Теориялық білім негіздері Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Саптық жаттығулар Гимнастикаға арналған арнайы дене жаттығулары. 3.Акробатика жаттығулары, отырған қалыптан алға,артқа домалау. Бөрене үстімен жүру.
Дене тәрбиесі
Құрал-жабдықтар: секундамер, сықырғыш, доп, таяқша, гимнастикалық құрал жабдықтар.
Сабақтың тақырыбы: Теориялық білім негіздері Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Саптық жаттығулар Гимнастикаға арналған арнайы дене жаттығулары.
3.Акробатика жаттығулары, отырған қалыптан алға,артқа домалау. Бөрене үстімен жүру.
Сабақтың мақсаты:1.Тәрбиелік:оқушылардың адамгершілігін, жігерлік қасиеттерін қалыптастыру, өнегелі көркемдік танымды үйренуге тәрбиелеу. 2.Дамытушылық:иілгіштікті, ептілікті, төзімділікті күшті дамыту. Қимыл –қозғалыс аппараттарының дұрыс қалыптастыруын дамыту. 3.Тәрбиелік:гимнастикалық элементтерінің техникасын пластикалық жағынан әдемі жасалуын қалыптастыру.
Мазмұны
| Мөлшері уақыты | Әдістемелік нұсқаулар |
Дайындық бөлімі | 20‘ | |
І. Ұйымдастыру кезеңі 1.Сапқа тұрғызу. Рапорт беру Амандасу Тізім бойынша тексеру Сабақтың тақырыбын түсіндіру
2. Саптық жаттығулар — сапқа тұру, бұрылулар,саптық адымдар. — бір қатардан екі қатарға тұру. ІІ. Кіріспе бөлім 3.Жүру. — Аяқтын ұшымен қол жоғарыда. — Қол желкеде, өкшемен жүру. — қол белде табанның сыртымен жүру. — қол белде табанның ішімен жүру. — қол белде аяқты қайыншылап жүру. 4. Жүгіру. — тізені көтере жүгіру. — өкшені артқа көтере жүгіру. -сол жақ иықтан секіре жүгіру. — оң жақ иықтан секіре жүгіру. — қол белде тік аяқты алға сермеп жүгіру — қол желкеде тік аяқты артқа сермеп жүгіру.
5.Жүрудегі Ж.Д.Ж. -Б.қ. оң қол жоғарыда, әр адым сайын қолды ауыстырып отырамыз. — Б.қ. қол кеуде алдында, қолды шынтақтан артқа тарту және жаза тарту. -Б.қ. қол иықта,қолды иықтан алдыға артқа айналдыру. -Б.қ. қол белде, 1- алға еңкею сол аяқты өкшеден қою.2 – қол белде артқа шалқаю. 3-4 д.с. оң жаққа.
6.Ж.Д.Ж. орнында. Б.қ. қол белде басты 4 рет сол жаққа айналдыру, 4 рет оң жаққа айналдыру.
1.Б.қ. сол қол белде, оң қол жоғарыда, аяқ иық көлемінде. 1-2 сол жаққа еңкею, 3-4 оң жаққа д.с. 2.Б.қ. аяқ иық көлемінен алшақ қол белде. 1- сол аяққа еңкейеміз,2- ортаға еңкею,3- оң аяққа еңкею, 4- бастапқы қалып. 3.Б.қ. қол белде аяқ иық көлемінде.1- қол жоғарыда,2- алға еңкею,3- қол алдыда отыру, 4-б.қ. 4.Сол аяқ алдыда оң аяқ артта қол тізеде.1-2-3 –сол аяққа қарай отыру,4-секіріп аяқты ауыстыру. | 3′
5′
2′
3′
2′
5-6рет
5-6рет
5-6рет
5-6рет
5′ 5-6рет
5-6рет
7-8рет
7-8рет
7-8рет
| Саптал,түзел,тік тұр, Кезекші рапорты: Рет-ретімен санау 1,2 санал, 1,2,3 санал Техника қауіпсіздігі. Сабақ кезіндегі тәртіпті қатаң сақтау: — бойды қыздыру кезіндегі бірін-бірін қорғау және бірінші көмек көрсету — спорттық форманы қарау
Қол жанында, арқасын түзу ұстау,алға еңкеймеу
Қол жоғарыда жоғары созылу арқаны түзу ұстау, шыңтақты ашу. Алдыға еңкеймеу, тізені жақындата сәл отыру.
Қолдын дұрыс қимылына көніл бөлу, тізені жоғары көтере қол белде. Аяқты тізеден қатты бүге өкшені артқа лақтыру. Қол белде, алға қарап жанмен секіре жүгіру.
Қол тік артқа қаттырақ тарту. Қолды бүкпеу және алдыға еңкею. Шыңтақты төмен түсірмеу, қолды жанына тарту арқаны тік ұстау. Амплитудалық айналымды көбейту.
Мұғалімнің санауы бойынша. Бәрі бірдей жасауын қадағалау, Дененің тік болуын және тепетендікті ұстауды қадағалау; тізенің бүгіліп кетпеуін қадағалау. Қаттырақ бұрылу тізені бүкпей.
Денені тік ұстау, арттағы аяқтын созылуын қадағалау және тізенің бүгілмеуін қадағалау. |
Негізгі бөлім | 23′ | |
1. Гимнастикаға арналған арнайы дене жаттығулары. 2 Акробатикалық жаттығулар,отырған қалыптан алға,артқа домалау.
3. Бөрене үстімен жүру. | 5′
10′
8′
| Гимнастикалық жаттығулар істеген кезде қимыл-қозғалыс техникасын дұрыс қолдану. Басты төмен түсіріп, тізені бүгіп алға еңкейіп, арқаны бүкірейтіп ұстап, алға айналып кетуі керек. Айналып екі аяғын тізесінен ұстап отырып қалу керек. Бөрене үстімен жүру кезінде екі қол жанында әр адым сайын аяқтын ұшына көтеріле жүріп болғаннан кейін, бөрене үстінен көмек арқылы секіріп түсу.
|
Аяқтау бөлімі | 2′ | |
Қалыпқа келтіру Сапқа тұрғызу Бағалау, үйге тапсырма беру. Қоштасу киінуге жіберу | 1′ 1′
| Мұрынмен демалу ауызбен дем шығару. Саптал,түзел,тік тұр Әркімнің қателігіне қарай.
|