Волейбол әлемінде
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылы А.Құсайынов атындағы ОЖББМБ Жахатов Нұрлыбек Кәспиұлы АӘД және дене тәрбиесінің пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Волейбол әлемінде
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру,допты қабылдауға ақыл-ойын жетілдіру, топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу
Қажетті құралдар: Волейбол добы,ысқырық, уақыт өлшегіш( секундомер)
Өтетін орны: Мектеп спорт залы
р/с | Сыныптан тыс шараның мазмұны | Мөлшері | Мақсаты |
1 | І.Дайындық бөлімі Оқушыларды қатарға тұрғызу,шараның мақсатымен таныстыру | 15 минут 1 минут | Шараға қатысуға жақсы психологиялық жағдай туғызу
|
2 | Волейбол ойыны туралы кіріспе ақпарат | 7 минут | Волейбол ойыны туралы оқушыларға интерактивті тақтадағы слайдтар арқылы теориялық ақпарат беру |
3 | Қыздырыну жаттығулары: ü Залды айнала саппен жүру: ü Спорт зал алаңымен жүгіру ü -Б.қ. қолды белге қойып, оң жақ жанымен жүгіру. ü -Б.қ. қолды белге қойып, сол жақ жанымен жүгіру. ü -Б.қ. қолды белге қойып, аяқты артқа серпи жүгіру. ü Қолды белге қойып екі тізені алма кезек көтеріп жүгіру. ü Жай жүріске көшу. ü Әр адымға қолды жоғары көтеріп керіле жүру. ü Қолды жоғары көтеріп,аяқтың ұшымен жүру. ü Қолды мықынға қойып аяқтың өкшесімен жүру. ü Отырып қаз жүріспен жүру. ü Отырып секіру. | 30 сек 30 сек 30 сек
30 сек
30 сек 30 сек
30 сек 30 сек 30 сек
30 сек
30 сек 30 сек |
Негізгі жаттығуларға көшу алдында оқушылардың денелерін қыздырып, жаттығулар арқылы оқушылардың сабаққа дайындау, қызығушылығын арттыру. |
3 | ІІ. Негізгі бөлім Волейбол ойынына қатысты арнайы жаттығулар жасату. ü Әр оқушыға доп беріп жаттығу жұмыстарын жасату ü Әр екі оқушыға бір доп беріп, өзара доппен ойнауын қадағалап үйрету ü Допты кеудемен зырғанап алу тәсілін үйрету ü Допты бір-біріне жоғарыдан беру тәсілін үйрету ü Допты бір-біріне төменнен беру тәсілін үйрету ü Допты жанынан беру тәсілін үйрету ü Тордан доп ұру тәсілдерін үйрету ü Торда қарсылас ойыншыға тосқауыл қою тәсілін үйрету ü Оқушыларды сапқа тұрғызып, 2-3 топқа бөліп,волейбол ойынын игерілген әдістермен құрастырылған қозғалыс әрекетін құру тәртібін үйрету және допты ойынға қосу тәртібін түсіндіру | 28 минут
3 минут
3 минут
3 минут
3 минут 3 минут
3минут 3 минут
3 минут
4 минут |
Волейбол ойынының әр түрлі элементтерін меңгерте отырып оқушыларды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, шеберлікке, спортты сүюге тәрбиелеу, іскерлігін дамыту. |
4 | ІІІ. Қорытынды бөлім Оқушыларды білімін жүйелеп, волейболдың элементтерін жеке-жеке көрсету арқылы бағалау, марапаттау. | 3 минут | Сабақтты қорытындылау және алған білімдерін практика жүзінде өмірде пайдалану. |