Оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру

 

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру

 

  1. Ұлт болашағы бүгінгі оқушыларымыздың білімі мен біліктілігіне, саласы мен тәрбиелілігіне байланысты Халқымыз «Сана берсін !» деген тілекті тегін айтпаса керек. Ал ғұлама ғалым Әл-Фараби балаға ң алдымен тәрбие берілуі керек, онсыз берілген білім оның өміріне зиян келтіретіні туралы айтқан. Олай болса тәрбиелей отырып білім алуға мүмкіншілік туғызу, жағдай жасау негізгі міндет.
  2. Әр мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденімін, танымын қалыптастыру.

Оқушылырдың ойлау қабілеттерін математикалық тілде дұрыс сөйлей білу дағдыларын дамытуда геометрия пәнінің алатын орны ерекше. Геометрияны оқытуда оқушылардың логикалық қабілеттерін, танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру үшін ойын тәсілдері мен есептік тапсырмаларды қолданған орынды. Сабақта ойын элементтерін пайдалану олардың танымдық, логикалық дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Оқушылардың таным кезеңдерінің барлығында дербестік әрекет ұйымдастыру арқылы, жаңа материалды меңгеру кезеңінде табылады. Егер оқушылар сабаққа белсенді ой әрекетіне қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігіалдында тұрса, әртүрлі сұрақтарға жауаптарды өздігінен табуға ұмтылса, танымдық белсенділігін және дербестігін қалыптастыруға болады. Оқу құрылысын жүйелі талдау негізінде оқушылардың танымдық әрекетінде екі іс-әрекет тобын бөліп шығарады.

  1. оқушы мұғаліммен бірге араласып орындаған әрекет.
  2. оқушының дербестік әрекет элементтері болып табылатын.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпай, оқытудың процесін жүзеге асыру мүмкін емес. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетінің формаларының бірі-өзіндік жұмыс. Өзіндік жұмыс – оқушының ойлау қабілетін, ақыл-ой және іс-тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әрекеті. Оқушылардың белсенділігін арттыруда практикалық жұмыстың маңызы зор. 6 кл. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы тақырыбын өткен кезде, шәкірттерге жеке- жеке сыбайлас бұрыштардың сызбалары таратылады. Дайын сызба бойынша транспартирдің көмегімен сыбайлас бұрыштардың шамасы анықталып, ол сыбайлас бұрыштардың қосындысы жайындағы тұжырымды оқушылар оңай анықтайды. Математиканың сан алуан сырын сандар әлемінің қызық құбылысын, ойын элементтерінен өрнектеген сабақ қызықты әрі ұтымды. Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударылады. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту міндеттерін шешуге бағытталған бірқатар тәсілдер мен әдістер ішінде анықтамалық әдебиеттерді пайдалана білу машықтарын қалыптастырудың маңызы зор. Өмірде кездесетін математикалықшамалардың сандық мәндерімен танысады, таблицаларды оқи және түсіне білу, мұның барлығы олардың ой-өрісін кеңейтуге, кітаппен жұмыс істеуге дағдысын қалыптастыруға әкеледі. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетінің нәтижесі олардың білімді өз бетінше талдап және бір жүйеге келтіре алатын тапсырмаларды орындауы болып табылады. Математика сабақтарында ойындарды ұйымдастыру барыстында ең бастысы – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, өз беделімен қадір – қасиет іскерлік дағдысын дамытуға болады. Осылайша математика сабағында оқушылардың танымдық, іскерлік дағдыларын қалыптастыруға болады.