Дені саудың- жаны сау
Тақырыбы: Дені саудың- жаны сау
Мақсаты: Эстафеталық ойындарға деген оқушылардың қызығушылығын арттыру. Эстафетаны ұйымдастыра отырып, оқушыларды салауатты өмір салтына қалыптастыру, ойын дамыту, сауықтыру, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сайыстың жүру барысы: Сәлеметсіздер ме, оқушылар, қонақтар! «Тәні саудың- жаны сау, жаны саудың- дені сау» демекші, біз бүгін сіздермен бірге «Көңілді эстафета» сайысын бастаймыз.
Ал енді сайысқа қатысушы командаларды қарсы алайық.
(Музыка ойналады)
Эстафеталық сайыс 7 бөлімнен тұрады.
- -«Кім жылдам?»
- -«Кедергілерден өту»
- -«Кім епті?»
- « Шаяндар сайысы»
- «Өрмек жүгіріс»
- -«Өткелден өту»
- -«Кенгуру»
- «Кім жылдам?»
Ойыншы допты жерге ұрып, жалаушалардан айналып өтіп, келесі ойыншыға береді.
Жүргізуші: Денсаулық- ол шыныққан
Барлық дене мүшесі
Денсаулық- ол тыныққан
Жүйке тамыр мүшесі
- «Кедергілерден өту
Жүгіріп, төсеніштен аунап, берілген есепті шығарып,
Жалауды алып жүгіру.
Жүргізуші: Сымбат- мүсін дененің
Бітім- көркі дененің,— демекші, келесі сайыс «Кім епті?»
3«Кім епті?»
Допты ұстап жүгіріп, баскетбол торына тастау. Допты қағып алып, келесі ойыншыға беру.
- «Шаяндар сайысы»
Ойыншылар қолды жерге тіреп, артқа қарап жүреді.
- «Өрмек жүгіріс»
Түрлі- түсті төртбұрыштарды жинап алып, келесі ойыншыға береді. Ойыншы орнын ауыстырып алмай орнына қояды.
Жүргізуші: Сымбат жүру әдемі,
Дене қалпын тік ұстап,
Көтеріп сәл кеудені,
Иық жазып дұрыстап,- дегендей, келесі сайысқа көшеміз.
- «Өткелден өту»
Ойыншы келесі ойыншыны арқалап, өткелден өтеді.
7.«Кенгуру»
Допты екі аяқ арасына салып, секіріп, қайтадан жүгіріп келеді
Жүргізуші: Міне, бүгінгі біздің сайысымызда аяқталды. Командалар өздерінің күштерін, ептіліктерін көрсете білді. «Көңілді эстафеталар» сайысын қортындылау үшін сөз кезегін қазылар алқасына береміз.
Командаларды марапаттау.