Жеңіл атлетика элементтері аралас эстафеталық ойындар.
Сабақтың тақырыбы: Жеңіл атлетика элементтері аралас эстафеталық ойындар.
Сабақтың мақсаты:
- Дененің жылдамдық, ептілік, иілгіштік, төзімділік күш сапалық қасиетттерін дамыту.
- Дене даярлық сапасын арттыру.
- Ойын арқылы дене жүктеме жаттығуларын үйлестіру.
Өтілетін орын: Спортзал
Керекті құрал – жабдықтар: Секіртпе, гимнастикалық орындық, доптар, белтемір, эстафеталық таяқша, белгі кубиктер, үстел тенисі шариктері.
Ұйымдастыру кезеңі:
- Техникалық қауіпсіздік ережелеріне мән беру.
- Керекті жабдықтармен керекті заттардын дұрыстығын тексеру.
- Оқушылардың спорттық киіміне, сабаққа қатысуына мән беру.
Сабақтың мазмұны | Мөл-шері | Әістемелік нұсқаларымен ескертулер
|
Дайындық бөлімі 10-15 минут | ||
Сынып оқушыларын сапқа тұрғызу, мәлімдеме қабылдау, сәлемдесу. | 1′
| Оқушылардың спорттық киіміне, сабаққа дайындығына мән беру. |
Өтілетін сабақ тақырыбы мен жаттығулар ретімен танысу. | 1′
| Қысқа, нұсқа түсінікті етіп баяндау. |
Саптық жаттығу элементтерін қайталау | 30′′
| Саптағы пәрмен бойынша саптық элемменттерді қайталау |
А) Орнында оңға, солға бұрылу, кері айналу. | 30′′ | Денені тік ұстау. Саптық элементтерді дұрыс орындалуын қадағалау. |
Б) Секіре оңға, солға бұрылу.
| 30′′ | Секіре орындау |
В) Сапқа тұру жаттығу ойындары. | Белгі бойынша орын ауыстыру, қайта сапқа тұру. | |
1′ | ||
Жүру бағытында орындалатын жаттығулар | ||
А) Екі қолды жоғары көтере, аяқтың ұшымен жүру. Б) Қолды белге,аяқтың өкшесімен жүру. | 30′′ 30′′
| Денені тік ұстау, жоғары созылу. |
В) Қолды белге, жартылай отырып жүру. | 30′′
| |
Г) Сызық бойымен шапшаң бағыт өзгерте жүру. | 30′′ | Көрсетілген сызық бойымен шапшаң жүру. |
Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар А) Жеңіл жүгіру | 3 рет айналу |
Бір қалыпты жүгіру. |
Б) Аяқты алға сермеп тізені көтере жүгіру | 30′′
| Екі қолды алға соза тізені жоғары сілтей жүгіру. |
В) Аяқты артқа сермеп жүгіру. | 30′′ | Екі қолды алақанды сыртқа қарай қойып жүгіру. |
Г) Оң иық және сол иықты алға бере серпіле жүгіру | 30′′
| Оң бүйір және сол бүйір алға бере жүгіру. |
Д) бағыт өзгерте жүгіру | 30′′ | Диогональ бойынша жүгіру. |
Ж)Екпіндей келе үдете жүгіру | 30′′ | Мұғалімнің пәрмені бойынша жүгіру. |
З) Екпіндей келе серпіле секіру | 30′′ | Үш адым жасай серпіле секіру. |
Жай жүріп демді қалпына келтіру | 30′′ | Тыныс алу реттеу жаттығулары. |
Жалпы дамыту жаттығулары | 5′ | |
Н.Т. екі қол белде 1-2 басты оңға, солға бұру 3-4 артқа алға иілу | 4 рет | Кеудені түзу, тік ұстау. |
Н.Т. екі қол иыққа 1-2 алға айналдыру 3-4 кері айналдыру | 4 рет | Иық бұлшық еттеріне жаттығулар. |
Н.Т. оң қолды жоғары көтере, ауыстыра серпілу 1-2 оң қол серпілу 3-4 сол қол серпілу | 4 рет | Серпіле қолды ауыстыра орындау. |
Н.Т. екі қолды кеуде тұсына қойып алға және жанға 4 рет серпілу | 4 рет | Денені тік ұстау, қолды түзу ұстау. |
Н:Т. Қол белде, белді оңға қарай 4 рет, солға қарай 4 рет айналдыру | 4 рет | Толық орындау. |
Н.Т. оң қолды белге, сол қолды жоғары көтеріп, 1-2 оңға қарай иілу, 3-4 солға қарай иілу | 4 рет | Қолды ауыстырып мүмкіндігінше төмен иілу. |
Н.Т. екі қол белде 1-2 алға қарай иілу 3-4 қайта оралу | 4 рет | |
Қол тізеде, ішке қарай 4 рет, сыртқа қарай 4 рет айналдырамыз | 4 рет | Толық айналдыру. |
Аяқ алшақ ашамыз 4 рет сол аяққа отырып тұрамыз, 4 рет оң аяққа отырып тұрамыз. | 4 рет | Жартылай отырып, қайта бастапқы қалыпқа оралу. |
Н.Т. отырып тұру жаттығулары 1-2 қолды алға созу 3-4 қолды желкеге қою | 4 рет | Толық отырып тұру. |
Н.Т. оң аяқ 10 рет секіру, сол аяқ 10 рет секіру,қос аяқпен 10 рет секіру | 4 рет | Серпіле секіру. |
Тыныс алу реттеу жаттығулары | 4 рет | |
Негізгі бөлім 25-30 минут
| ||
Сыныпты сапқа тұрғызу, саналу арқылы екі топқа бөліну | 30′′ | Ұлдар мен қыздар тобы тең болуына мән беру. |
I Секіртпемен секіру қайта оралу → ☻☺☻☺☻………………………*¿ ← → ☻☺☻☺☻………………………*¿ ← | 3′ 2 рет қайталау | Өтілетін эстафета ережесін түсіндіру, көрсету. 1–ші оқушы секіртпемен секіре белгіні айнала қайта оралады, 2 –ші оқушы жалғастырады. |
II Киіз үйге жиналу → → ☻☺☻☺☻………………………
→ → ☻☺☻☺☻………………………
| 3′ 2 рет қайталау | 1–ші оқушы мұғалім белгісі бойынша киіз үйге орналасады, 2 –ші оқушы сол мезетте жүгіріп жалғастырады. Қай топ бірінші жиналса, жеңімпаз атанады. Киіз үй шеңберінен шықпауы тиіс. |
III Кедергілерден жүгіру → → ☻☺☻☺☻………………─…║…* ← ¿
→ → ☻☺☻☺☻………………─…║…* ← ¿ | 3′
| Бөрене үстімен жүру, кедергіден секіріп өту, қайта оралу. 1 – ші оқушы мәреге келмей, 2 – ші оқушы жүгірмейді. |
IV Үйшікке жиналу → → ☻☺☻☺☻…………………─……∆
→ → ☻☺☻☺☻…………………─……∆
| 3′
| 3 гимнастикалық орындықты қосу арқылы үйшік жасау. Белгі бойынша үйшікке кіру отыру, сол мезетте екінші оқушы үйшікке жүгіреді. Қай топ жиналып үйшікке отырып үлгерсе, жеңімпаз атанады. |
V «Асқабақ» ойыны Допқа жүгіру, үйшіктен допты алып келесі оқушыға домалату → → ☻☺☻☺☻………………………∆ ← ●☻ ¿ → → ☻☺☻☺☻………………………∆ ← ● ☺ ¿ | 6′
| 1 – ші оқушы үйшікке жүгіріп, келесі ойыншыға асқабақты (доп) домалатып береді, 2 – ші оқушы асқабақты (доп) қайта алып келіп, келесі оқушыға домалатады. Бірінші жиналған топ жеңімпаз. |
VI «Жеміс жинау» ойыны → → ☻☺☻☺☻…………………║☺ ← ¿ → → ☻☺☻☺☻…………………║☺ ← ¿ Оқушы себетті жемісті салуға ыңғайлы етіп ұстауы тиіс. Себетке түспеген жағдайда қайта салады.
| 6′
| Әр топтан 1-оқушы жеміс жинаушы, қалған оқушылар жеміс (тенис шарлары) тасымалдаушы. Жемістер шеңбер ішінде орналасады (20 дана). 1 – ші оқушы шеңбер ішінен бір жеміс алып, себетке апарып салып, қайта оралады. 1 – ші оқушы мәреге келмей, 2 – ші оқушы жүгірмейді. |
Қорытынды бөлім 5 минут | ||
Оқушылар сапқа тұру, қорытындылау. Сабаққа қысқаша талдау жасау, бағалау. Үйге жүктеме тапсырма беру. | 5′
| Жіберілген қателіктермен кемшіліктерді айту. |