Дәлелдеу.
Қарттың жан-жануарға жанашырлығы қалай байқалады?
- Осы оқыған бөлімде оқиға бірден басталып кетті ме?
- Ахметтің мына сөзіне қандай мақал-мәтел табар едіңдер: «Атпағаның дұрыс болған. Өлтіре алмасаң, өзіңді мерті қылды.»
Ары қарай оқу. Оқу кезінде:
- Үзіндіге ат қою.
- Аюдың әрекетін жазушы қалай суреттегенін тауып оқу.
Мәселенің шешімін сабақ басындағы «Балалар шешімі» кестесін толтыру.
- Ақаңның шешімін қалай бағалайсыңдар?
- Табиғатқа, аюға зиянды жағы барма?
- Енді өз шешімдеріңді салыстыр. кестеге толтыру.
- Егер оған дене жарақатынг салса, аю қандай зиян жасауы мүмкін?
- Ахмет қандай адам?
Ахмет мерген десе де, атуға бейім адам емес, керісінше табиғатқа жанашырлық сезіммен қарайтын адам екенін мәтін идеясын ашуа болады.
Сөздікпен жұмыс:
Қорытындылау. Нысана дөңгелегіне қарап оқушылардың жауаптарын қорытындылау.
Үйге тапсырма: әңгімедегі жер, су аттары мен аюлар мекені болған Тарбағатай тауы туралы «Тарбағатай табиғаты» атты шағын ойтолғау жазу.
Рефлексиялық бағалау.