Ж. Смақов. Айтшы, әжетай.
Әдебиеттік оқу -2 сынып
Уақыты | 19.01.2015 III тоқсан – 5 сабақ. |
Сыныбы | 2 «ә» |
Сабақтың тақырыбы | Ж. Смақов. Айтшы, әжетай. |
Сабақтың мақсаты: | Ж. Смақовтың «Айтшы, әжетай» өлеңімен таныстыру, мазмұнын меңгерту, мән- мағынасын ашу. |
Сілтеме | 2 сынып әдебиеттік оқу оқулығы |
Оқыту нәтижелері: | Оқушыларға туыстық қарым — қатынастар, туыстық атаулар мен мамандық түрлері жайлы мағлұмат бере отырып, көркем сөйлеу дағдыларын жетілдіру; Оқушылардың саналы түсініп, оқу қабілеттерін дамыту, туысқандарға деген мейірімділік қасиеттерін, әңгімелеу, еске сақтау, ойлау дағдыларын қалыптастыру; Үлкенді сыйлап, құрметтеуге, сыйластыққа, қайырымдылыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу. |
Әдіс-тәсілдері: | Психологиялық тренинг, топқа бөлу, деңгейлік тапсырма, миға шабуыл, эссе жазу, үнтаспадан тыңдату, галлереяны шарлау. |
Негізгі ресурстар: | Стикерлер, проектор, маркерлер, плакаттар, топтың аты жазылған қағаздар, |
Түйінді идея: | Сыни көз қарасын қалыптастыру. |
Қамтылған модульдер | Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер,білім беруде АКТ-ны пайдалану, білім берудегі басқару көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту. |
Сабақтың барысы:
Кезеңдері | Әдіс-тәсілдер | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Психологиялық тренингпен бастау. «Күн шуағы». | Қол ұстасып бәріміз, Жылылықты сезейік. Шуақ шашқан күндей боп, Күлімсіреп жүрейік. | ||
Топқа бөлу.
| 1 топ-Ізденімпаз 2 топ-Білімділер 3 топ-Еңбекқор 4 топ-Талаптылар Топ басшылары көк түс, ал мүшелері қызыл түс. | Топ ережесін еске түсіреді. Топ басшысын сайлап алады. | |
Үй тапсырмасы. Деңгейлік тапсырма. | Кім сурет салып келді, жұбына сурет бойынша әңгімелеп бер. Ал кім жоспар құрып келді, жоспар бойынша жұбына әңгімеле. -Сонымен қорытындылап жіберейік: Ертегінің негізгі ойы қандай? Дәптерлеріңді партаның шетіне жинап қойындар. | Оқушылар жұптарына әңгімелеп береді (сурет және жоспар бойынша)
— Үлкенді сыйлау. | |
І.Қызығушылықты ояту | Миға шабуыл
| Айым. Аружан. Ата шежіресін салу. Отбасы деген не? -Әр оқушы өз отбасының суретін әкеледі және де жұбына айтады. -Кімнің әңгімесі ұнады? Не себептен? -Қандай отбасы мүшелерін атап кеттіңдер? -Тағы қандай туыстық атауларды білесіңдер? -Ата –апаларыңның басқа балалары сендерге кім болады? Ағаның әйелі немесе жолдасы кім? Апайыңың күйеуі немесе жолдасы кім болады? Балалар, аналарыңның туысы сендерге нағашы болады? Ал сен оларға кім боласын? Кім біледі? Ендеше, балалар бүгінгі сабағымызда туыстық атаулар жайлы айтамыз. Тақырыбы: Ж.Смақов «Айтшы, әжетай». | Ойларын тыңдау.
— Топтан 1 оқушы шығады.
-Жеңге
-Жезде.
Жиен. |
ІІ.Мағынаны ашу | Оқулықпен жұмыс.
Сөздік жұмыс
| Мәди. Ж.Смақов жайлы мәлімет алып келіпті, соны тыңдайық. Қазір үнтаспадан өлең тыңдайсыңдар. Осы өлеңді дұрыстап тыңдап отырыңдар. Тыңдап отырып, не сезінгендеріңді топ ішінде айтасыңдар. (Оқып жатқан кезде, слайдта әр мамандықтың суреті шығып тұрады) -Қандай түсініксіз сөздерді кездестірдіңдер? — Не сезіндіңдер? — -Бір жылулық сезіңдіңдер ме? — Ал неге сондай жылулықты сезіңдіңдер? — Неге? Себебі? — Бұл өлең біздің туыстар жайлы. Іштей оқу (мазмұнын түсініп) Топ ішінде ақылдасып рөлге бөліп оқындар. -Кестені толтырыңдар. Бұл кестеде туыстық атауларына сәйкес келетін мамандық иесін табасыңдар. 1 топ – 2 топты бағалайды 3 топ — 4 топты бағалайды. | Мәдиді тыңдайды.
Өлеңді тыңдайды.
-Оқушылар жауап береді.
Ақтабан- Қаракөл кой – -Жылулық.
-Әр топтан 1 оқушы айтады.
Іштей оқиды. Топ ішінде ақылдасып рөлге бөліп оқиды. Кестені толтырады. |
Сергіту сәті Музыка ойналып тұрады. | Сергіту сәті. Қане үшбұрыш саламыз, төртбұрыш, шеңбер (дөңгелек), шаршы саламыз. Кімнің фигурасы жақсы сызылды? Неге солай шықты деп ойлайсыңдар? Өйткені, жұбыммен ақылдасып алдық. | Қаламды алып жұпта саусақтарымен тигізеді. Қалам саусақ ортасында болады. | |
ІІІ.Ой толғаныс. | Электронды оқулық. Эссе жазу.
Галлереяны шарлау. | 1.Мамандықтың бәрі жақсы. Осындай мамандық иесі болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар? Қараңдаршы топтарыңның аттарына қандай болуларын керек? 2.Соңғы 2 жолды тауып оқышы Аружан. 3.Сыныптан сұрау: Ал сендер кім боласыңдар? 4.Эссе жазу. Топта ақылдасып ең құнды пікірді автор мінбесіне шығып қорғайды. Уақыт қалса галлереяны шарлау әдісін ұйымдастыру. | Эссе жазады. Топта талқылайды, ең құнды пікірді ортаға салады.
-3-4 оқушы жауап береді.
-Еңбектену керек, дәл қазір сабақты жақсы оқуымыз керек.
Түрлі –түсті қағазға жазады.
-Қабырғаға эсселерін іледі, аралайды және өз пікірін қалдырады. |
Рефлексия | Айым, Аружанның шежіресіне іледі стикерлерін. Плакатқа стикерлерін іледі. Не үйрендіңдер? | Стикерге жазып іледі. | |
Бағалау | Өзін- өзі бағалау. Сабақ сендерге ұнаса, бәрін ұқтым десендер. Өз аттарынды тауып смайлик жапсырыңдар. | Өзін -өзі бағалайды. | |
Үйге тапсырма | Деңгейлік тапсырма | 1.Мәнерлеп оқу. 2.Кестені толтыру. 3.Өз ата- анаңның мамандығын сұрап келіңдер. Қорытынды сөз: Ата- асқар тау, Ана –бауырындағы бұлақ, Бала –жағасындағы құрақ. Өздерің ойлаңдаршы егер сендер жақсы араласатын болсаңдар туыстырыңмен сонда қалай болады? Адамның өміріндегі ең басты нәрсе туыстарымен тату болу. Кемшілігі болса, кешіре салу. Ендеше, туыстарыңмен тату болыңдар, сендердің отбасыларында үнемі той болсын! Бүгінгі сабағымыз сәтті өтті, мен сендерге ризамын. Қазір сендерді билеуге шақырамын.
| Мәнерлеп оқып, кестені толтырып, өз ата –аналарының мамандығын сұрап келеді.
-Көңілді, жақсы, тату. |