Математика сабақтарында мультимедиялық презентацияны қолдану арқылы оқушылардың біліктіліктерін қалыптастыру
Математика сабақтарында мультимедиялық презентацияны қолдану арқылы оқушылардың біліктіліктерін қалыптастыру
Жаңа технологиялар арқылы жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» білімді өз бетімен ала алатын және оны өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр. Осыған байланысты оқытудың қазіргі заманауи технологиясы ақпараттандыру технологиясын сабақта тиімді қолдану қажеттілігі туындап отыр.
Компьютер оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Оқытушыға оқушылардың әрқайсысының жұмыстарын бақылауға, басқа оқушыларға кедергі келтірмей үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге болады. Сабақтан тыс уақытта оқытушы компьютер жадына сақталған оқушылардың жұмыстарын саралап, талдау жасау арқылы олардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтауға, сол арқылы бағалай алады.
Математика пәнінің оқытушысы ретінде мен өз сабағымда компьютерді тиімді қолдануға тырысамын. Математика пәні – күрделі пәндердің бірі. Оны оқушы сабақта зейін қойып тыңдамаса, қызығушылығы болмаса, жақсы нәтижелерге қол жеткізу оңай емес. Қызығушылық болмаған жерде оқушылардың өзіндік ізденісі де төмендейтіні белгілі. Ал, ақпараттық технологиялар – баланың өз бетінше ізденіп, шешім қабылдауына көмектеседі, басқа қарапайым технологиялық оқу құралдарына қарағанда оқушыларға жоғары сапалы білім беріп қана қоймай, сонымен қатар, оқушылардың интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерін де дамытуға игі әсерін тигізеді.
Мультимедиалық презентацияны математика сабақтарында жиі қолдану сабақтың сапасын елеулі түрде арттыратыны сөзсіз. Мультимедиа мотивацияның, коммуникативті қабілеттерінің дамуына мүмкіндік береді, дағды қалыптастыруға, білім қорының толығуына, сондай-ақ ақпараттық сауаттылықтың дамуына мүмкіндік туғызады. Математика сабақтарында слайдтардың көмегімен мысалдарды, есептерді тақтада көрсетуге, ауызша есептеу тізбегін құрастыруға, математикалық сергіту сәттерін ұйымдастыруға, бақылау, тест жұмыстарын жазған кезде оқушының білімін тексеруге болады. Мұндай сабақ уақытында сыныптағы қарым-қатынас жақсарады. Тапсырманы оқушылар өз сөздерімен түсіндіріп, компьютер алдындағы қорқыныш жойылады, аса күрделі тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға тырысады. Практикалық тапсырмаларды орындағанда өзін-өзі бақылау қалыптасады.
Математика сабағында мультимедиалық презентацияларды сабақтың барлық кезеңдерінде: пән бойынша негізі білімді игеру, игерілген білімді жүйелеу, өзін-өзі бақылау дағдыларын құру, толық немесе нақты бір пәнге оқыту қабілетін құру, оқу материалындағы өзіндік жұмыста оқушыларға оқу-әдістемелік көмек көрсету кезінде қолдануға болады. Мультимедиалық презентация практика кезінде оқушыларға сабақ беруде бірден-бір көмекші құрал. Әдіскер ретінде математиканы оқыту әдістемесі сабақтарында студенттермен мультимедиалық презентацияның ерекшеліктерін, артықшылықтарын, қолдану кезінде кездескен қиыншылықтарды талқылаймыз. Осындай сабақтардың оқушыға әсері қандай? Нәтижесін анықтау үшін, маман ретінде шеберлігін арттыру мақсатында әр семестрде студенттердің арасында сараптамалық шығармашылық топ құрылып, рейтинг парақтары толтырылады. Онда мультимедиалық презентацияларды пайдаланып құрылған сабақ жоспарлары, білімді игеру деңгейі тексеріліп, жиналған балл бойынша болашақ маманның құзіреттілігі анықталады, қорытынды жасалады. Мультимедиалық презентациялар арқылы сабақ жоспарларын құрастырған кезде студенттер бірқатар төмендегідей:
- слайд жасағанда сөздер саны неғұрлым аз болу керек;
- тақырыбы нақты және үлкен шрифтпен жазылуы шарт;
- слайдқа анықтамалар, терминдер, сөздер жазылуы керек;
- Фон, сызықтар көзге кері әсер етпейтіндей болу керек;
- Бір слайдты көруге 2-3 мин. кем уақыт болмау керек, өйткені оқушылар назарын экранға аударып, түсіну керек;
- Слайдпен қатар жүріп отыратын дыбыс қатты, оқушыны шаршататындай болмау керек сияқты негізгі талаптарды есте сақтау жөнінде үнемі нұсқау алып отырады.
Әр сабақта компютерлік технология арқылы барынша толық жұмыс істеу оқытушыдан шеберлікті, іскерлікті, өте жоғары ұйымдастырушылықты қажет етеді.