Әке –асқар тау
Тақырыбы: Әке –асқар тау.
Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орынының ерекше
екендігін ұғындыру.Әкеге деген бала махаббатын ояту. Көрнекілік: Мақал-мәтелдер, ребус, гүлдер, шарлар.
Барысы: Құрметті әкелер сіздерге арналған «Әке асқар –тау» -атты тәрбие
сағатымызды бастаймыз. Хормен «Әкем –әнім» әні орындалады.
І. Әдеби музыкалы монтаж
ІІ. Оқушылардың жазған шығармалары,өздері жазған өлеңдері оқылады.
ІІІ.Мақалдың жалғасын айту.
ІV.Жұмбақ жарыс.
- Жаңылтпаштар айтып жарысу. Қорытынды (Балалардың сыйлығы)
1.Есімде бейнесі әкемнің
Күлімдеп қарайтын
Мен саған талпынсам
Құшағын жая сап,көтеріп алатын
- Сәулелі сөз сөне ме?
Орыны бөлек батаның
Бізге тәлім,өнеге
Ақ тілеуі әкенің
- Әр сөзінің ақырын
Жақсылыққа тірейді
Қадап айтып ақылын
Көпке бақыт тілейді
- Атамның ән-күйі ғажайып
Әжемнің әлдиі ғажайып
Анамның мейірімі ғажайып
Әкемнің пейілі ғажайып
Осындай жақсы әдет ғажайып
Қалмасын ешқашан азайып
5.Әкем шытса қабағын
Байқа балам –дегені
Алғаным көп-ақ сабағым
Жақсы көрем мен оны
6.Бойға қуат береді
Әй жарайсың дегені
Мен әкемнен әр кезде
Соны естігім келеді
7.Сабағымнан қалмаймын
Бес аламын бәрінен
Озат оқып әрдайым
Қуантамын әкемді Көрініс: «Әке мен бала.»
8.Ойнаймыз,күлеміз
Жарқылдап жүреміз
Әкені сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз
9.Арайлы ақ тілекпен
Ән жолдаймын өзіңе
Сағыныш сазды жүрекпен
Жыр арнаймын өзіңе
10.Қамқорсың әке өмірде
Қуатым сенсің көңілге
Әлпештеп мені өсірдің
Ұшармын ертең көгіңде
11.Аңсадым жылы сөзіңді
Ақылшым болған кезіңді
Есімде әке сақтаймын
Асқар биік өзіңді
12.Арманым едің аңсаған
Әкелсем бақыт мен саған
Ұрпағың болып жалғадым
Қуаныш әкеп сен маған
13.Теңіздей шалқып жүремін
Сүйенер сенсің тірегім
Барсам да қайда жан әкем
Өзіңмен бірге жүрегім
14.Аққудай ақ арманым
Ауырмашы әкешім
Ауруы көп-ау жалғанның
Қартаймашы әкешім
15.Көкке өрмелеп көңілің
Нұрға толсын өмірің
Бақытты бол жан әке
Ұзақ болсын ғұмырың
Ән: «Әке арманы» М.Омаров. «Әке туралы ән. Ш.Қалдаяқов»
1.Баланың ұяты әкеге…..(Қыздың ұяты шешеге)
2.Мектеп білім ордасы….(Ұстаз мектеп тұлғасы)
3.Бірлік болмай….(Тірлік болмас)
4.Әке асқар тау…(Ана ағып жатқан бұлақ,Бала жағасындағы құрақ)
5.Жақсы адам –елдің ырысы…(Жақсы жер жанның тынысы)
1.Қырық екі жауынгер
Сапын түзеп тұрады
Бүлдіршіндер,қауымды ел
Сырын терең ұғады (Алфавит)
2.Алға жайып тұз дәмін
Келтіреді үй сәнін
Ол халқымның ақ жаны
Жақсы дәстүр маржаны
Кең пейіл де арайлы
Осы жерден тарайды
3.Маған да,саған да
Жақын туыс бес адам
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы,солға оқы
Өзгермейді еш одан
Бәріде өз жұратың
Айтады кәне кім атын?(Ата,Ана,Аға,Апа,Іні)
- Жаңылтпаштар айту.
Қорытынды:
Әке туралы жыр.
- Жас едім өмірге еркін бойламаған
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсем дағы қанат қағып
Өзіңдей қамқор адам қайда маған
- Сүрінсем сынай қарап от жанарың
Сен мені жақтамадың, ақтамадың
Әр дайым осы қатал мінезіңмен
Күш алып мақсатыма аттанамын
- Жан әке, шертіп сезім домбырасын
Кеудемді қуанышқа толтырасың
Арманның асқарына құлаш ұрсам
Алдымда асқар тау боп сен тұрасың
- Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын
Кім мөлдір болса соның жолдасымын
Қуан сен қуана бер әкетайым
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
Әкем әнім
Сөзі: О.Сүттібаев.
Әні: Ә.Сүлейменов.
- Ұшырдың баптап ұядан
Кетпейсің ойдан, қиялдан
Арманға биік қол созсам
Тұрасың демеп жиі алдан
Көңілім бүгін алаңдап
Күттің бе, әке балаңды
Шаттықпен жарқын тойыңа
Сыйлаймын сазды бұл әнді
Адалдық әркез көксеген
Үйрендім, әке тек сенен
Ардақтап өтем мәңгілік
Ғұмырда мәңгі жетсе дем
Жүректі тербеп күй сынды
Биікке ұшсам, сүйсіндің
Мойыныңа көптен асылмай
Сағындым, әке, иісіңді
Ағаларым.
Құшағы оттай ыстық сахарадай
Көңілі алып ұшықан шағаладай
Алдымнан көкем-ай деп шығатұғын
Сендерді сағындым ғой, ағаларым
Қажымас қара нарым
Кең байтақ даналарым
Күнім деп еркелетер
Аман бол ағаларым
Атыңнан айналайын ағаларым
Сағынсам іздеп барар паналарым
Ініңді ізіңдегі қарап жүр деп
Қалдырған өздеріңді бабаларым
Әке туралы ой.
Сөзі: А. Шамкенов.
Әні: Ж. Сейілов.
Өмірдің көрген талай жол торабын
Әкеден кім аяйды қолда барын
Әкенің ақ тілегін өтеу парыз
Мен бүгін әкемді айтып толғанамын
Ыстық-ау кім-кімге де әке деген
Суыққа шалындырмай мәпелеген
Өмірдің соқпағымен өрге тартып
Алдымен адам бол деп жетелеген
Тағдырдың кеуде тосып жартасына
Біз үшін түскен майдан ортасына
Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз
Біз бүгін әкелердің арқасында