Допты кедергілердің арасынан жерге соғып алып жүру

Сабақтың тақырыбы: Допты кедергілердің арасынан жерге соғып алып жүру

 

Сабақтың мақсаты: І. Білімділік

Оқушыларға допты кедергілердің арасынан

жерге соғып алып жүруді үйрету.

 

                                     ІІ. Дамытушылық

Оқушыларды күш – қуат, ептілік, шыдамдылық

қасиеттеріне баулу.

 

                                     ІІІ. Тәрбиелік

Оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беру,

сенімділік қасиеттерге баулу.

 

Сабақтың түрі: ашық сабақ.

 

Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндіру, үйрету, көрсету, жаттығу, қайталау.

 

Сабақтың құрал – жабдығы: кедергілер, доп, ысқырық

 

Сабақтың өтілу уақыты: 45 минут.

 

Өтілетін орны: спорт зал.

 

 

Р/сСабақтың өтілу барысы

 

УақытыӘдістемелік нұсқаулар
 

 І.

1

 

 

2

 

 

 

 

ІІ

1

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV

1

2

3

 

Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларды сапқа тұрғызу. Рапорт қабылдау. Салемдесу. Түгендеу. Сабақтың тақырыбын айту, мақсатын түсіндіру.

Бұрылу әдістерін қайталау:

Оңға!

Солға!

Кері айнал!

 

Дайындық бөлімі:

Айнала жүру және жүгіру:

— екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүреміз;

— екі қол желкеде, өкшемен жүреміз;

— екі қол алдыда, жартылай отырып жүреміз;

— екі қол тізеде, толық отырып жүреміз;

— жай жүгіру;

— оң және сол жақ иықпен жүгіру;

— өкшені артқа лақтырып жүгіреміз;

— жай жүріс, тынысты қалпына келтіру.

Орнында тұрып жалпы дамыту жаттығулары:

Б.Қ: аяқ иық деңгейінде, қолымыз белде, басымызды 1 – 4 оңға, 5 – 8 солға қарай айналдырамыз;

Б.Қ: екі қол иықта, 1 – 2 алға, 3 – 4 артқа айналдырамыз;

Б.Қ: екі қол жанда, алақан жұмулы, 1 – 4 алға, 5 – 8 артқа қарай айналдырамыз;

Б.Қ: екі қол алдыда, 1 – отыр, 2 – тұр, 3 – 4 қайталаймыз.

 

Негізгі бөлім:

1.Оқушыларға допты кедергілердің арасынан алып жүрудің әдістерін үйрету. Допты әдеттегі ыршытып алып жүру кезінде баскетболшының екі аяғы аздап бүгілген, денесі сәл еңкейген, допты алып жүретін қолы шынтақтан бүгілген қалыпта болады. Допты алақан және саусақтардың ұшымен жерге итере ұрып ыршытады. Допты алып жүру ойынщының қозғалу бағытымен байланыстыра жүргізіледі.

2.Оқушыларды екі топқа бөліп, кедергілер арасынан допты жерге соғып алып жүру арқылы жарыстырамын.

 

Қорытынды бөлім:

Оқушыларды сапқа тұрғызу;

Оқушыларды бағалау;

Сабақты аяқтау.