Физика сабағына оқу модулін даярлау.
Физика сабағына оқу модулін даярлау.
Бүгінгі ғылым мен техника дамыған ХХІ ғасырда жас ұрпақты дамыған, білімді,ізденгіш шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру үшін әр түрлі оқыту тәсілдерін үйренуге болады.Модуль деген не?
Модуль деген мазмұны жағынан бір –біріне жақын сәйкес келетін тақырыптар топтамасы. Бұл педагогикалық технология негізінде « қалпына келтіре қайталай оқыту » циклының идеясы жатыр.
Модульдік оқыту технологиясын меңгеру үшін ,алдымен оқу модулін даярлап алу керек.
Ол үшін мұғалім :
- Барлық оқу материалын пысықтап ,оны оқу бірліктеріне қарай тарауға немесе мазмұны жағынан жақын тақырыптарға бөлуі керек;
2.Оқытудың нақты нәтижелері тізбегін құру, яғни әр бір оқушы нені білуі, үйренуі, меңгеруі тиіс;
3.Модуль тақырыбын тұтас баяндаудың оңтайлы формасын ойластыруы керек;
- Тараудың негізгі ұғымдарын түйіндейтін тірек- сызба, тірек конспект құрастыруы керек;
- Оқушының білім,білік, дағдыларын тексеруге тестлер,диагностикалық тесеру және қортынды бақылау жұмыстарын әзірлеуі қажет болады.
- Білім , білік ,дағдыларды түзетуге арналған топтамалар дайындау керек.
Оқу циклі ретінде оқу модулі үш құрылымнан тұрады.
Кіріспе бөлімі | Модульге енгізіу(тақырыпқа енгізу ) |
Сөйлесу бөлімі | Оқушының танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру |
Қорытынды бөлім | Қорытынды бақылау |
Әр бір модульде сағат саны оқу бағдарламасы бойынша тарауға бөлінген сағат санына қарай әр түрлі болады.
Физика пәніне 8-12 сағаттан тұратын оқу модулі тиімді.
Оқу модулінің ерекшелігі – жалпы сағат санына қарамастан кіріспе бөліміне 1-2 сағат, қорытынды бөлімге 1-2 сағат, қалған сағаттар сөйлесу бөліміне беріледі.
Оқу мазмұнына «өсу» бағытымен қарапайымнан күрделіге, репродуктивті тапсырмалардан ,шығармашылық ізденіске, одан әрі зерттеушілік қызмет элементтеріне ұмтылады.Сонымен қатар оқушы оқу материалын қарапайымнан күрделіге,репродуктивті тапсырмалардан шығармашылық ізденіске қарай ұмтылуға,сонымен қатар оқушының оқу материалын қарапайым білім деңгейінен «білімді бағалау» деңгейіне дейін меңгеруіне мүмкіндік береді.
Кіріспе бөлімінде сабақ жалпылама лекция түрінде,тірек схема түрінде дайындалады.Бұл бөлімде мұғалімнің іс — әрекеті басым болады.
Сөйлесу бөлімінде сыныпты шағын топтарға 5-6 оқушыдан оқушылардың өз-ара әрекеті негізінде , түрлі ойын технологияларын «Қарлы кесек», «Мұғалім-оқушы», «Мән-мағына», «Домино» т.б. енгізе отырып құру көзделеді. Сөйлесу бөлімінде оқушының іс әрекеті басым болады. Мұғалім тек ынталандырушы, кеңесші және оқушылардың танымдық процесін ұйымдастырушы ролінде болады. Мұғалім:бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алып оның мақсатын,мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ модуль сабақтарын өткізудің формасын ойластыра отырып оқу модулін құрады. 10 сынып ,Қ.Г.Б. физика сабағы «Қозғалыс заңдары » тарауына құрылған модуль үлгісі:
Бөлім | Бөлінген сағат | Сабақ түрі мен мазмұны | Бөлінген уақыт |
Кіріспе | 1 сабақ | 1.Модульдің құрылысы,мақсаты мен міндеті 2.Сабақ дәріс-тірек сызба,тірек конспект арқылы тараудағы негізгі ұғымдарға тоқталу 3.Қорытынды,үйге тапсырма | 5 мин. 30 мин. 5мин.. |
Сөйлесу | 2сабақ | 1.Оқулықпен,электронды оқулықпен,дәптермен жұмыс. 2.Қорытынды-оқушы тірек конспектпен жұмыс жасайды. 3.қорытынды-үйге тапсырма. | 20 мин. 15 мин. 5 мин. |
3сабақ | 1. Оқу материалын меңгерту-еске түсіру 2. «.Мұғалім-оқушы» ойыны. 3.Қорытынды .үйге тапсырма. | 5 мин. 30 мин. 5 мин. | |
4сабақ | Білім- іскерлік дағдыларын дамыту. 1.«Мән- мағына »ойыны. 2.Домино ойыны. 3.Қорытынды.Үйге тапсырма. | 20мин. 15мин. 5мин. | |
5сабақ | Білім,іскерлік дағдыларын пысықтау. 1.Карточкамен жұмыс. 2.Даналық ағашы ойыны. 3.Қорытынды.Үйге тапсырма. | 15мин. 20мин. 5мин. | |
6сабақ | Білім,іскерлік дағдыларын қорыту,бекіту. 1.Шығармашылық жұмыстар қарастыру-сөзжұмбақ,ребус,анаграмма т.б. 2.Ойын-Брейн-ринг. 3.Қорытынды.Үйге тапсырма. | 15мин. 20мин. 5мин. | |
7сабақ | Білім,іскелік дағдыларын бекіту. 1.Зертханалық жұмыс- с ырғанау үйкеліс коэффицентін анықтау. Есептер шығару. 2.Қорытынды.Үйге тапсырма. | 15 мин.
20мин. 5мин. | |
қорытынды | 8сабақ | 1.Тест. 2.Бақылау жұмысы. 3.Қорытынды. |
Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері:
1.Электрондық оқулықта тараудағы негізгі ұғымдар қысқаша беріледі.Электрондық оқулық болмаған жағдайда «Тірек сызба», «Тірек конспект», «Сабақ-дәріс,лекция» түрінде даярлауы керек.
2.Модульдің кіріспе бөлімінде- тараудағы негізгі ұғымдар мен шамалар оқушыларға түгелдей ең кемінде екі рет баяндалады.
Интерактивті тақтамен жұмыс мүмкін болған жағдайда кіріспе бөлімге флипчарт жасалынса оны сабақтың кез-келген бөліміне пайдалануға болады.
Бекіту сұрақтары бойынша толық талдау жүргізіледі.
3.Келесі сабақтарда модульдің сөйлесу бөлімінде «Қалпына келтіре қайталап оқыту» негізгі ұғымдарды басқаша тұрғыдан,ұғымдардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата білуге,ішкі байланыстарын анықтай алуға,есеп шығарғанда формулаларды дұрыс қолдана білуге ,білімді өз бетінше іздене отырып, қосымша интерактивті материалдарды жинақтап,өздігінен пайымдаулар жасауға арналады.
Сөйлесу бөлімінде оқушыларға іздену үшін алдын ала тапсырмалар беріп қою керек. Сөзжұмбақ, ребус, анаграмма т.б. жұмыстарды да оқушылар өздері дайындауы керек.
Бұл бөлімде оқушылар өзін-өзі бағалауды және сабақтастарын бағалауды меңгереді.
4.Модульдің қорытынды бөлімінде негізгі материалдар жинақталып әр оқушы өзі үшін тірек сызба жасайды, тест алынады,физикалық диктант алуға болады.Соңынан тарау бойынша бақылау жұмысын алып модульді аяқтайды.Міндетті түрде қатемен жұмыс жүргізіледі.