Ақ бұзау

Сабақтың  тақырыбы: Ақ бұзау

Сабақтың мақсаты: 1.Өлеңді оқытып,мазмұнын ашу. Мәнерлеп,шапшаң

оқу дағдыларын қалыптастыру.

2.Ой-өрістерін,өз бетімен жұмыс жасау қабілеттерін

дамыту. Сөздік қорларын молайту.

3.Төрт түлік малды құрметтеуге,олардың адам өмірін

дегі маңызын сезінуге,еңбекті сүюге тәрбиелеу  

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топтық,жеке жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: төрт түлік суреттері,сызбалар,сөзжұмбақ

 

Сабақтыңбарысы: I.Ұйымдастыру.Сабаққа даярлық

 

  1. Үй тапсырмасы

-Балалар,біз өткен сабақта қандай тақырыппен танысып едік?

-Құлын ненің төлі?

-Жылқы атасын қалай атаймыз?

-Түйенің пірі қалай аталады?

-Қой пірі ше?

-Ешкі атасын қалай атаймыз?

 

  1. Жаңа сабақ

Ал,балалар ойнайық

Ойнайық та,ойлайық

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайық

Ал,тыңдаңдар,тыңдаңдар

Асығыстық қылмаңдар

Асықпайық дегенге

Бөгеліп те қалмаңдар

 

1.Иесі оның-сәби

Әрі төсек,әрі үй ( Бесік )

2.Тал басында түндіксіз отау ( Ұя )

3.Қыста айна

Көктемде су ( Мұз )

4.Үйреткен ілімді

Қырық екі білімді ( Алфавит )

5.Жаңа туған сиыр сүті ( Уыз )

 

-Ерекше тор көзден қандай сөз шықты?

-Ендеше,бүгінгі біздің тақырыбымыз «Ақ бұзау»

 

Өлеңді мәнерлеп оқып,жұмбақтың шешуін табу

Мұғалім түсіндірмесі.

Сиыр жасына қарай: бұзау,баспақ,торпақ,тана,тайынша,қашар,құнажын,дөне жін,сиыр,өгіз,бұқа,-деп аталады.

Сүтінен: айран,қатық,қаймақ,май,құрт,ежігей жасалады.Әр малдың өз үні бар. Түйе боздайды,қой-ешкі маңырайды,жылқы кісінейді,ал сиыр мөңірейді екен.Біздің ата-бабаларымыз сиыр мүйізінен тарақ жасаған,терісін илеп,сәнді ер-тоқым,барлық ат әбзелдерін оюлап,өрнектеп жасаған екен.

 

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу жұмысы

-Сөйлем неден құралады?

-Сөз неден құралады?

-Буынды не құрайды?

Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?

 

Дауысты дыбыстың өзі жуан,жіңішке болып бөлінеді. Жуан дыбыстар: а,о,ы,ұ.

Сүт

Ыстық-ыстық сүт ішсең

Дәмі кетпес таңдайдан

Бой жадырап кенеттен

Буы шығар маңдайдан

а ) Жуан дауысты дыбысты табу

ә) Тақтамен жұмыс. Жуан дауысты дыбыстары бар бірнеше сөз ойлау

 

Сергіту сәті

 

Терме диктанты.

Төрт түлік малға қатысты сөздерді теріп жазу

 

«Төрт жолды өлең стратегиясы» бойынша творчестволық жұмыс

«Ол не?» деген тақырыпта өлең құрастыру

 

 

Менің атам бақты оны

Үстінде бар ақ …

Ол не төлдің бозымы? ( Жүйрігім )

Білеміз ғой …       ( Лақты )

Тастан тасқа секірген

Жайылуға ерінген    ( Тоны )

Ол не шұнақ құлақты ?

Білеміз ғой … ( Ерінген)

Көкке шашып құйрығын

Шауып келді … (Қозыны )

Ол не жібек тұлымды

Білеміз ғой … ( Құлынды)

 

Хормен оқыту

 

IҮ. Қорытындылау. Мадақтау.

Ү. Үйге тапсырма: «Ақ бұзау» өлеңін жаттау.