Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар.

АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

 

ІПәніДене тәрбиесі
ІІПән мұғаліміТілесбаев Берік Арғынбайұлы
ІІІӨтілетін сыныбы5 – сыныптар.
ІVӨтілетін мерзімі 
VӨтілетін орныМектептің спорт залы.
Сабақтың тақырыбыКөңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар.
VІІСабақтың мақсатыа) теориялықОйын түрлерін, мазмұнын, ережелерін, ерекшелігін меңгерту.
ә) жетілдіруӨз алдына шұғылдануға қажеттілігі мен қабілеттігін арттыру.
б) тәрбиелікОйындардың тәрбиелік мәніне назар аудару.
VІІІСабақтың типіЖаңа білімді қалыптастыру сабағы.
ІХСабақтың әдісіЖеке және жалпы жұмыс жасау, жан — жақты түсіндіру.
ХҚұрал-жабдықтарЫсқырық, доптар, қаптар, кеглилер, орындықтар, сақина, арқан т.б.
КезеңСабақтың мазмұныУақыт, мөлшерӘдістемелік ескерту
Д

А

Й

Ы

Н

Д

Ы

Қ

 

К

Е

З

Е

Ң

і

1Оқушыларды сапқа тұрғызу.10 минутСпорттық киімдеріне назар аудару.
2Сынып санын түгелдеу.Себепсіз оқушыларды анықтау.
3Рапорт қабылдау.Рапортты  дұрыс тапсыруын қадағалау
4Оңға, солға, кері бұрылу жаттығуларын орындау.Бұрылыстарды дұрыс орындауын қадағалау
5Қозғалмалы бой жазу жаттығулары

— Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру.

— Екі қол белде өкшемен жүру.

— Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.

— Бір қалыпты жеңіл жүгіру.

— Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру.

— Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру.

— Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру.

— Қол алақанына аяқтың ішкі, сыртқы қырын тигізе жүгіру.

— Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.

— Екі қол тізеде,  толық отырып жүру.

— Отырып секіре жүру.

— Дем алу,дем шығару.

Аяқ ұшымен, өкшесімен, сыртқы, ішкі қырымен жүруін ескерту.

Оң және сол бүйірмен жгіруін ескерту.

Алақанға аяқтың ішкі, сыртқы қырының, өкшенің тиюін ескерту.

Отырып жүру, жүгіруін ескерту.

6Саптағы бой жазу жаттығулары

— Саппен келіп бірнеше қатарға тұру.

— Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру.

— Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру.

— Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру.

— Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу.

— Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қол қолды оң аяққа кезекпен тигізу.

— Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені  бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.

— Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру.

— Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру

— Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру.

— Дем алу, дем шығару.

 

Қатарға дұрыс тұруын ескерту.

Қолды белге ұстауын ескерту.

Дұрыс иілулерін ескерту.

Қолдың Аяққа тиюін ескерту.

Арқы тізенің бүгілмеуін ескерту.

 

Аяқтың қолға тиюін ескерту.

Тізені дұрыс айналдыруын ескерту.

Н

Е

Г

І

З

Г

І

 К

Е

З

Е

Ң

Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар.

 

Доппен жарысу

Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрғандардың қолында доп болады. Мұғалім белгі берісімен доп ұстаған екі ойыншы жүгіре шығып, допты баскетбол ойынының тәсілімен тездете алып жүріп, жалаушаны айналып келіп, допты өз командасының келесі ойыншысына береді де, өзі саптың ең соңына барып тұрады. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді. Қай команде бірінші келсе, сол команда жеңіске жетеді.

Доп қолдан шығып кеткен жағдайда, сол жерден қайта жалғастыру қажет. Белгі берілмей тұрып алаңға жүгіріп шығуға болмайды.  Допты өз әріптесіне беру мәре сызығында орындалады.

Ойынның мақсаты-мәреге өзгеден бұрын жетуге тырысу арқылы жылдамдықты арттыру.

Допты түсірме

Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрған ойыншы допты екі тізесінің арасына қыстырып алып жалаушаны айналып келу қажет. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді.

Қап киіп жарысу

Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Мұғалім белгі берісімен Саптың ең алдында тұрағн ойыншылар екі аяғын қапқа тез кигізіп, екі қолымен жоғары жағынан ұстап ілгері қарай секіректей жүгіріп, жалаушаны айналып келеді.Осы ретпен ойын қайталана береді. Қай команда бірінші болып аяқтаса, сол команда жеіңке жетеді.

Кім жылдам

Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрған ойыншы кері бұрылмастан допты бассынан асырып келесі ойыншыға береді де өзі саптың соңына барып тұра қалады. Доп келесі ойыншыға, сосын одан кейінгі ойыншыға беріліп кете береді. Бастапқы тұрған оқушы қайтадан өз орнына келгенге дейін ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші болса сол команда жеңеді.

Көп болып жүгіру.

Ойынға екі команда бір уақытта қатысады. Олар сөре сызығының жанында бір бағытқа қарап лек түзеп тұрады. Әр команданың сөре сызығынан 10-15 м қашық жерден айналып кері қайтатын белгі (жалауша) қойылады.

Белгі берілгеннен кейін командалардың ең алдында тұрған бір-бір ойыншысы жүгірген күйі қойылған белгіні айналып өтіп, өз командасына оралады да, өзінен кейінгі ойыншының қолынан ұстайды. Енді олар қол ұстасқан күйі бірге жүгіріп, белгіні айналып өтіп, тағы да өз командасына оралады. Бұларға енді үшінші ойыншы қосылады. Сөйтіп, ақыры команданың барлық ойыншылары қол ұстасып бірге жүгіретін болады. Жүгіруді ойын тәртібін бұзбай бірінші болып аяқтаған команда жеңеді.

Бір топ үйрек

Ойыншылар бір қатарда бір-бірінен қашықтау тұрып, тізелерін аздап бүгіп, қолдарын тізелерінің артынан біріктіріп ұстайды. Белгі берілгенде ойыншылар қолдары мен аяқтарының қалпын өзгертпестен жалаушаны айналып келеді. Осы ретпен ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші болып аяқтаса сол команда жеңіске жетеді.

Тақия тастамақ

Балалар, шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, біреулеріңнің артыңа білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер сезіп қойсаңдар, жүргізушіні қуып жетулерің керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына келіп тұра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді.

Орындықтар айналасында

Спортзалдың  ортасына бір-біріне тигізіп төрт орындық қойылады. Алдымен 5 оқушы шығады. Мұғалім белгі берісімен ойыншылар орындықты айнала жүгіреді қайта белгі берілгенде ойыншылар орындыққа отырып үлгеруі тиіс. Үлгермеген ойыншы ойыннан шығады. Орнына басқа ойыншы қосылады. Ойыншылар таусылғанға дейін. Соңында орындықтар біртіндеп алына береді. Қалған бір орындыққа, қалған екі ойыншының қайсысы отырса сол ойыншы жеңіске жетеді.

Сақина жасыру

Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: «сақинам кімде?» — деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады.

Арқан тартыс

Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан дайындалады. Арқанның қызыл мата байлаған жерін еденге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді. Команда екі топқа бөлініп, арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа тартады. Ойынның мақсаты–екі команданың бір ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып шығару. Ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншының командасы жеңіледі

 

30 минут 

 

 

 

 

Ойын ережесін түсіндіру.

 

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

 

 

 

 

 

 

 

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

 

 

 

Ойын ережесін түсіндіру.

 

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

 

Ойын ережесін түсіндіру.

 

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

 

 

 

 

 

Ойын ережесін түсіндіру.

 

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

 

 

 

 

Ойын ережесін түсіндіру.

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

 

 

Ойын ережесін түсіндіру.

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

 

 

Ойын ережесін түсіндіру.

 

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

 

 

 

 

 

Ойын ережесін түсіндіру.

 

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

 

 

 

 

 

Ойын ережесін түсіндіру.

 

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

 

қорытынды

кезең

1Сабақты қорытындылау.5 минутТүгел тындауын қадағалау.
2Оқушыларды бір сапқа  тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру.Толық сапқа тұруларын қадағалау
3Үйге тапсырма беру.Үй тапсырмасын тыңдауын қадағалау
4Оқушыларды бағалау.Сабаққа қатысуына байланысты бағалау
5Қоштасу.Түгел қоштасуын қадағалау.
6Бір саппен спорт алаңынан немесе залдан шығару.Бір саппен шығуын қадағалау.