Гимнастика. Акрабатикалық жаттығулар
Сабақтың тақырыбы: Гимнастика. Акрабатикалық жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
А)Әр түрлі биіктіктегі арыс жасалатын жаттығуларды жетілдіру.
Ә)Акрабатикалық тепе-теңдік жаттығуларын дамыта үйрету.
Б)Күштілік ептілік икемділік қасеиттерін дамыту.
Сабаққа керекті құралдар-жабдықтар: Әр түрлі биіктіктегі арыс, гимнастикалық
төсеніш, гимнастикалық скамейка, бөрене,
гимнастикалық қабырға.
Сабақтың әдісі: Жаппай, топпен.
№ | Сабақтың мазмұны | Уақыт | Әдістемелік нұсқаулар |
І Дайындық бөлім | 15 мин | ||
1 | Сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Сабаққа қатысқан оқушыларды түгендеу. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Сабақтың мақсатын таныстыру. Саптағы «Оңға!», «Солға!», «Кері айнал!» «Алаңды айналып алға бас!» жаттығулары | 2 мин
| Арнайы киімдеріне сабаққа даярлығына және берілген бұйрықтың орындалуына назар аудару. Ара қашықтықты сақтау. |
2 | Жүру бағытында орындалатын жаттығулар Алға жүру: 1.Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру 2.Қол белде өкшемен жүру. 3.Қол желкеде жартылай отыр жүру. 4.Қол тізеде, отырып жүру, секіру. | 2 мин | Қолды бүкпеу, денені тік ұстау. Кеудені тік ұстау. Кеуде тік, басты көтеріп ұстау. Жоғары секіру. |
3 | Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулары: 1.Жеңіл жүгіріс 2.Тізені алға көтеріп жүгіру. 3.Қолды артқа қойып, аяқты артқа сермей жүгіру. 4.Аяқтың басын алға сілтей жүгіру. 5.Оң қапталмен қолды алға айналдыру. 6.Сол қапталмен қолды артқа айналдыру. | 3 мин |
Ара-қашықтық сақтау. Тізені алақанға тигізу. Аяқты алақанға жеткізу. Барынша жоғары секіріп, қолды толық айналдыру. |
4 | Тыныс алу жаттығулары,сапқа 2 қатарға тұрғызу. | ||
5 | Жалпы дамыту жаттығулары | 8 мин | |
1 | БҚ қол ұстасып, бір-біріне қарама-қарсы тұру. Бір қолды екі жаны арқылы жоғары көтеру, сол аяқты артта ұстау. 2.БҚ 3.Екінші аяқпенен де осылай жасау. |
4-6 рет | Барлық оқушылардың бірдей жасауын қадағалау. |
2 | БҚ қолдарын төмен ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады. 1.Сол аяғын ұшымен жанға қояды, оң қолды жоғары көтеріп, солға еңкейеді. 2.БҚ Екінші жаққа да осылай жасау. | 6-8 рет | Аяқты бүкпей түзу жасауын қадағалау. |
3 | БҚ Бір-бірінің иықтарынан ұстап, алға еңкейіп, қарама-қарсы тұрады. Аяқтардың арасы алшақ ұсталады. 1.Алға қарай серіппелі түрде еңкею 2.Солға бұрылу. Екінші жаққа бұрылыс жасай, осылай істеу. | 6-8 рет | Аяқты бүкпеу керек. |
4 | БҚ қолдарын жоғары көтеріп ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады. 1.Сол аяқпен ілгері аттау, артқа шалқаю. 2.БҚ екінші аяқпен де осылай жасау. |
8-10 рет | Қолдарын жібермеуін қадағалау. |
5 | БҚ Қолдарын шынтақтан іліп алып, бір-біріне арқаларын беріп тұру. 1.Жартылай отыру. 2.БҚ келу. | 10-12 рет | Арқаларын түзу болу керек.
|
6 | БҚ серіктерінің иығына қолды салып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. 1.Сол аяқты алға-оңға қарай сілтеу. 2.БҚ келу. Екінші аяқпенда осылай жасау. | 10-12 рет | Аяқтарын түзу көтеруін қадағалау.
|
7 | БҚ табандарын тіреп, аяқтарын тізеден бүгіп, қолдарынан ұстасып, гимнастикалық төсеніште қарама-қарсы отыру. 1.Сол аяқты жоғары көтьеріп, созып ұстайды. 2.БҚ 3-4 Оң аяқпен де осылай жасау. | 6-8 рет | Аяқтарын түзу ұстауын қадағалау. |
8 | БҚ табандарын тіреп аяқтарын алшақ қойып бір-біріне қарама-қарсы отыру, оң қолдарымен ұстасады. 1.Біреуі алға еңкейсе, екіншісі шалқайды. 2.БҚ 3.Екінші жаққа еңкейіп шалқаю. 4.Бұл да сондай, бірақ сол қолмен ұстайды. | 6-8 рет | Аяқтарын түзу ұстауын қадағалау. |
9 | БҚ арқаларын бір-біріне беріп, аяқтарын тіке жазып отырады. Қолдарын көтеріп басынан ұстайды. 1.«А» алға еңкейеді. «Б» аяқтарын бүге, табанмен еденге тіреле «А»- ның иығына жатады. 2.БҚ 3.Қайталау.
| 6-8 рет | Бір жаққа құламай қолдарын басынан ұстауын қадағалау. |
ІІ Негізгі бөлім | 25 мин | ||
6 | Оқушыларды 1 сапқа тұрғызу. 1.Гимнастикалық скамейкадан секіру; 2.Гимнастикалық төсеніште алға домалау. 3.Ағаш аттан аттау 4.Гимнастикалық төсеніште артқа домалау. 5.Тепе-теңдік сақтап жүру. 6.Гимнастикалық қабырғада мініп-түсу. Жаттығуларын жасату. 7.Демді қалыпқа келтіру жаттығуларын жасатып 3 топқа бөлу. |
7 мин |
Оқушылардың тұрып қалмай, дұрыс жасауын қадағалау |
І топ Әртүрлі биіктіктегі арыста 1.Тартыла секіріп, аяқты ашып міну. 2.Шалқаю 3.Қолын арыстан ұстап жабдықтың үстінде отыру.
4.Қарлығаш жасау.
5.Бұрыш жасап
6.90о-қа айналып секіріп түсу, жаттығуларын жетілдіру. |
18 мин |
Жаттығуларды қауіпсіздік ережесін сақтап, сыныптасының, мұғалімнің көмегімен жасауын қадағалау. | |
ІІ топ Акробатикалық жаттығулар 1.Алға домалау 2.Көпір жасау. 3.Артқа домалау 4.Жауырынға тұру. 5.Аяқты басынан асыра жерге тигізіп, алқанын жерге қою. 6.Жарты шпагатқа келіп отыру жаттығуларын жетілдіру. | Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.
Сыныптасының көмегімен жасау. | ||
ІІІ топ Тепе-теңдік жаттығуларын 1.Қарлығаш жасау. 2. Қолды жайып, аяқтың ұшымен жүру. 3.Жартылай отырып, өкшені көтеріп бұрылу. 4.Тізені жоғары көтере жүру, жаттығуларын дамыта үйрету. Топтарды жаттығуларын бірнеше рет жасағаннан кейін орындарын алмастыру. | Сыныптасының көмегімен жасау. | ||
ІІІ Қорытынды бөлім | 5 мин | ||
7 | — Оқушыларды сапқа тұрғызып. — Сабақты қорытындылау. Мадақтау. — Бағалау. — Үйге тапсырма беру. “Акробатикалық жаттығулар’’
| Қателік жіберген оқушыларға ескертіп түзеу. Оқушылардың реттілікпен киініп, тыныштықпен шығуларын бақылау.
|